Батыс Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:06, доклад

Описание работы

Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы. Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр. Облыс 12 ауданға және Орал қаласына бөлінеді. Облыс орталығы 1613 жылы негізі қаланған Орал қаласында орналасқан. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км. Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2010 жылдың басында 624 280 адамды құраған, соның ішінде, қала тұрғындары 282 911 және ауыл тұрғындары – 341 369 адам.

Работа содержит 1 файл

БКО.pptx

— 164.42 Кб (Скачать)

Батыс Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық  бағдарламасы

 

    • Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы.   
      Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр.  
      Облыс 12 ауданға және Орал қаласына бөлінеді. Облыс орталығы 1613 жылы негізі қаланған Орал қаласында орналасқан. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км.  
      Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2010 жылдың басында 624 280 адамды құраған, соның ішінде, қала тұрғындары   282 911 және ауыл тұрғындары – 341 369 адам. 

Аймақтың  экономикасы

 

 Батыс Қазақстан облысы республиканың аграрлық өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Облыс экономикасы негізін, үлес салмағы ВРП көлемінде 55,1% ға жететін өндірістік өндіруші құрайды.  
Нақты экономика секторындағы ең көп үлес салмағын кен өңдіру саласы   90% алып отыр, өңдеу саласының үлесіне 7,7% дан келеді, электрмен жабдықтау, газ беру, булы және ауа салқындатқыш – 1,9%, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, жиынды бақылау және қалдықты тарату – 0,4%.

 Азық түлік өнімдерін өндіру (33,5%), мұнай өнімдерін қайта өңдеу (25,9%), машина жасау (16,3%), металлургиялық өнеркәсіп (5,6%) облыстың өңдеу өндірісінің құрылымындағы ең көп үлес салмағын алып отыр.

 Облыстың ауыл шаруашылығы астық өндіру және мал шаруашылық өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен қатар майлы және жарма дақылдары өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының негізі салалары ірі қара және қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы қосымша болып табылады.

 

  
Мақсаттары  
 

 

 Өнеркәсіп кешенінің динамикалық дамуы, өнеркәсіптік өндірістің диверсификациялану және оның инновациялық бағытталуын күшейту негізінде қала экономикасының өсуі.

Демографиялық және көшіп-қонудың оңтайлы тенденцияларын сақтап қалу, еңбек нарығын, адами  капиталды дамыту, білікті мамандардың  болашағын толықырақ ескере отырып, халықты жұмыспен қамту құрылымын  өсіру.

 

Міндеттері

 

Қаланың экономикалық дамуы:

-Индустриалды-инновациялық  даму, кәсіпкерлікті қолдау арқылы  экономиканың дайын өнім секторының  бәсекелеске қабілеттілігін арттыру.

-Инновациялық  инфрақұрылымды дамыту, өндірістік-технологиялық  кластерлер ретінде инновациялық  циклді іске асыруға бағытталған  өнеркәсіптік ұйымдардың, ғылымның, шағын бизнестің арасында өзара  әрекет етудің жаңа формаларын  қалыптастыру;

 

Іске  асыру кезеңдері   

 

    • 1-кезең – аралық кезең (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – алғашқы кезеңдік және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру;
    • 2-кезең – соңғы кезең (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған шараларды жүзеге асыру және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму негіздерін қалыптастыру

Мақсаттық көрсеткіштер

 

    • 2009 жылғы 63200 млн. теңгемен салыстырғанда, 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 115685 млн. теңгені құрайды.  2015 жылы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі 71,8%-дан кем құрамайды (2009 жылы-67,1%).
    • Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 83034 млн.тенгеге дейін өседі (2009 жылы – 42450,3 млн. теңге).
    • 2015 жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі өсуі -   13,5 % (2010 жылы - 4.7%)

 

Қаржыландыру  көздері мен көлемі

 

    • Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаттары, несиелік қаражаттар
    • Қаржыландыру көлемі:
    • 2011 жыл –19346,4 млн. теңге
    • 2012 жыл – 23963,1 млн. теңге;
    • 2013 жыл – 22261,8 млн. теңге;
    • 2014 жыл – 18380,4 млн.теңге;
    • 2015 жыл – 15405,6 млн.теңге.
    •  
    • Барлығы: 99357,2 млн. теңге

Индустриалды-инновациялық дамуы 

 

    • БҚО- түрлі өнімдер өндірісін дамуға мүмкіндік беретін маңызды өнеркәсіптік болашаққа ие. Өнеркәсіптік салаға жататын кәсіпорындардың жалпы саны 194, және олардың ішінде 21 ірі және орташа  кәсіпорындарды құрайды.
    • 2005-2009 жылдары қаланың өнеркәсіптік өнімінің көлемі 2,5 есе өсті (24,8-ден 63,2 млрд. теңгеге). Талдау өнеркәсіптік өндірістің өсуі өнеркәсіптік өндірістің жалпы қалалық мөлшерінің 68,1 %-дық үлесіне ие өндеу өнеркәсібі кәсіпорнының іс-әрекеті негізінде қол жеткендігін көрсетеді.   
    • Өнеркәсіптік өндірістің қалған мөлшері электроэнергия, газ бен су өндіру мен тарату кәсіпорындарына тиесілі.

 

  


Информация о работе Батыс Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық бағдарламасы