Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты.

Работа содержит 1 файл

soj1.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

   1960 жж. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінен кейін ауылшаруашылық мамандарын даярлауды ұлғайту қажет еткендігі анықталды. Батыс – Қазақстан облысының бөлімдерінде жоғары білімі бар мамандар 40-45 пайыздан аспады, ал Батыс – Қазақстанның басқа облыстарында 25 пайызды құраған. Осы себепті Үкімет Орал қаласында Батыс – Қазақстан ауылшаруашылық институтын ашу туралы шешім қабылдаған. Институтты ашу жұмыстарын басқару жергілікті Атқару комитетінің төрағасы Е. Сәрсеновке жүктелген.

   1960-1970 жж. ауыл шаруашылығында еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастырудың жаңа кезеңі басталып, ауыл шаруашылық мамандарын даярлау мен оны дамыту мақсатында Астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ 1956 ж. құрылған. Бұл кәсіпорынның негізгі мақсаты Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру және сақтау, оларды құжаттау және ақпараттық мәліметтер қорын жасау, текті қорын ұйымдастыру және Солтүстік Қазақстанның агроландшафтының топырақ қорғау-мелиоративтік құрылымының ғылыми негізін әзірлеуге бағытталған.

   Сонымен қатар, 1957 ж. Қазақ орман шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты құрылған. Ол Қазақ орман шаруашылығы тәжірибе станциясы мен Қазақ КСР ҒА ботаника институтының орман бөлімінің негізінде құрылып БАШҒА қазақ бөлімшесіне бағынатын болған. 1959 ж. дейін институт Алматы қаласында болып, кейіннен Щучинскіге ауыстырылған. 1959 ж. 1964 ж. дейін Қазақстанның әртүрлі табиғат аймақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін – Алматы, Алтай, Батыс Қазақстан, Ертіс өңірі, Қостанай орман тәжірибе станцияларының жүйесі құрылған.

   1966 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қаз ССР балық шаруашылығы министрлігінің құзырына берілген. 1978 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде балық шаруашылығы қазақ ғылыми-өндірістік орталығы құрылып, Алматы қаласында орналастырылған.

   Сонымен қатар, 1962 жылы қазан айында Шымкент  мемлекеттік ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институты мен қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылған. 1974 жылы Орал облысы «Мамандандырылған бірлестіктер туралы үлгі ережелер» бойынша ауыл шаруашылық шығармашылығында өз қызметін бастаған.

   Республиканың Целиноград, Көкшетау, Жезқазған облыстарынан басқа, Торғай, Семей, Павлодар облыстарында ақбас сиырларын өсіру мен дамыту жұмыстарының аясы кеңейтілген. Өгіздер өсіретін 3 жаңа зауыт ашылған. Ет өнімін өндіруде тез өсетін мал тұқымдары есебінен арттырумен қоса, шошқа және қоян өсіру жұмыстары зерттеле бастаған.

   Қорыта  айтқанда, 1917 ж. аграрлық арнаулы орта білім беретін ауыл шаруашылық оқу орындары Қазақстанда едәуір дамып жетістіктерге жетті деп есептейміз. Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық салаларға байланысты аграрлық оқу орындарының саны аз болған жоқ. Осыған орай мал шаруашылық          пен ауыл шаруашылықты түрлі жолдармен дамытуды Қазақстанда ғылыми – зерттеу жұмыстарымен толықтырып, жетістіктерге жетіп отыр.

   «Аграрлық оқу орындарының қызметі» атты үшінші тарауда Қазақстандағы аграрлық оқу орындарының ашылуы, олардың жергілікті халықтың әлеуметтік – экономикасына тигізетін қызметі ұзақ жылдар аралығында даму үрдісі талқыланған. Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынылымдарды өндіріске енгізу және әзірлеу негізінде халықты азық-түлік тағамдармен қамтамасыз етуде аграрлық білім маңызды қызмет атқарады.

   Аграрлық  жоғары оқу орындарында оқытылатын энергетика, гидравлика, радиотехника, электротехника, телемеханика және кибернетика саласында кеңінен электрификация және ғылым мен техниканың соңғы табыстары негізінде еңбекті механикаландырудың жоғары дәрежесінде ғана мүмкін болады. 1980 ж. 14 қаңтарында  Шымкент қалалық және облыстық жергілікті басқарма Орталық Комитетке Шымкент қаласының табиғи климатты жермен айналысуға өте ыңғайлы, сондықтан бұл жерде Ауыл шаруашылық институтын ашуды ұйымдастыру жөнінде өтініш жолдаған. Орталық Комитеттен 1980 ж. 5 тамызында келген жауапта Қазақ ССР министрлер кеңесін, республиканың мемлекеттік жоспарлау және ауыл шаруашылық министрліктері Шымкент облысында Қазақ Ауылшаруашылық институтының филиалын ашуды құптағаны жөнінде айтылған [22].

   1980-1981 жж. жаңа оқу жылында ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудың сапасын арттыруда жүйелі басқарма кешені енгізілген, кейіннен бұл жүйе – жоғарғы оқу орындарының ішкі қадағалау басқармасы деп аталған.

   1983 ж. Қазақ ССР-ның азық – түлік өндірісі, сауда, даярлау, көкөніс шаруашылық министрліктеріне жоғары білімді мамандарды Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өндірістік технологиялық институтымен даярланған. Егіншілікті дамытудағы аграрлық білім беру жүйесі ауыл шаруашылығының барлық салаларын өркендетуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін шешуші маңызы бар – астық өндіруде атқаратын қызметі өте зор.

   Ауыл  шаруашылығы өндірісін тиімді мамандандыру дегеніміз – материал мен еңбек  ресурстарын үнемдеу, шаруашылықтың  даму қарқынын тездету, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің байлығын жасау үшін барлық резервтер мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану болып табылады. Ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарындағы «Орман, жер және су ресурстары» факультеті 1948 жылдан бері жұмыс жасайды. «Су ресурстары және суды пайдалану», «Орман шаруашылығы ісі», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтары бойынша табиғат байлықтарын игеру мамандары даярланады [23, 3-б.].

   Мал шаруашылығы технологиясы факультетінде  «Зоотехния-биология», «Аңшылық және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», «Биотехнология», «Азық-түлік тағамдары технологиясы», «Стандарттау», «Метрология және сертификаттау» мамандары даярланады.

   Барлық  ауыл шаруашылық оқу орындары мен  арнайы курстары мемлекет тарапынан  қаржыландырылып, Өлкелік Ағарту ісі  комиссариатымен қадағаланған. Ауыл шаруашылық оқу орындары мен арнайы курстар өткізу Халық ағарту комиссариатының уәкілдерімен қадағаланған. Орта ауыл шаруашылық оқу орындары ауыл шаруашылығындағы инструктор мамандарын, ауыл шаруашылық жетекшілерін, коммуна және т.б. мамандарды даярлады.

   Қазақ ССР жоғары және арнаулы орта білім  министрлігімен 1983 ж. 25 наурызда 1977 ж. 13 қазанда Министрлер кеңесімен және Қазақстан Орталық компартиясының қабылдаған «О дальнейшем совершенствовании системы повышения квалификации руководящих работников и специалистов народного хозяйства» қаулысы негізінде республикада жүргізілген жұмыстардың барысы тексерілген. Аталған кезеңде халық шаруашылығындағы басқарма қызметкерлері мен мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарымен 172 оқу орындары жұмыс жасаған. Онда 24 институт, 8 салалық институт филиалдары, 21 факультет, 88 курстық оқулар мен 31 мектеп болған. Оның 92 оқу орындары өндіріс саласының кәсіби мамандарын даярлаған. Республикада белгілі бір орта техникалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курс желілерінің тізбегі қалыптасқанымен, тікелей республика басқаруында аграрлық басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған институттар мен факультеттер болмаған. Қазақ ССР ет және сүт өнеркәсіп министрлігінде басқару орындарының ммандардың біліктілігін арттыру Кеңес Одағының ет және сүт өнеркәсіп министрлігі мен республикалық курстық оқу комбинатында жүзеге асырылған. Орман шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері 1977 ж. Орталық Комитеттің қаулысын орындауда 1980 ж. Орман шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен Қазақ орман шаруашылығы және аграрлық орман мелиорациялық ғылыми-зерттеу институтының филиалын Көкшетау облысының Щучинск қаласында ашылған.

   Қазақ Жер ғылыми-зерттеу институты, картоп және көкөніс шаруашлықтары, ВАСХНИЛ-дің шығыс бөліміндегі көкөніс және жүзім шаруашылықтары 1986 ж. ашылған және ол Қазақ ауылшаруашылық биотехнология орталығының құзырына берілген. Бұл ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми іздену жұмыстарының негізгі бағыттары «Индентификация – 90» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Ауыл шаруашылығы» бөліміне енгізілген.

   Мал тұқымдарын асылдандыру базалары ретінде  мемлекеттік асыл тұқымды мал  заводтары, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары, мемлекеттік  мал тұқымын асылдандыру станциялары (Госплемстанция) құрылған.

   Қазақстанның  аграрлық жағдайын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру  ғылыми-өндірістік орталығы» кәсіпорны  Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру  және электрлендіру ғылыми-зерттеу  институты, Целинный ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылған.

   Қостанай  жылқы зауытында жүргізілген  ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде Қостанай мініс-жегіс аты шығарылған. Ол Қазақстанның барлық облыстарында, Орал мен Сібірдің оңтүстігінде жақсы таралған.

   Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы өз қызметінің әр түрлі кезеңдерінде облыстық, аймақтық, сұрыптау стансасының қызметін атқарады.

   «Егіншілік  пен өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақ егіншілік институты  негізінде құрылып, қазіргі кезде  оның екі мемлекеттік кәсіпорны  бар. Олар «Өсімдік қорғау ҒЗИ және Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық ҒЗИ» және екі бөлімше (картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ және Талдықорған бөлімшесі) кіреді. «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны азық өндіру және жайылым, мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы ҒЗИ, ветеринарлық институт, мал шаруашылық және ветеринария Солтүстік ҒЗИ, И. Скрябин атындағы Жамбыл ҒЗ ветеринарлық стансасы, Қостанай ҒЗ ветеринарлық стансасы, Оңтүстік-Қазақстан ҒЗ ветеринарлық стансаларын қосу арқылы ұйымдастырылған.

   Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Астана және Алматы қалаларының жанынан аграрлық саланың ғылыми-өндірістік кластерлерін, өндірістік-тәжірибелік және бизнес инфрақұрылымын дамытумен байланысты агроқалашықтарды құру және дамыту көзделген [24]. «ҚазАгроИнновацияға» ғылыми-зерттеу тәжірибелік ұйымдарды, аграрлық білім беру ордаларын, болашақта отандық агроқалашықтарды басқару компаниясы қызметтері жүктелген.

   1990 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен аграрлық  зерттеулердің тиімділігін және азық-түлік мәселесін шешудегі ғылымның үлесін арттыру үшін Қазақстанның аграрлық – ғалымдарының ғасырлық дәстүрінің жалғастырушысы болған және ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибе – экспериментальды шаруашылықтарды, зауыттарды, конструкторлық бюроларды, тәжірибе стансаларының кең жүйесін біріктіретін, қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясы қайта қалпына келтірілген.

   Шекара  арқылы өтетін өзендер жер – су ресурстарын пайдалануды оңтайлау және өзен ағынын моделдеу жұмыстары  жасалған. Табиғат шаруашылық кешенінің экологиялық тұрақтылық бағалау көрсеткіші алынды. Суарылатын жүелерде маргиналды, жер асты және жер үсті суларын тиімді пайдалану технологиясы зерттелді.

   Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми – зерттеу институтының кіші фермалық жағдайында бағалаудың жоғары стандартына сай келетін, өнімділік деңгейлі ірі ақ тұқымды шошқалар отары жасалған.

   Қорыта  келгенде 1917-1991 жж. колхоз, совхоз және басқа агрокәсіптік кешенді кәсіпорындар құрылып, мамандарға сураныс артты. Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы ауыл шаруашылық, техникумдарда аграрлық мамандарды даярлау мәселесі мен олардың қоғамдық өндірісті дамытудағы рөлінің артуы. Ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлаудыжақсартуды талап еткен мемлекеттің, қоғамдық – саяси ұйымдарын ғылыми –техникалық және білімдермен қаруланған, озық ойлы уйымдастыру қабілеті бар, қойылған міндеттерді мемлекеттік турғыдан шеше алатын мамандар даярлады. Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру және өркендету бағытындағы аграрлық білім өз шегіне жетті. Өндіріс салаларын интенсивтендіру және мамандандыру материалдық базаларды нығайту, экономикалық жағынан басшылықты жақсарту мен қатар ауыл шаруашылықты жоспарлы түрде дамыту болып табылады.

   Қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, жасалынған ой-тұжырымдары нақтыланады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар іске асырылды. Ең бастысы, халық ағартудың біртұтас жүйесі құрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Ол үшін барлық жастағы жұртшылықты қамтыған сауатсыздықты жою курстары, кешкі мектептер ашылып, өз бетімен білім алу үйірмелері құрылды. Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда белсенді ауыл шаруашылық мамандарын даярлау болып табылған.

   1918-1928 жж. орта арнаулы білім беретін  аграрлық техникумдардың қалыптасуы  мен даму мәселесін зерттеудегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмыс, мәселеге қатысты мұрағаттардағы құжаттарды жарыққа шығару, оларға ғылыми баға беру, оны ұлттық санасы оянып, ұлттық намысы қозып келе жатқан халқымыздың рухани қажетіне жарату – төл тарихымыздың алдында тұрған асқарлы міндет.

Информация о работе Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы