Ақша теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 06:57, задача

Описание работы

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Содержание

Кiрiспе .........................................................................................……………........3
1.Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………........4
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.......................6
3.Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………......13
Қорытынды ....................................................................................……………..15
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….16

Работа содержит 1 файл

акша теориясы.DOC

— 127.50 Кб (Скачать)

     Әрбiр  тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi.  Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды.  Демек , қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн.  Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады.  Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын.  Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .

     Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы  ақша массасын реттегiш ролiн атқармайды.  Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады.  Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1-шi қаңтарда ҚР-сы Ұлттық Банкiсiндегi монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн. теңге құрады. 

     Несиелiк  және қағаз ақшалар қазына жинау  құралы қызметiн атқара алмайды,  себебi олардың меншiктi құны жоқ.  Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.

     Ақша  айналыс саласынан уақытша шығып  қалғаннан кейiн олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып,  олар кез-келген уақытта айналысқа  төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады.  Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.

     Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада  жүредi:

  • кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
  • банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

     Несиелiк  механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн  қарыздар түрiнде қайтадан айналыс  процесiне түседi.  Сөйтiп, ақшалар бұл қызметiнде ұлттық табыстың қалыптасу , бөлу және қайта бөлу процесiне дәнекер болады.

     Дүниежүзiлiк  ақша қызметi.   Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,  дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады.  Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

     Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел  валютасы) атқарады.  1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.

     Егер  де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң  айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн  шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” , яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. 

     Бiрақ  алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдынғы  елдердiң ұлттық валюталары қызмет етедi. 1913 ж. Халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi.

     Бреттон – Вудстағы (1944 ж)  мемлекетаралық келiсiмге келу,  доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi.  Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары:  СДР – арнайы қарыз алу құқығы;  ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi  пайда болды.  Ал 1999 ж.  1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

     Демек,  дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк  ақшаға өту жолын кеш те болса  қайталауда.

     Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк  ақшалардың жобалары жасалуда, бiрақ  одан әлi нәтиже жоқ.  Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,  ЭКЮ)  өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. 

    3. Ақша айналысының сипаттамасы. 

     Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

     Ақша  белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен  қамтамасыз етiлсе,  қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс  құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

     Мұндай  жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

     Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы  және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде  қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

     Ақша  айналысының объективтi негiзi –  тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

     Бiрақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен  жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

     Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

     Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының  соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып  алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

     Ақша  айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану  аясын азайту болып келедi. Бұл  мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.

     Банк  жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын  өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол  ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

     Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр.  АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

     Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан  оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында  қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

     Сонымен,  бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi.  Сондай-ақ:

  • өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
  • ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл,  қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
 
 
 
 
 

     Қорытынды. 

     Жоғарыда  атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.

     Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз  жеттi.  Оның бес қызметiнiң өзiнен  ақшаның қайталанбас ерекше тауар  екендiгi көрiнiп тұр.  Кез –  келген тауар айналысында ақша айырбас  құралы болып табылады.  Тауар  және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

     Қорыта  келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi. Жалпыға  бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бейiм  .

     Сондай  – ақ ақшаның тағы да бiр басты  қасиетi оның өтiмдiлiгiнде.  Ақшаны кез - келген тауарға айырбастауға болады.  Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

     Экономикалық  категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.  Олар:

  • Жалпыға тiкелей айырбасталу;
  • Айырбас құнның жеке формасы;
  • Еңбектiң сыртқы заттың өлшемi;

     Сондай  – ақ ақшаның жалпы құрылымы ,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен  қатар бiрге дамып,  жан – жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.

     Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын  және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар  тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пайдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.

     Елiмiзде  ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық экономикада  ашық айналысқа шығып,  елiмiзде  жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер. 

  1. Ғ.С. Сейiтқасымов, “Ақша,  несие,  банктер”,  Алматы , 2001, - 466 бет.
  2. С.Б. Мақыш, “Ақша айналысы және несие” Алматы, Қазақ университетi, 2000ж.
  3. О.И Ловрушина, “ Деньги,  кредит,  банки ”,  Изд. 2-е,  - Москва, 1999г.
  4. Абрамова М.А,   Александрова Л.С,   “ Финансы,  денежные обращение и кредит ”,  Москва , 1996г.
  5. Баян Көшенова , “Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары ”, Алматы, 2000ж.
  6. Бункина М.К,  “ Деньги,  банки,  валюта ”,  Москва, 1994 – 173 с
  7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы , 12.11.1993.
  8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның заңы,    13.12.1996.
  9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы,     24.12.1996.

    10. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича, “Экономическая теория ”, Саннк-Петербург 2001.

    11. Аубакиров Я.А , Байжұманов Б.Б, “Экономикалық теория ”,   Алматы, 2000ж. 
     
     
     
     

         
 
 
 
 
 

Информация о работе Ақша теориясы