Ақша теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 06:57, задача

Описание работы

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Содержание

Кiрiспе .........................................................................................……………........3
1.Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………........4
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.......................6
3.Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………......13
Қорытынды ....................................................................................……………..15
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….16

Работа содержит 1 файл

акша теориясы.DOC

— 127.50 Кб (Скачать)

      Ресей  XIX ғасырдың  20 – жылдарында  алтын  өндiруден  бiрiншi  орында  болды .  Өткен   ғасырдың  40-  жылдарында  оның  дүниежүзiлiк     алтын өндiрiсiндегi  үлесi  40 % - құрады .

          Алтын  өндiру  қиын  және  капиталды  көп  қажет   етедi  . Қазақстанда   160  алтын   кен орындары  бар .  Соның  iшiнде  60 – сы жұмыс  iстеп   тұр    және  олардың  жылдық  өнiмi  1994  жылы 25  тонна  алтынды  құрады .

          Алтын тек  қана  алтын   валюта  резервтерiдi  ғана  құрамайды  ,  сонымен  бiрге  электронды  – есептеуiш   және  компьютерлiк  техникалды , түнгi   механикалық   аспаптарды ,  синтетикалық  талшықтарды  жасау үшiн  де қолданылыда .

          Ақша -  өндiру  мен бөлу   процестерiнде  адамдар  арасындағы  белгiлi бiр  эканомикалық   қарым – қатынастарды  көрсететiн  ,  тарихи  даму  үстiндегi   эканомикалық  категория  болып   табылады .  Эканомикалық  категория   ретiнде ақшаның  мәнi  оның  үш  қасиетiнiң  бiрiгуiмен   көрiнiс  табады .

  • жалпыға  тiкелей  айырбастау ;
  • айырбас құнының дербес  формасы ;
  • еңбектiң сыртқы   заттық  өлшемi .

          Жалпыңа  тiкелей   айырбасталу   формасында  ақшаны  пайдалану  кез – келген  материалдық   құндылықтарға  ақшаны  айырбастау   мүмкiншiлiгiнiң  бар  екендiгiн   көретедi . Социализм    жағдайында бұл мүмкiндiк   елеулi   қысқарды  және  тек қоғамдық  жиынтық  өнiмдi  пайдалану   және  бөлумен  ғана  шектелдi . Кәсiпорындар,   жер , орман , жер асты  байлықтары   сатылмады және  сатып   алынбады . Қазiргi кезде жекешелендiру   процесстерiнiң жүруiмен байланысты ,  жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны  пайдаланудың  көлемi  едәуiр  кеңейдi .

     Ақшаның  айырбас құнының  дербес  формасы   ретiнде пайдалану тауарларды  тiкелей өткiзумен байланысты емес .  Ақшаны  бұл формада қолдану жағдайлары ,  олар  несие беру ,бюджеттiң кiрiстерiн   қарыздық  берешектердi  өтеу ,  мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң  қарыздық  берешектердi  өтеу , мемлекттiк  бюджеттiң  кiрiстерiн  қалыптастыру ,  өндiрiстiк және өндiрiстiк  емес  шығындарды  қаржыландыру . Ұлттық банктер  несиелiк ресурстарды басқа  банктерге   сатуы  және  т.б

     Еңбектiң  сытрқы  заттық өлшемi   тауарды өндiруге  жұмсалған еңбектiң , олардың ақша көмегiмен өлшену  мүмкiн құнын анықтау арқылы  көрiнедi .

     Ғалым – эканомистердiң   алтынның  ақшалай    тауар ретiнде  ролi  туралы   әр  түрлi  көзқарас  бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып,  ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк.  Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi.  Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер.  Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы,  ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

     Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi. 
 
 

    Ақша  қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы.

     Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста  процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң  өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының  белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атғарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.

     Ақша  құн өлшемi ретiнде.  Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi,  бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады.  Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады.  Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес,  осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

     Ақша  құн өлшемi қызметiн идеалды,  оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.

     Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол  ақшаның болуы қажет емес,  себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады.  Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

     Ақша  түрiндегi көрiнетiн тауардың құны , оның бағасы болып табылады. Толық құнды  ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ.  Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарлар  санын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

     Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi.  Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi.  Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi.  Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды.  Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.

     Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар.  Құн өлшемi – мемлкетке  тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады.  Ол құн  заңымен анықталады.  Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын  көрсету үшiн қызмет етедi.

     Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен  алтынның тройск фунциясына (31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.

     Арнайы  баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының  арасы ашық болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.

     Ямайка  валюта реформасының (1976-1978) нәтижесiнде  арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалды.

     Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей  айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына  емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi,  өйткенi өзiнiң құны жоқ.

     Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.

     Ақшаның айналыс құралы.  Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

     Тауарлар  бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып , өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.

     Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн  атқарады, ал бұл кездегi сатып алу  және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен  кеңiстiгi бойынша сай келмейдi.  Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн , басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

     Өзiнiң  құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.

     Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен  мемлекеттiк,  оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Одан фирмалар мен корпорациялардың және тағы басқа қолма – қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.

     Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң  ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.

     Бiрақ  бұл , несие және қағаз ақшалар  ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес.  Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында  жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.

     Ақша  айналыс құралы қызметiн атқаратын  болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде,  яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады.  Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан,  ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

     Егер  ақшаның айналыстағы масасы тауар  массасынан көп болса , одан бұл олардың  құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

     Ақша  төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша  қозғалысы мiндеттi  түрде  тауар  қозғаласымен  бiр уақытта  тоғысуы   тиiс  емес . Ақша  құнның  еркiн  формасында   көрiнедi . Олар  өтiзуi  процесiн еркiн аяқтайды.  Ақшаның   қозғалысы  тауар  қозғалысынан  ерте  немесе  кеш жүруi мүмкiн .

     Егер  тауар  мен ақшаның қарама -  қарсы қозғалысы болмаса, яғни  тауар төлем ақы түскенге  дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса ,  онда бұл жағдайда  ақшалар төлем құралы  қызметiн атқарады.

     Ақшалар  төлем  құралы  ретiнде тек қана тауар  айналысына  ғана  емес ,  сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет  етедi . Барлық  ақшалай төлемдердi  төмендегiдей етiп топтатуға болады :

  • Тауарларды және  қызметтердi  төлеуге  байланысты  мiндеттемелер ;
  • Еңбек  ақы  төлеуге  байланысты  мiндеттемелер ;
  • Мемлекетке  қатысты  қаржылық  мiндеттемелер;
  • Банктiк  қарыз, мемлекеттiк  және  тұтыну несиесi  бойынша борыштық  мiндеттеме;
  • Сақтандыру мiндеттемелерi ;
  • әкiмшiлiк  -  сот  сипатындағы  мiндеттемелер  және  басқалары .

          Ақша  төлем  құралы  ретiнде  айналыс  құралынан  өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды.  Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады.  Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына , борыштық   мiндеттеменi жазып ұсынады.  Бұл борыш өтелгенкезде , ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

     Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады. 

     Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен  айырмашылығы болғанымен ол оларменберiк  байланысты екенi анық.  Ақшаның төлем  құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы  резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.

     Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына  байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң  неғұрлым толық көрiнiсiн тапты.  Егер тауарлар несиеге сатылса , одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады.  Өзара өтелетiн төлемдер сомасы айналыс үшiн ақшаның санын азайтады.  Егер қандай да бiр бөлiмде борыштық мiндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтiн болса, онда бұл өзiмен бiрге басқа да төлемсiздiк тiзбесiн тудырады ( қарыз бойынша мерзiмi өткен берешек, бюджеттi төлемдер,  жалақы бойынша және т.б.).

     Ақша  – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде.  Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi.  Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т айырылуымен байланысты.

     Капиталистiк  қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн  байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi.  Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ,  себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады.  Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.

Информация о работе Ақша теориясы