Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:50, дипломная работа
Жоңғар Алатауы мемлекеттік табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелеріне жатады, ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жоңғар Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жоңғар Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жоңғар Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жоңғар Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ
1.1 Республикамызда ерекше қорғауға алынған аумақтары…………………..6
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары……………………10
1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы……………………...16
1.3.1Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы…………………………………………………………………………….16
1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы …………………..19
2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ
2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер…………………24
2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы..…..…………………………......24
2.1.2 Атмосфкралық ауаны ластаушы көздер…….……………………………31
2.1.3 Ластанған ауаның зиянды әсері……………..…………………..………..28
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары…………………………………………………………………………..36
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері……………………………………………..36
2.2.2 Судың химиялық қасиеттері………………………………………………39
2.2.3 Ауыр металдардың химиялық және физикалық қасиеттері…………….42
2.2.4 Судың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері…….47
2.3 Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері………………………………………...50
2.3.1 Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері……………………………..50
2.3.2 Топырақтың химиялық қасиеттері……………………………………….57
2.3.3 Топырақтың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері әсері ………………………………………………………………………………68
3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар…………………………………………………..70
3.2 Тәжірибе барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістемесі…………………………………………………………………………81
3.3 Алынған нәтижелер және оларды талдау …………………………………96
3.4 Қорытындылар мен ұсыныстар……………………………………………..97
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………
Құмнан өткен сүзінді әлсіз боялған болады. Себебі, құмда коллоидты бөлшектер болмағандықтан, боялған су түсін өзгертпей өтеді. Ал топырақта аоллиодтық бөлшектер көп болғандықтан, боялған су өткенде метилен көгінің немесе сияның молекулаларын адсорбциялап, сүзінді мөлдір түсті болып шығады.
Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
Жабдықтар мен заттар. Қара топырақ немесе жоңышқалық, бақшалық топырақтар үлгілері, воронкалар, дәке, дистиленген су, 5%-тік калий хлориді ерітіндісі, 4%-тік қымыздық қышқылды аммоний (аммоний оксалаты (NH4)2C2O4).
Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
Жабдықтар мен заттар. 250 мл колба, 5%-тік қышқыл фосфор қышқылды калийдің K2HPO4 немесе натрийдің Na2HPO4 (тиісінше калийдің немесе натрийдің гидрофосфаттары) ерітіндісі, жырту қабатынан (0-30) алынған ауа-құрғақ топырақ үлгілері, волонкалар, сүзгі қағаз, фосфор табақшалар, су моншасы, техникалық таразы (гирлерімен), эксикатор.
Әр қарай есептеуді былай жүргізеді: 5%-тік натрий гидрофосфатынан топырақ ешқандай зат сіңірмесе, онда буландырудан кейін 2,5 г құрғақ зат қалуы керек еді. Бірақ, сүзіндісі бар табақшаның буландруға дейінгі және буландырудан кейінгі массасының айрмасы 1,75 г құрғақ зат болды, яғни 0,75 г зат топыраққа сіңген екен.
Тиісінше 100 мл ерітіндіден топырақ 1,5 г құрғақ зат сіңіреді (30 млх 2=100 мл). 100 мл 5%-тік натрий гидрофсфатында 5 г құрғақ зат болатындықтан және оның 1,5 г топыраққа химиялық сіңіргендіктен, топырақтың химиялық сіңіру қабілетінің көрсеткіші (1,5x100:5) 30%-ке тең болады.
Дисперсті ұсақ бөлшектері көп саз, сазды топырақтарда гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтардан гөрі химиялық сіңіру көрсеткіші жоғары болады.
Гранулометриялық құрамы ауыр топырақпен тәжірибе қоюды төмендегіше жүргізу керек.
2.3.3 Топырақтың
ауыр метелдармен ластану
Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрлыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрлыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б. «индустриялық далалар» пайда болады.
«Индустриялық далалардың» топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек, күкірт, молибден, мыс, кадмий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темір, итан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.
Айта кететін бір жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нәтижесінде де жүреді.
Топырақтың (сол сияқты ауа мен судың да) едәуір ластаушы көздер – мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көп дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400-500 мың халқы бар үлген өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.
Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.
Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.
Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділерімен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестеріне әсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді.
Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады, олардың топырақ ерітіндісіне шығып қалуына жағдай жасайды.
Ауыр металдардың адам
Элементтер |
Әсер етуінің зардаптары |
Ластаушы көздер |
Сынап (Hg) |
Жүйке жүйесіне, ас қорыту органдарының, бүйректің қызметіне әсер етеді, хромосомдарда өзгерістер туғызады |
Ластанған су мен топырақ |
Мышьяк (As) |
Терінің рак ауруларын, интоксикация туғызады, жүйке жүйесіне әсер етеді |
Ластанған топырақ пен зақымданған дәнді дақылдар |
Қорғасын (Pb) |
Сүйек тканьдерін бұзады, қанда протеиннің синтезделуін нашарлатады, жүйке жүйесі мен бүйректің қызыметіне әсер етеді |
Ластанған топырақ, жер бетілік, жер астылық сулар |
Мыс (Cu) |
Тканьдерде органикалық |
Ластанған топырақ, жер бетілік, жер астылық сулар |
Кадмий (Cd) |
Бауырдың циррозын туғызады, бүйректің қызыметін бұзады, протеинурия пайда болады |
Ластанған топырақ |
3 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, АЛҒАН НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар
Топырақтағы мысты анықтау
Топырақта мыстың мөлшері шамамен
15-20 мг/кг болып кездеседі. Мыс және
оның қосылыстары топырақтағы
Мыс және оның қосылыстары қоршаған
ортаға түсті металургия өндірісі,
транспорт, тыңайтқыштар мен пестицидтер
арқылы, көміртекті отындардың жануы,
металлдарды балқыту мен
Мыс және оның қосылыстарын анықтаудың
ең кең таралған әдісі қорғасын диэтилдитиокарбонат
арқылы экстракциялау әдісі болып
табылады. Мысты анықтау
Реакция сілтілік ортада жүреді, бұндай
жағдайда мыспен тұнбаға түсетін
бірнеше элементтер гидроксиді түзілуі
мүмкін, сондықтан анализде хлорлы
көміртектегі қорғасынның
Реактивтер мен құрал – жабдықтар:
Жұмыстың барысы: Бөлгіш воронкаға 10-25 мл топырақ вытяжкасын құйып, 5 мл 5℅ лимон қышқылды құяды да фенолфталейн арқылы алқызыл түске дейін сұйытылған аммиакпен нитралдайды. Одан соң воронкаға бюреткадан 15 мл төртхлорлы көміртегі қорғасын диэтилдитиокарбоматын құйып,2 мин шайқаймыз. Фазаларға бөлінген соң қоңыр түсті СС14 төменгі қабатын тығынды пробиркаға немесе фотокалориметрдің 2 см-лік кюветасына фильтрлейді. Фильтраттың оптикалық тығыздығы 436 нм-де (көк түсті светофильтрде)анықтайды.
Стандартты ерітінділердің шкаласында осы әдіспен дайындайды. Үлгідегі мыстың мөлшерін калибрлік график арқылы анықтап, одан тәжірибедегі бос үлгінің мөлшерін алып тастайды. Мыстың мөлшерін төмендегі формула бойынша есептейді: