Жұмыссыздықпен күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 21:57, реферат

Описание работы

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
1.1. Жұмыссыздықпен күрес
1.2. Жұмысқа орналастыру іс-шаралары
1.3. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері.
ІІ-тарау. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002
жылдарға арналған бағдарлама
2.1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.2. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау
2.3. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздықпен курес шаралары.doc

— 123.00 Кб (Скачать)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ-тарау. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес

    жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама 

2.1. Бағдарламаның  мақсаты мен міндеттері 

     Жұмыспен  қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру  және негiзiнен 
еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы 
неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен 
кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету. 
Бағдарлама Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек 
қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi.

     Экономиканың  өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа 
жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең 
алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу; экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу. Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету 
процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық 
деңгейiн төмендету. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету Кедейлiк деңгейiндегi аймақтық айырмашылықтарды ескере отырып, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмекке мемлекеттiк бюджеттен 2002 жылы - IЖӨ-нiң 1 % мөлшерiнде қаражат бөлу көзделуде. Сонымен қатар, Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету донор-елдер бөлетiн техникалық гранттар, ерiктi қайырымдылықтар арқылы да жүзеге асырылатын болады. Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады.

2.2. Жұмыссыздық  деңгейiн бағалау

     Қазақстанның  нарыққа көшуi жұмыс iстеуге қабiлеттi адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетiп жiбердi. Жұмыссыздық көбейiп кеттi. Жұмыс күшiнiң көлеңкелi рыногы дамыды. Ресми түрде тiркелген жұмыссыздықтың деңгейi немесе жұмыс iздеп жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтардың үлесi экономикалық белсендi халықтың 4,4 %-ын құрайды. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады. Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады. Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мынадай қызметтердi көрсетедi:

    1) азаматтарды  жұмысқа орналастырудың мүмкiндiктерi туралы және осы немесе басқа  бiр жұмысқа орналасқысы келген  адамдарға қойылатын талаптар  жөнiнде хабардар етедi;

    2) жалпы бiлiм  беру мекемелерiнiң түлектерi мен  әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж  азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;

    3) жұмыс iздеуде  қиындық көрiп жүрген азаматтарға  консультация бередi; 
    4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; 
    5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады; 
    6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн 
    ұйымдастыруға жәрдемдеседi; 
    7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттiк 
    тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желiсi арқылы анықтайды; 
    8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа 
    орналастыруға жәрдемдеседi.
     

     Еңбек рыногының қажеттілiктерiн ескере отырып, жұмысшылар мен 
мамандар даярлаудың көлемi мен бейiндерiн әзiрлеуде және түзетуде оқу 
орындарына ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады. 
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар көрсететiн 
жұмысқа орналастырудың дәстүрлi нысандарынан басқа жұмыс iздеушi 
азаматтарды жұмысқа орналастырудың баламалы нысандары дамытылатын болады.

     Бұл, ең алдымен, жоғары ақы төленетін және беделдi жұмыс таңдау үшiн ақы 
төлеуге қабiлеттi, неғұрлым біліктi әрi болашағы бар жұмыс күшін қолданып 
жүрген шеңберінде жұмысқа орналастыруды өз мойнына алатын жұмысқа 
орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер. Жұмысқа орналастырудың баламалы 
түрлерінің болуы, бір жағынан жұмыс іздеуші азаматтардың қажетті қызмет 
түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - жұмысқа 
орналастырумен айналысатын ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны туғызады. 
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс іздеп 
жүргендер үшін өрістетілетін болады. Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп жандандырылатын болады. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады.
 
 

         2.3. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

     Кедейлiк  ауқымын 1999 жылмен салыстырғанда 2002 жылға  қарай 8,7 %-ға 
қысқарту. Жұмыссыздық деңгейiн 2000 жылғы 13,5%-дан 2002 жылдың аяғында 9%-ға дейiн төмендету. Төменде Қазақстан Республикасының халықтың саны, еңбек ресурстары және жұмыссыздықты азайту туралы 2001-2002 жылдарға арналған мәліметтер келтіріледі, (мың адам).

Көрсеткіштер 2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл
Халықтың  саны

Еңбек ресурстары, барлығы

Экономикалық  белсенді халық

Экономикада еңбек ететіндер

Жұмыссыздар

14869,1

8530,5 

7106,5

6200,1

906,4

14847,8

8534,3 

7100,7

6295,2

805,5

14848,5

8540,8 

7118,9

6416,4

702,6

     Бағдарламаны iске асырудың есебiнен 2000-2002 жылдары 400,4 мың 
жұмыс орнын құру, бұрыннан бар жұмыс орындарының санын азайтуға жол 
бермеу көзделедi. Квоталаудың есебiнен 82 мың жұмыс орны сақталатын болады. 
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру 295,1 мың адам үшiн 
жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi. 52,8 мың жұмыссыз адам кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға тартылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы  және қазіргі тарихындағы ең өткір  мәселелердің бірі. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға бағытталғын бағдарламаны дер кезінде қаржыландыру жұмысқа  ділгер болып отырған арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар отбасына, көп жағдайда, бірден-бір табыс табу мүмкіндігіне қол жеткіздіреді.

      Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген.

     Жалпы 2000-2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте – 20712 мың адамға, ауыл шаруышылығында – 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен.

      Егер  аталған кемшіліктерді жоюға мына міндеттерді шешуге қалаулылары, түрлі деңгейдегі депутаттар тікелей араласса, онда жұмыссыздар біздердің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстардың нақтылы нәтижесін сезіне бастаған болар еді.

      Кедейшілікпен күрестегі ең басты мәселе – бұл  жұмыссыздық деңгейін төмендету. Егер басымдықтарды белгілейтін болсақ, мынадай: жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кәсіптік дайындау кезінде оқудың, қайтадан оқудың құнын төлеу, кәсіби біліктілігін арттыру және қайтадан дайындау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек ақысын төлеу, шағын несие беру үшін жағдай туғызуға, кедейшілікке душар болғанда материалдық көмек көрсету, шағын және орта бизнес саласын жұмыспен қамтуға қолбаныс беру.

      Қорытып келгенде, біздің экономикалық реформалар ендігі жерде адамдар тұрмысының елеулі жақсаруына әкеле алатындығына және әкелуге тиіс жағдайға жетіп келе жатқандығына көз жеткіздім. Ендеше бұдан әрі қарай жұмыссыздықпен күресті үдете түсу қажет. Ол үшін кәсіпорындарды қайтадан ашып, инфляция көлемін азайтып, адамдарды толығымен жұмысқа тартуға тырысуымыз керек. Сонда ғана экономикамыз жаңарып, дамып, өсіп, мемлекетіміз гүлденген мемлекетке айналмақшы. Ал, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, жұмыссыздық пен кедейшілік болмасын. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. В.Д. Камаева. Экономическая теория. Мәскеу-1999
  2. Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2004
  3. Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу, Ақиқат-№2, 2003
  4. Қазақстан әйелдері мен ерлері (статистикалық жинақ), Астана-2007
  5. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2004

    6. Кедейлікпен  және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама 

Информация о работе Жұмыссыздықпен күрес шаралары