Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 06:27, реферат

Описание работы

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Работа содержит 1 файл

kamila Word.docx

— 71.83 Кб (Скачать)

08.02.2012 - Жұмыссыздықты жүгендеудің қазақстандық жолы

Айқын газеті

Әлемдік экономика  жаңа дағдарыстың алдында тұр. Сондықтан да, жаһандық нарықта жұмыссыздыққа жүген салу күннен-күнге қиындап барады. Тіпті жұмыссыздықтың күрт өсуі көптеген елдерде халықтың бас көтерулеріне ұласып жатыр. Қазіргі кезде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Испания, Италия сияқты азуы алты қарыс алпауыт елдердің өзінде жұмыссыздық көз ілеспес рекордтық жылдамдықпен өсіп отыр.

Жаңалықтар  таспасына көз жүгіртсеңіз - жаныңыз  түршігеді. Мәселен, «Үлкен жетілік» елдеріне кіретін Францияда өткен жылы 2,85 млн адам жұмыссыз ретінде еңбек биржаларында тіркелген. Ал экономикасы қатты «шайқала» бастаған Италияда өткен жылдың қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға өсіп, жалпы алғанда 8,5 пайызға жеткен. Сондай-ақ, 2011 жылы еуро аймағына кіретін 17 елдегі жұмыссыздық деңгейі тез өсіп, 10,3 пайызды құрады. Бұл дегеніміз адам санымен өлшегенде 16,2 млн Ресейдегі жағдай да осыған ұқсас. 2011 жылдың мамыр айындағы ресми мәліметтер бойынша, 5 млн 41 мың ресейліктер де екі қолдарын төбелеріне қойып бос отыр. Бұл елдегі жұмыссыздықтың деңгейі еңбекке қабілетті халықтың 7,2 пайызын құраған.  
Ал Қазақстандағы жағдай қандай? Бізге үрейге бой алдыратындай дәнеңе де жоқ. Халықаралық сарапшылардың айтуына қарағанда, қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейі АҚШ, Франция, Германия, Италиямен салыстырғанда көп төмен. Осыған көз жеткізу үшін, салыстырып көрейік. Мәселен, 2011 жылдың қараша айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен. Ал 2009 жылғы біздің көрсеткішіміз 7 пайызды құрағаны есімізде. Яғни, ел Үкіметінің жұмыссыздықты жүгендеуге бағытталған іс-шаралары өз нәтижесін беруде деген сөз. «Қазақстандағы индустрияландыру бағдарламасының арқасында тек қана соңғы екі жылдың ішінде 350-ден астам әртүрлі саладағы өндірістер іске қосылды, - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. - Соның нәтижесінде, біз 200 мың адамға тұрақты жұмыс орындарын ашып бердік. Білікті мамандар ол жерде бұрынғысынан екі есе табыс табады. Біздің мақсатымыз - 2015 жылға дейін тура осындай көлемдегі жобаларды жүзеге асырып, тағы 200 мың жұмыс орындарын ашу».  
Жалпы алғанда, біздің еліміздегі ЖІӨ-нің көлемі 12 есеге дейін өсіп, әр жан басына шаққанда 9 мың АҚШ долларын құрады. Яғни, елді жаппай индустрияландыру бағдарламасы жұмыссыздық деңгейін көбірек төмендетуге (5,4 - 5,6 пайызға дейін) мүмкіндік туғызды. «Қамданған қапы қалмас» дегендей, дер кезінде қолға алынған іс-әрекеттердің нәтижесінде жұмыссыздықтың күрт өсіп кетуіне жол берген жоқпыз. Өйткені, мемлекет халықты жұмыспен қамтамасыз етудің дұрыс стратегиясын жүзеге асыруда. Мысалы, өткен жылдың наурыз айында ел Үкіметі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаның негізгі үш бағыты белгіленген. Біріншіден, халықты нарықта көбірек сұраныс туатын мамандықтарға оқыту және еңбекке орналасуына септесу. Яғни, атқарушы билік органдары жұмыссыз қалған азаматтарды кәсіби дайындықтан өтуге, бір мамандыққа қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға тегін курстарға жібереді. Сондай-ақ, оларға оқу оқитын жерге жетуіне жәрдем ақша беріледі. Екіншіден, ауылда тұратын әр адамның өз кәсібін ашып, одан әрі дамытуына мүмкіндік беріледі. Ашып айтқанда, ауыл халқына кәсіпкерлік негіздерін оқуға, қандай да бір кәсіп туралы ақыл-кеңестер алуға және микронесие алуға көмек көрсетіледі. Үшіншіден, еңбек ресурстарын бір жерге жұмылдыруға көңіл бөлінеді. Яғни, келешегі жоқ аудандардың тұрғындары экономикалық жағынан жақсы дамыған жерлерге көшіріліп, жұмысқа орналасады. Онда да көшіп-қонуға жәрдем ақша және жалға жаңа үй беріледі. Онымен қоса, жаңа мекенге қоныс аударғандарға кәсіби оқыту курсынан өтіп, еңбекке орналасуына қолдау жасалады. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, бүгінге дейін 66,5 мың адам нарықта сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылған. «Осы 66,5 мың адамның 43,9 мыңы - кәсіби мамандығына даярлықтан өтсе, 19,1 мыңы - қайта даярлыққа жіберілді. Сондай-ақ, 3,5 мыңы - біліктілігін арттыру бағдарламасымен қамтылды», - дейді Г.Әбдіқалықова.  
Министрдің айтуынша, адамдарды кәсіби оқытуға еліміздегі 430 мекеме белсене қатысуда. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде 3 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдардағы әлеуметтік жұмыс орындарына 14 мың қазақстандық орналасқан. Яғни, бұл - айтарлықтай-ақ жетістік!  
Ел Үкіметінің алдын ала жасаған болжамы бойынша, 2016 жылға дейінгі уақытта осы бағдарламамен 1,5 млн адамды қамту жоспарлануда.  
«2016 жылға қарай біз еліміздегі 1,5 млн адамды жұмыспен қамтып, кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз, - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: тәуелсіздіктің 20 жылдығы және жаңа міндеттер» атты экономикалық форумда. - Ал өз еркімен жұмыс істейтін халықтың үлесі 33,3 пайыздан 20 пайызға дейін азаяды». Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы отандық еңбек нарығының тиімділігін арттыруға, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жұмыссыз және өз еркімен еңбек ететін топтарын табысты еңбектің белсенді бағдарламаларына тартуға, индустриалдық-инновациялық саясатты іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамытуға, адрестік әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіруге бағытталғанын көреміз.  
Мысалға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын алайық. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - ұлттық экономиканың шикізаттық емес секторларындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, қолда бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Бағдарламаны іске асыру үшін, 4 бағытқа ерекше қолдау көрсетіледі. Ол - жаңа бизнестік бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және бизнес әлеуетті күшейту. «2011 жылдың 30-қарашасындағы жағдай бойынша, үш бағытта кәсіпкерлерге жәрдем ақша беруге жалпы құны 239,5 млрд теңгені құрайтын 782 жоба мақұлданды, - деді Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Әйтекенов «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: тәуелсіздіктің 20 жылдығы және жаңа міндеттер» атты экономикалық форумда. - Жалпы алғанда, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ұзын-саны 700-ден астам кәсіпорындарға қолдау көрсетілуде, бұл кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны - 87 мыңнан астам. Сонымен қатар алдағы уақытта аталған кәсіпорындарда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз».  
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде халықаралық ұйымдардың қолдауы арқасында «Іскерлік байланыстар» атты жоба іске асырылуда. Яғни, отандық өндірісті жетілдіруге қолдау жасау үшін, шетелдік кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар орнатылады. Жобаның екі кезеңі бар: біріншісі Қазақстан аумағында өтсе, екіншісі шетелдерде өтеді. Түпкі мақсат - үздік технологиялар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға шетелдіктермен келісім жасау және бірлескен кәсіпорын ашу. Айтпақшы, ресми мәліметтер бойынша, бүгінге дейін «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 300-ге жуық қазақстандық кәсіпкерлер бизнес негіздерінен дәріс алыпты. Ал «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті жаңадан бастаған 15 мың адам оқыту курсын аяқтаған. Бір қуанарлығы, қазіргі кезде кәсіпкерлік идеялары жастар мен студенттердің арасында белсенді насихатталуда. Мәселен, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағытына шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту да кіреді. Бұл міндет Назарбаев университетінің бизнес мектебінің базасында жүзеге асырылады. Яғни, бұл жерде табысты бизнестің жаңа моделін құру және кәсіпорынды тиімді басқару негіздері тереңдете оқытылады. Қайрат Әйтекеновтің айтуына қарағанда, бұл бағдарлама әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің бірі - АҚШ-тағы Дьюк университетімен бірлесіп жасалып, іске асырылады.  
Жол картасының жемісті нәтижелерінің арқасында Қазақстан жаһандық дағдарыстың күшейген кезеңінің өзінде жұмыссыздықты жүгендей білді. Мысалы, жаһандық дағдарыстың әсерінен Еуропадағы жұмыссыздық деңгейі 10-12 пайызға өскен кезде, біздің көрсеткішіміз 6,9 пайыздан әрі асқан жоқ. Бұл - экономика мен әлеуметтік салада «екі шоқып, бір қараған» оң саясатымыздың жемісі. Шынында да, ойлап қарасақ, әлемдегі өзге ешбір елде Қазақстандағыдай тегін оқыту, оқу орнына дейін тегін жеткізу жүйесі жоқ. Онымен қоса, мемлекет оқу оқып, жаңа мамандық аламын дегендерге шәкіртақы төлейді. Алайда мемлекет басшысы: «Біз жұмыссыздарға жұмыссыз болғаны үшін емес, оқу оқып, жаңа мамандық алуы үшін ақша төлейміз!» - деп қадап тұрып айтты. Бір сөзбен түйіндесек, адуынды жаһандық экономикалық дағдарыстың дауылына қарамастан, Қазақстан өз азаматтарының алдындағы әлеуметтік міндеттерін толығымен орындап отырған ел. Бұл жетістігімізге ешкім де дау айта алмасы анық. Олай болса, жұмыссыздықты жүгендеудің қазақстандық тәжірибесі әлемдегі кез келген мемлекетке үлгі бола алады.  
 
Таңатар ТАБЫНҰЛЫ 

    Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептері талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырақ, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және тағы басқа. Осыларға толық тоқталайық.  
         Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады. 
         Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады. 
         Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады. 
         Құрылымдық  жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттарінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін. 
         Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді. 
         АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізілген зерттудің мәліметі бойынша қазіргі шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдердің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі  үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне – жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне – жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын –жұмыссыздықты (фрикциондық,, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады. 
         Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырақ жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады.1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңее түсті. Осы аталған жылдық желтоқсан айының өзінде-ақ 138 (адам) мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. 
         Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-технологиялық процесс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саларында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-технологиялық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізнен өндірістік емес  салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы, жоғары еңбек айқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтытуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90 пайыз, ал Батыс Еуропада 100 пайыз құрады. 
         Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңына сәйкес жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрын жұмыс орнындағы негізгі жалақысының орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі. 
         Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммигрцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясы (отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтылығы қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізген еді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз  болатындарға жәрдем көрсетеді. 
         Нарық қатынастарды дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойына алады. 
         Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте бізге бұрынна белгілі графикпен бейнеленеді.                                                                                                                                                                                                                                                           

Информация о работе Жұмыссыздық