Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 06:27, реферат
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Шетелдік мамандар
жұмыссыздықтың себептері талдай
отырып, оның әр түрлі нысандарын
тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан
алуан нысандары болады: жасырақ, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және тағы басқа. Осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік
аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады.
Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттарінің ерекшеліктеріне
байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен
ауыстыру нәтижесінде болады,
ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе
басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізілген зерттудің мәліметі бойынша қазіргі шет елдерде
жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері
бар екен. Батыс елдердің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі
топқа бөледі. Біріншісіне
– жиынтық сұранымның жетіспеуіне
байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік
жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне
– жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз
болатын –жұмыссыздықты (фрикциондық,, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары)
жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары
жасырын және фрикциондық болып табылады.
Нарық қатынастарының қалыптасу барысында
жасырақ жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады.1992
жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңее түсті. Осы аталған жылдық желтоқсан айының өзінде-ақ 138 (адам) мыңға таяу адамы
бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай
кәсіпорындардан
2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды,
25 мың адам еріксіз
демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-технологиялық процесс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады,
ол материалдық өндіріс саларында
еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-технологиялық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізнен өндірістік емес
салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады.
Оның ұлғаюы тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген
шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы, жоғары еңбек айқымдылығымен сипатталады.
Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтытуды көбейтуде өндірістік емес
саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда
80-90 пайыз, ал Батыс Еуропада 100 пайыз құрады.
Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы”
заңына сәйкес жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген
азаматтарға, бұрын жұмыс орнындағы негізгі жалақысының орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен
төмен болмайтын
жәрдем ақша беруге кепілдік
беріледі.
Осылармен бірге мемлекет
жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммигрцияны
(шетел азаматтарының келуі) шектеу,
шетел жұмысшыларының репартиясы (отанына қайту) ынталандыру,
жұмыс аптасының ұзақтылығы қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен
бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын
жүргізген еді.
Мемлекет қосымша жұмыс орындарын
жасау, жұмыссыздықтан мейлінше
жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Нарық қатынастарды
дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды
жұмыспен қамтудың жеке шараларын
жүзеге асырады.
Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске
асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын
шығындарды мемлекет
толық өз мойына алады.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген
еңбек нарығы, әдетте бізге бұрынна белгілі
графикпен бейнеленеді.
Мамандар
өндіріс дағдарысының артынан еңбек нарығының
дағдарысы басталды деп дабыл қағуда.
Ал қарапайым жұмысшылар болса, жалақының
уақтысында төленбейтініне наразы.
- Мен түрік компаниясының жұмысшысымын.
Осында жұмыс істегеніме біраз жыл болды.
Жалақым аз. Ал қазір мүлде төмендеп кетті.
3-4 ай болды, жалақысыз жұмыс істеп жатырмыз.
Көптеген адам қиналып жүр. Екі қол аман
болса, адам қандай жұмыс болса да істейді
ғой. Бірақ сол істейтін жұмыс табылмай
отыр,-дейді жұмысшы Бәйдібек Асанұлы.
Дегенмен ресми билік орындары елде жұмыссыздық
деңгейінің артқанымен келіспейді. Ал
Үкіметтің тапсырмасымен құрылған жұмыс
тобы республика көлеміндегі ірі кәсіпорындарда
өндіріс деңгейінің төмендеуі салдарынан
пайда болуы мүмкін жұмыссыздықтың алдын
алады дейді Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы
Арсений Дүйсенов:
- Жұмыс тобының басты мақсаты – Еңбек
министрлігінің жасаған мониторингі арқылы
жұмыстан босауы мүмкін азаматтар ертең
далада қаңғырып қалмасы үшін дер кезінде
шара қолдану. Мониторинг дегенде, біз
қазір әр мекеменің бүгінгі өндірістік
жағдайын бақылап отырмыз. Қандай деңгейде?
Жұмыс қарқыны қандай дәрежеде? Соның
салдарынан қанша адам босап қалуы мүмкін
деген сауалдарға жауап іздеудеміз.
Министрлік өкілінің айтуынша, жұмыс тобы
жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары
арқылы қысқаруға ұшыраған азаматқа басқа
жұмыс тауып беруге көмектеседі, сондай
ақ, өз кезегінде азаматтарды қайта даярлау
курстары арқылы керек кәсіптерге де баулитын
көрінеді. Ол үшін білім ордаларында арнайы
даярлау бөлімдері жасақталуда дейді
сұхбаттасымыз.
Сонымен қатар жұмыс таба алмай жүрген
азаматтарға заңға сәйкес мемлекет тарапынан
арнайы жеңілдіктер де қарастыру - жұмыс
тобының міндетіне кіреді дейді Арсений
Дүйсенов:
- Мысалы, осы жұмыс тобы жұмыссыз қалған
азаматқа мемлекеттен төленетін жәрдемақысын
тез арада қолына алуын ұйымдастырады.
Көпбалалы отбасы болса, соған әлеуметтік
тиісті мемлекеттен төленетін көмектерін
тез төлету т.б
Мемлекет тарапынан жұмыссыздықпен күресу
мақсатында құрылған жұмыс тобының жоспарымен
танысқан мамандар оған күмәнмен қарап
отыр. Кәсіпкер Мұрат Төлендиев болса,
оның «екі қолға бір күрек» таба алмай
жүрген жұмыссыздарға пайдасы бола қоятынына
сенбейді.
- Ол енді үлкен зауыт-фабрикаларға қатысты
айтылып жатыр ғой деймін. Оларда қазір
қысқарту жүріп жатыр. Оларды басқа мамандыққа
даярлау мүмкін шығар. Ал бірақ кішігірім
мекемелерде ондай мүмкіндік жоқ қой.
Онан басқа да көшеде жүрген жұмыссыздар
қаншама? Олардың бәрі арнайы мекемелерде
жұмыс істеп жүрген жоқ қой?! Қазір ақша
жоқ, демек қысқарады.
Кәсіпкер дағдарыстың өзінің шағын бизнесін
айналып өтпегенін айтады. Мұндайда өз
күндерін әрең көріп отырған жұмысшыларыңды
амалсыз қысқартуға тура келеді дейді
ол.
Бұрындары 6 адамды жұмыспен қамтамасыз
етіп отырғам. Енді олардың 4-ін қысқартуға
тура келді. Оларға 30-40 мың теңге көлемінде
жалақы төлеп отырмын. Былтыр жағдайымыз
тәуір еді, биыл халықта ақша жоқ. болғандықтан
тауарымыз өтпейді.
Шаруасын жалғастырып, халықты жұмыспен
қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер банктен
«тіпті жоғары пайызбен несие алуға да
даярмыз» дейді. Мұндайда бизнестік жауапкершілік
туралы әңгіме қозғаудың өзі де артық
дейді олар.
Ал жаңадан құрылған жұмыс тобына келер
болсақ, бюджеттен оған арнайы қаржы қарастырылмапты.
Себебі, оған керек барлық тетіктер қолымызда
бар деп жауап береді арнайы министрлік.
Жұмыс тобының құрамына: Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер
министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл
шаруашылық министрлігі өкілдері сондай
ақ, өзге де мемлекеттік органдар тартылады
деп отыр.
Қазіргі таңда республикада жұмыссыздар
саны жөнінде нақты ақпарат жоқ. ҚР-сының
Статистика агенттігінің 2008 жылдың қараша
айындағы мәліметіне сәйкес, елдегі жұмыссыздар
саны 558.9 мыңға жетіп отыр. Агенттіктің
дерегі бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен
салыстырғанда 0,6 пайызға аз.
http://www.azattyq.org
ЖҰМЫССЫЗДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙМЕСЕ, СИРЕГЕН ЖОҚ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ресми сайтында мынадай мәлiметтер iлулi тұр. 2010 жылдың 1 маусымына дейiн жұмысқа орналасу сұрағымен келiп, жолыққандардың саны – 217 400 адам. Оның iшiнде жұмыспен қамтылғандары – 138 400. Тiркелген жұмыссыздар 85 700 адам. Барлап қарасақ, Статистика агенттiгi мен министрлiктiң тiркелген жұмыссыздар туралы таратқан мәлiметтерiнiң айырма саны – 16 200. Он алты мыңнан аса жұмыссыз азамат статистика агенттiгiнiң назарынан тыс қалған ба сонда? Бұл Қазақстандағы жұмыссыздардың санын азайтудың әдiсi ме, әлде көзбояушылықтың және бiр түрi ме?
Бейресми деректерге қарағанда,
Қазақстанда жұмыссыздық
htt
АСТАНА.
Тамыздың 11. BNews.kz – 2011 жылы шілдеде жұмыссыздық
деңгейі 5,3% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика
агенттігі.
«2011 жылы шілдеде жұмыссыздардың саны
461,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі –
5,3% құрады. Ресми түрде 2011 жылы шілде айының
соңындағы жағдай бойынша, Қазақстан Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
жұмыспен қамту органдарында 62,4 мың адам
тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың
үлесі экономикалық белсенді халық санына
шаққанда 0,7% құрады (2010 жылы шілдеде –
0,8%)», - делінген Агенттік есебінде.
Республика экономикасына 2011 жылы шілдеде
8,2 млн адам жұмыс істеп жатыр. Былтырғы
жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда,
олардың саны 69,2 мың адамға немесе 0,8%-ға
өсті. Көрсетілген мерзімде жалданған
жұмыскерлердің саны 5,5 млн адамды құрайды
(жұмыспен қамтылғандар жалпы санының
67,0%-ы).
ҚР статагенттігінің
мәліметтерінше, Қазақстандағы жұмыссыздар
саны сәуір айында 473 мың адам болып, жұмыссыздық
деңгейі 5,5% (2010 жылы сәуірде – 6%) болды,
делінген статагенттік хабарында.
Құжатта көрсетілгендей, республика экономикасында 2011 жылғы сәуірде (бағалау бойынша) 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 102,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы сәуір айының соңына 62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2010ж. сәуірде – 1,0%).
2011 жылғы сәуірде бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады.
Жұмыссыздар
(ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл
табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны
белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге
дайын тұлғалар.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық
емес жұмыспен қамтылу) – қысқартылған
жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс
күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің,
сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе
еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік
демалыстарда болған қызметкерлердің
санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі – толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.
12.05.2011 17:22,Новости Today.kz
08.02.2012 - Жұмыссыздықты жүгендеудің қазақстандық жолы
Айқын газеті
Әлемдік экономика жаңа дағдарыстың алдында тұр. Сондықтан да, жаһандық нарықта жұмыссыздыққа жүген салу күннен-күнге қиындап барады. Тіпті жұмыссыздықтың күрт өсуі көптеген елдерде халықтың бас көтерулеріне ұласып жатыр. Қазіргі кезде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Испания, Италия сияқты азуы алты қарыс алпауыт елдердің өзінде жұмыссыздық көз ілеспес рекордтық жылдамдықпен өсіп отыр.
Жаңалықтар
таспасына көз жүгіртсеңіз - жаныңыз
түршігеді. Мәселен, «Үлкен жетілік» елдеріне
кіретін Францияда өткен жылы
2,85 млн адам жұмыссыз ретінде еңбек биржаларында
тіркелген. Ал экономикасы қатты «шайқала»
бастаған Италияда өткен жылдың қазан
айында қыркүйекпен салыстырғанда жұмыссыздық
деңгейі 0,2 пайызға өсіп, жалпы алғанда
8,5 пайызға жеткен. Сондай-ақ, 2011 жылы еуро
аймағына кіретін 17 елдегі жұмыссыздық
деңгейі тез өсіп, 10,3 пайызды құрады. Бұл
дегеніміз адам санымен өлшегенде 16,2 млн
Ресейдегі жағдай да осыған ұқсас. 2011 жылдың
мамыр айындағы ресми мәліметтер бойынша,
5 млн 41 мың ресейліктер де екі қолдарын
төбелеріне қойып бос отыр. Бұл елдегі
жұмыссыздықтың деңгейі еңбекке қабілетті
халықтың 7,2 пайызын құраған.
Ал Қазақстандағы жағдай қандай? Бізге
үрейге бой алдыратындай дәнеңе де жоқ.
Халықаралық сарапшылардың айтуына қарағанда,
қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыссыздықтың
деңгейі АҚШ, Франция, Германия, Италиямен
салыстырғанда көп төмен. Осыған көз жеткізу
үшін, салыстырып көрейік. Мәселен, 2011
жылдың қараша айында еліміздегі жұмыссыздық
деңгейі 5,4 пайызды құрады, бұл көрсеткіш
2010 жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда
0,1 пайызға төмен. Ал 2009 жылғы біздің көрсеткішіміз
7 пайызды құрағаны есімізде. Яғни, ел Үкіметінің
жұмыссыздықты жүгендеуге бағытталған
іс-шаралары өз нәтижесін беруде деген
сөз. «Қазақстандағы индустрияландыру
бағдарламасының арқасында тек қана соңғы
екі жылдың ішінде 350-ден астам әртүрлі
саладағы өндірістер іске қосылды, - деді
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. -
Соның нәтижесінде, біз 200 мың адамға тұрақты
жұмыс орындарын ашып бердік. Білікті
мамандар ол жерде бұрынғысынан екі есе
табыс табады. Біздің мақсатымыз - 2015 жылға
дейін тура осындай көлемдегі жобаларды
жүзеге асырып, тағы 200 мың жұмыс орындарын
ашу».
Жалпы алғанда, біздің еліміздегі ЖІӨ-нің
көлемі 12 есеге дейін өсіп, әр жан басына
шаққанда 9 мың АҚШ долларын құрады. Яғни,
елді жаппай индустрияландыру бағдарламасы
жұмыссыздық деңгейін көбірек төмендетуге
(5,4 - 5,6 пайызға дейін) мүмкіндік туғызды.
«Қамданған қапы қалмас» дегендей, дер
кезінде қолға алынған іс-әрекеттердің
нәтижесінде жұмыссыздықтың күрт өсіп
кетуіне жол берген жоқпыз. Өйткені, мемлекет
халықты жұмыспен қамтамасыз етудің дұрыс
стратегиясын жүзеге асыруда. Мысалы,
өткен жылдың наурыз айында ел Үкіметі
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын бекітті.
Бұл бағдарламаның негізгі үш бағыты белгіленген.
Біріншіден, халықты нарықта көбірек сұраныс
туатын мамандықтарға оқыту және еңбекке
орналасуына септесу. Яғни, атқарушы билік
органдары жұмыссыз қалған азаматтарды
кәсіби дайындықтан өтуге, бір мамандыққа
қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға
тегін курстарға жібереді. Сондай-ақ, оларға
оқу оқитын жерге жетуіне жәрдем ақша
беріледі. Екіншіден, ауылда тұратын әр
адамның өз кәсібін ашып, одан әрі дамытуына
мүмкіндік беріледі. Ашып айтқанда, ауыл
халқына кәсіпкерлік негіздерін оқуға,
қандай да бір кәсіп туралы ақыл-кеңестер
алуға және микронесие алуға көмек көрсетіледі.
Үшіншіден, еңбек ресурстарын бір жерге
жұмылдыруға көңіл бөлінеді. Яғни, келешегі
жоқ аудандардың тұрғындары экономикалық
жағынан жақсы дамыған жерлерге көшіріліп,
жұмысқа орналасады. Онда да көшіп-қонуға
жәрдем ақша және жалға жаңа үй беріледі.
Онымен қоса, жаңа мекенге қоныс аударғандарға
кәсіби оқыту курсынан өтіп, еңбекке орналасуына
қолдау жасалады. Мәселен, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың
айтуынша, бүгінге дейін 66,5 мың адам нарықта
сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылған.
«Осы 66,5 мың адамның 43,9 мыңы - кәсіби мамандығына
даярлықтан өтсе, 19,1 мыңы - қайта даярлыққа
жіберілді. Сондай-ақ, 3,5 мыңы - біліктілігін
арттыру бағдарламасымен қамтылды», -
дейді Г.Әбдіқалықова.
Министрдің айтуынша, адамдарды кәсіби
оқытуға еліміздегі 430 мекеме белсене
қатысуда. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде
3 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдардағы
әлеуметтік жұмыс орындарына 14 мың қазақстандық
орналасқан. Яғни, бұл - айтарлықтай-ақ
жетістік!
Ел Үкіметінің алдын ала жасаған болжамы
бойынша, 2016 жылға дейінгі уақытта осы
бағдарламамен 1,5 млн адамды қамту жоспарлануда.
«2016 жылға қарай біз еліміздегі 1,5 млн
адамды жұмыспен қамтып, кедейлік деңгейін
6 пайызға дейін, жұмыссыздық деңгейін
5,5 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап
отырмыз, - деп мәлімдеді Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова
«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуы: тәуелсіздіктің 20 жылдығы және
жаңа міндеттер» атты экономикалық форумда.
- Ал өз еркімен жұмыс істейтін халықтың
үлесі 33,3 пайыздан 20 пайызға дейін азаяды».
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы
отандық еңбек нарығының тиімділігін
арттыруға, халықтың әлеуметтік жағынан
аз қамтылған, жұмыссыз және өз еркімен
еңбек ететін топтарын табысты еңбектің
белсенді бағдарламаларына тартуға, индустриалдық-инновациялық
саясатты іске асыру үшін кадрлық әлеуетті
дамытуға, адрестік әлеуметтік көмек жүйесін
жетілдіруге бағытталғанын көреміз.
Мысалға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын
алайық. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты
- ұлттық экономиканың шикізаттық емес
секторларындағы аймақтық кәсіпкерліктің
тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Сондай-ақ,
қолда бар жұмыс орындарын сақтау және
жаңа жұмыс орындарын ашу. Бағдарламаны
іске асыру үшін, 4 бағытқа ерекше қолдау
көрсетіледі. Ол - жаңа бизнестік бастамаларды
қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру,
кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету және бизнес әлеуетті күшейту.
«2011 жылдың 30-қарашасындағы жағдай бойынша,
үш бағытта кәсіпкерлерге жәрдем ақша
беруге жалпы құны 239,5 млрд теңгені құрайтын
782 жоба мақұлданды, - деді Экономикалық
даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті
дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Әйтекенов
«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуы: тәуелсіздіктің 20 жылдығы және
жаңа міндеттер» атты экономикалық форумда.
- Жалпы алғанда, бағдарламаның барлық
бағыттары бойынша ұзын-саны 700-ден астам
кәсіпорындарға қолдау көрсетілуде, бұл
кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны
- 87 мыңнан астам. Сонымен қатар алдағы
уақытта аталған кәсіпорындарда 26 мыңнан
астам жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап
отырмыз».
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы
шеңберінде халықаралық ұйымдардың қолдауы
арқасында «Іскерлік байланыстар» атты
жоба іске асырылуда. Яғни, отандық өндірісті
жетілдіруге қолдау жасау үшін, шетелдік
кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар
орнатылады. Жобаның екі кезеңі бар: біріншісі
Қазақстан аумағында өтсе, екіншісі шетелдерде
өтеді. Түпкі мақсат - үздік технологиялар
мен құрал-жабдықтарды сатып алуға шетелдіктермен
келісім жасау және бірлескен кәсіпорын
ашу. Айтпақшы, ресми мәліметтер бойынша,
бүгінге дейін «Іскерлік байланыстар»
жобасы аясында 300-ге жуық қазақстандық
кәсіпкерлер бизнес негіздерінен дәріс
алыпты. Ал «Бизнес кеңесші» бағдарламасы
бойынша кәсіпкерлікті жаңадан бастаған
15 мың адам оқыту курсын аяқтаған. Бір
қуанарлығы, қазіргі кезде кәсіпкерлік
идеялары жастар мен студенттердің арасында
белсенді насихатталуда. Мәселен, кәсіпкерлік
әлеуетті күшейту бағытына шағын және
орта бизнестің топ-менеджментін оқыту
да кіреді. Бұл міндет Назарбаев университетінің
бизнес мектебінің базасында жүзеге асырылады.
Яғни, бұл жерде табысты бизнестің жаңа
моделін құру және кәсіпорынды тиімді
басқару негіздері тереңдете оқытылады.
Қайрат Әйтекеновтің айтуына қарағанда,
бұл бағдарлама әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің
бірі - АҚШ-тағы Дьюк университетімен бірлесіп
жасалып, іске асырылады.
Жол картасының жемісті нәтижелерінің
арқасында Қазақстан жаһандық дағдарыстың
күшейген кезеңінің өзінде жұмыссыздықты
жүгендей білді. Мысалы, жаһандық дағдарыстың
әсерінен Еуропадағы жұмыссыздық деңгейі
10-12 пайызға өскен кезде, біздің көрсеткішіміз
6,9 пайыздан әрі асқан жоқ. Бұл - экономика
мен әлеуметтік салада «екі шоқып, бір
қараған» оң саясатымыздың жемісі. Шынында
да, ойлап қарасақ, әлемдегі өзге ешбір
елде Қазақстандағыдай тегін оқыту, оқу
орнына дейін тегін жеткізу жүйесі жоқ.
Онымен қоса, мемлекет оқу оқып, жаңа мамандық
аламын дегендерге шәкіртақы төлейді.
Алайда мемлекет басшысы: «Біз жұмыссыздарға
жұмыссыз болғаны үшін емес, оқу оқып,
жаңа мамандық алуы үшін ақша төлейміз!»
- деп қадап тұрып айтты. Бір сөзбен түйіндесек,
адуынды жаһандық экономикалық дағдарыстың
дауылына қарамастан, Қазақстан өз азаматтарының
алдындағы әлеуметтік міндеттерін толығымен
орындап отырған ел. Бұл жетістігімізге
ешкім де дау айта алмасы анық. Олай болса,
жұмыссыздықты жүгендеудің қазақстандық
тәжірибесі әлемдегі кез келген мемлекетке
үлгі бола алады.
Таңатар ТАБЫНҰЛЫ