Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 08:42, курсовая работа
Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді және орындалуына бұйрық береді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.
КІРІСПЕ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
Жұмыссыздықты анықтау критерийлері және санау әдіснамасы. Жұмыс нарығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық
зардабын бәсендететін факторлардың бірі
– ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша
жұмыс күшін қажет ететін өндіріс
саласында еңбек етуге қабілеті
бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз
етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық
революция жағдайында жұмыспен қамтуды
тұрақты түрде өсіру негізінен,
өндірістік емес салалардың дамуы арқылы
жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың
әр түрлі қызмет түрлеріне деген
шығынның тез өсуімен және халық
шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы
жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.
Жұмыссыздықтың халықаралық стандартты анықтамасы бір мезгілде орындалуы тиіс үш критерийге негізделеді. Осы анықтамаға сәйкес жұмыссыздар есепті кезең ішінде:
«жұмыссыз», яғни жұмыспен қамтылудың халықаралық анықтамасымен көзделгендей табыс табу мақсатында жалдау бойынша немесе меншік кәсіпорында төлем үшін жұмыс істемегендер;
«жұмыс іздеу үстінде», яғни жалдай немесе меншікті кәсіпорнында төленетін жұмыс табу мақсатымен нақты қадамдар жасағандар;
«қазіргі сәтте жұмысқа кірісуге дайындар», яғни есепті кезең ішінде жалдау бойынша немесе меншікті кәсіпорнында төлем үшін жұмыс бастауға дайын болған экономикалық белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастан жоғары барлық тұлғаларды қамтиды.
Халыққа жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша зерттеу жүргізу (жұмыс күшін зерттеу) және жұмыссыздықты өлшеу кезінде жұмыстың болмауы критерийі зерттелетін аптаға жатады, жұмыс іздеу критерийі зерттелетін аптаның алдындағы төрт аптаға бөлінеді, жұмысқа кірісуге дайындығы критерийі жақын арадағы уақытқа жатады (бір /екі аптаға). Әр критерийдің өзіндік уақыттық шектерінің болуына қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші зерттелетін аптаға жатады.
Дайындық критерийі қабілеттілік және жұмыс істеу ынтасына жатады, егерде сондай мүмкіндік болса. Жұмыс іздеу критерийі туралы айтатын болсақ, тек қана жалданбалы жұмыс іздеп жатқандарды емес, сондай-ақ меншікті іс ашуға талпынғандарды қамту маңызды.
Жұмыссыздықтың стандартты анықтамасы жұмыс іздеуді жалғастыруына қармастан жұмысы жоқ және жұмысқа кірісуге дайын, есепті кезеңнен кейін жұмысқа шығуы немесе өз кәсіпорнын ашуы туралы келісіп қойған тұлғаларға қатысты.
Жұмыссыздықты анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша бір сағаттан кем емес уақыт аралығында «белгілі жұмысы» бағаланатын «бір сағаттық критерийінің» принциптік мәні бар.
Бұл дегеніміз, экономикалық қызмет саласында бір сағат ішіндегі жұмыс индивидті жұмыспен қамтылғандар санына жатқызу үшін жеткілікті болып табылады.
«Жұмыссыз»
критерийін жұмыстың мүлде жоқтығы
және де белгілі кезеңде жұмыспен
қамтылмағанды білдіреді. Мысалы,
егер мүлде жұмыс істемесе (күніне
бір сағат аралығында) немесе жұмыста
уақытша болмаса индивид «жұмыссыз»
деп саналады. Кейдейсоқ жұмысы бар
тұлғалар (тым болмаса күніне бір
сағат ішінде) және жұмысты іздеуді
жалғастырғандар жұмыс іздеумен
айналысқанына қарамастан жұмыспен
қамтылғандарға жатады. Бұл ереже
Жұмыс күші концепциясындағы басымдық
ережелеріне сәйкес келеді – жұмыссыздарға
қарағанда жұмыспен қамтылғандарға
артықшылық көрсетіледі және жұмыс
күшінен тыс адамдарға
Жұмыссыздықты жұмыспен қамтылмаған себебінен халықтың жалақысы төмен болғандықтан, жұмыс істегілері келмегендіктен ерікті жұмыссыздық деп айырады, ал егер еңбек ақы төлеуі жоғары болса жұмыс күшіне сұраныс көбейеді, сондықтан жұмыс орны жетіспеушілік туындайды.
Оқушылар, студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа кірісуге дайын болса жұмыссыздарға жатады.
Еңбек нарығын қалыптастыру оны бөлуге алып келеді, яғни сегментке бөлу: жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс балансы едәуір дифференциациясы бар әйелдердің, жастардың, ауылдық елді мекендегі және өңірдегі еңбек нарығы.
Жұмыссыздықтың масштабын анықтау үшін жұмыссыздықтың нысандары мен түрлерін ескеру қажет.
Талдау мақсатында жұмыссыздықтың келесі түрлері айырмаланады:
Уақытша жұмыссыздық – халықтың бір өңірден басқа өңірге тұрақты қозғалысын, кәсіптен кәсіпке, сонымен қатар адам өмірінің кезеңінің өзгеруіне байланысты. Уақытша жұмыссыздық үнемі бар және кадрлардың қозғалысына (тұрақтамауына) байланысты болады.
Ескерту. Көптеген экономистер нарықтық экономикада уақытша жұмыссыздықтың белгілі деңгейі әрдайым болуы шарасыз, және де белгілі мөлшерде дұрыс факт деп есептейді өйткені осы өтпелі кезең мен қызметкерге жоғары жалақы алу мәселесі шешілуі, ал қауымға еңбек ресурстарын ұтымды бөлу байланысты.
Жұмыссыздық ұзақтығы - жұмыс іздеу уақытын және еңбек нарығындағы тоқырауды талдаудың немесе, керісінше осы саладағы іс-әрекеттерді жандандырудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Жүмыссыздықтың
орташа ұзақтығы – жұмыссыздық ұзақтығының
кезеңдері түрінде берілген, аралық
қатарында орташа салмақталған және
осы интервалдағы жұмыссыз тұлғалардың
санын есептеу арқылы анықталады.
Есептеу аралықтың орта мәндерін
осы аралықтардағы жұмыссыздар
санына көбейту және сол қосындыны
жұмыссыздардың жалпы санына бөлумен
жүргізіледі.
Әлемдік
тәжірибеде халықты еңбекпен қамту
ісін басқарудың әртүрлі модельдері
қолданылады. Мәселен, америкалық модель
еңбекке қабілетті азаматтардың
елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі
төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін
кеңінен қамтуға ұмтылатын
2001
жылдан бастап тоқсан сайынғы
негізде Қазақстанда халықтың
жұмыспен қамтылуын іріктемелі
зерттеу жүргізіліп келеді. Зерттеу
Республиканың барлық өңірінде
жүргізіледі. Тоқсан сайын 21 мың
үй шаруашылығы (бас жиынтықтан
0,5 % ) зерттеледі, бұл іріктеменің
репрезентативтілігін өңірлік
Халық
пікіртерімі үй шаруашылығындағы әрбір
мүшені сипаттайтын ақпараттан тұратын,
халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме
зерттеу сауалдамасының көмегімен
жыл бойы тоқсан сайын жүргізіледі.
Сауалдама сұрақтардың
Белгілі адамды жұмыспен қамтылған халыққа жатқызу үшін, әр респондентке сұрақ қойылады: «Сіз заттай не ақшалай табыс табу үшін өткен аптада ең кемі 1 сағат болса да, белгілі бір жұмыс атқардыңыз ба немесе нендей бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?».
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша (ЕХӘҚМ) бөлу, мына сұраққа берілген жауапқа сүйене отырып жүргізіледі: «Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы дұрыс сипаттай алады?»
- жұмыс беруші;
- өз бетінше жұмыспен қамтылу
(өз есебінен жұмыс
- отбасы қәсіпорнының қөмекші (ақы төленбейтін) жұмысшысы;
- кооперативтің мүшесі;
- жеке ауладағы жұмыс
Жұмыспен
қамтылғандардың осы санаттағы
негізгі үлесін «өз бетінше
жұмыспен қамтылған қызметкерлер»
құрайды. Бұл оларға ақшалай немесе
заттай нысанда табыс әкелетін, жеке
кәсіпкерлік қызметпен
Жеке негізде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың санын анықтау үшін сауалнамада келесі арнайы сауалдар көзделген: «Сіз тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуге (көлік, білім, медициналық, өзге де) байланысты қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», сонымен бірге – «Сіздің кездейсоқ немесе уақытша табыстарыңыз болды ма (жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысты қосқанда)?».
Жеке ауласында өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың санын анықтау үшін барлық респондентерге арнайы сұрақтар: «Сіз жеке аулаңызда (үй іргесіндегі саяжай телімінде), ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге байланысты әйтеуір бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», «Сіз жеке аулаңызда қанша уақыт жұмыс істедіңіз?» қойылады.
Бізге
белгілі, жеке ауладан алынған өнімдер
тек өзінің тұтынуына ғана емес,
сонымен қатар қосымша
а) тек меншікті тұтыну үшін;
б) жартылай тұтыну үшін, сондай-ақ айырбастау (сату) үшін.
Өткізілген өндімдердің үлесін анықтау үшін мынадай сұрақ көзделген: «Жеке ауладан (үй іргесіндегі учаскеден, саяжайдан) алынған заттай өнімдерге баға беріңіз, өзіңіздің тұтынып, пайдалану кезінде айырбастау мен сатуды қоса алғандағы пайдасы қандай»:
а) толық; б) 50% астам; в) 50% кем.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық жөніндегі ақпарат жұмыспен қамтылу мәртебесі, білім деңгейі, жас тобы, экономикалық қызмет түрлері, тұрғылықты жері, жұмыс түрлері және өңірлер бөлінісінде қалыптастырылады.
Жұмыссыздық жөніндегі деректерді қалыптастыру үшін Зерттеу сауалнамасында мынадай сұрақтар берілген:
Яғни, егер де қаралып отырған кезеңде респондент жұмыссыз болғандығын, және оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын екендігі туралы жауап берген жағдайда онда ол жұмыссыздарға жатады.