Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 08:42, курсовая работа

Описание работы

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді және орындалуына бұйрық береді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.

Содержание

КІРІСПЕ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
Жұмыссыздықты анықтау критерийлері және санау әдіснамасы. Жұмыс нарығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ.docx

— 55.48 Кб (Скачать)

ЖОСПАР:

  1. КІРІСПЕ
  2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ
    1. Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
    2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
    3. Жұмыссыздықты анықтау критерийлері және санау әдіснамасы. Жұмыс нарығы
  3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
    1. 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту.
  4. ҚОРЫТЫНДЫ
  5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

  Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді және орындалуына бұйрық береді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру  және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.

  Бұл өзіндік жұмыстың мақсаты жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін,  сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету болып табылады.

  Жұмыссыздық әлемдегі  орталық проблеммалардың  бірі болып табылады. Және де ол бір  жүйеден екіншісіне өтетін елдерде  кең байқалады.

  Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп  жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен  қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

  Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан  шараларды анықтайды. Бірақ сонымен  қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны  зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.

  Ал  міндеті жұмыссыздықтың деңгейін төмендету  үшін атқарылып отырылған барлық мемлекеттік іс шаралар мен бағдарламалардың нәтижесін талдап, оның көрсеткіштерімен танысу болып табылады.  
 
 
 
 
 

    2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ

    1. Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері

       Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

       Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

     Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус  жұмыссыздықтың пайда болуын халық  санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен  өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар  тек арифметикалық прогрессиямен  өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

     Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты  жұмысшының еркін таңдауы деп  есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс  жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан  жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс  еместігін дәлелдеді.

     Кейнстік  мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен  және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық  және инвестициялық нарығындағы  сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты  жиынтық сұраныс, инвестициялар  және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық  сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі  мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің  молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

      Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады.

Филлипс қисығы.
Инфляция деңгейі % 

4 

3 

2

Жұмыссыздық деңгейі %

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.                     

      К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

      Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны –  жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

       Жұмыссыздықтың  түрлері олардың пайда болу себептеріне  қарай өзгешеленеді:

  1. Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
  2. Құрылымдық жұмыссыздық ҒТР-ң, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
  3. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

       Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың  топтарын қамтуда және барған сайын  ұлғайып келеді.

       Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің  адам дамуына ықпалын азайтатын  құбылыс.

      Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты  екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

      Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ  онымен қатар жасырын жұмыссыздық  та орын ала бастады.

      Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа  орналаса алмады.

      Құрылымдық  және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

      Жұмыспен  толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл  жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына  әкеледі.

2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары

Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына  тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

Әлеуметтік  салдары:

Кері  әсерлер:

1. Крименогенді  жағдайдың өршуі

2. әлеуметтік  кернеудің өршуі

3. физикалық  және психологиялық аурулардың  көбеюі

4. әлеуметтік  дифференцияның өсуі

5. еңбек  белсенділігінің төмеңдеуі 

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс  орнының әлеуметтік маңызының  артуы

2. Өз  бос уақытының көбеюі

3. Жұмыс  орнын таңдаудағы еркіндік

4. Әлеуметтің  мән мен еңбек құндылығының  артуы

  Экономикалық салдарлар:

Кері  әсерлер:

1. Алған  білімнің құндылығын жоюы

2. Өндірістің  төмендеуі

3. Жұмыссыздарға  көмек шығындары

4. Квалификациясын  жоғалту

5 Өмір  сүру деңгейінің төмендеуі

6. Ұлттық  табыстың төмендеуі

7. Салықтың  аз жиналуы

  Пайдалы әсері:

1. Экономиканы  қайта жарақтауға жұмыс күшіің  резервін жасақтау

2. Еңбекке  бейімділігін өсіру мақсатында  жұмысшылар арасында конкуренция

3. Білімін  жоғарылату үшін уақыт

4. Еңбек  өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі  жоғарылауыЖұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс қысқарады,
  • өндіріс құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
  1. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
 

     Жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл  дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық  еңбек базарында жүргізілген  көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі  мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты  өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын  жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік  жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып  табылады.

     Экономиканың  қай уақытта толық жұмылдырылған  жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып  табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде  көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға  байланысты болады.

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері