Жекешелендіру. Меншік

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:56, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Жекешелендіру
1.1 Жекешелендіру теориясы...........................................................................4
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі....................4
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру....................................................5
2. Меншік түсінігі
2.1 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны ..............................7
2.2 Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері...8
3. Қазақстандағы жекешелендіру процесі
3.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері..........................................................................................10
3.2 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері...................................................................................................................13
Қорытынды......................................................................................................16

Работа содержит 1 файл

oet.docx

— 49.27 Кб (Скачать)

Осы дағдарыс кезеңінде  қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың  диалектика заңдылықтары білімі бар  Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда  мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасында  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес  жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта  жүргізіледі.

  1. Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа  жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары.

Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен,нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде  нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау  үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті  халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының  аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
  4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру. Мемлекеттік  үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

-       шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

-       бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

-       шағын және орта бизнесты дамыту;

-       жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

-       бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті  мемлекеттік орган – Мемлекеттік  мүлікті басқару жөніндегі Қазақ  ССР Мемлекеттік комитетінің  құрылуы болды, кейіннен «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ  ССР Мемлекеттік комитетінің  мәселелері» туралы Қазақ ССР  Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі  Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері  нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы  тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі  аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі екі Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазір де жұмыс істеп тұр.

1991 жылдан бастап  мемлекеттік мүлікті басқару  тиімділігін қамтамасыз ету және  оны жекешелендіру процестеріндегі  заңдық және нормативтік-әдістемелік  базаны реторспективті талдау  олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік  актілермен біршама ретке келтірілгендігі  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік  береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.

Бұл жерде мемлекеттік  мүлікті басқару және оны жекешелендіру  процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын  және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды. 

2000 жылдан бастап  республикамызда жүргізіліп отырған  реформалардың қайта орнына келмейтіндігі  айқын болғанда және позитивтік  экономикалық дамулар орын алғанда  реформаларды одан әрі тереңдету  қажет болды, оның ішінде мемлекеттік  меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

2000 жылдан бастап  қазіргі күнге дейін Қазақстан  Республикасында мемлекеттік мүлікті  басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік  мүлікті басқару тиімділігі және  жекешелендірудің салалық бағдарламасы  бірінші рет әзірленді және  бекітілді, «Мемлекеттік мүлік  мәселелері жөніндегі Қазақстан  Республикасының кейбір заң актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы», «Экономиканың  стратегиялық маңызы бар салаларындағы  меншіктің мемлекеттік мониторингі  туралы» Қазақстан Республикасының  заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті  басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін  қабылдау осы процестерді реттейтін  заңнамалық нормативтік құжаттардың  бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді. 

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға  өту мемлекет үшін қиын мәселелерді  көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік  меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық – топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру  ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі  мен жауапкершілігін органикалық  түрде ымырластыра алады.

Бұрынғы кейбір социалистік елдерде  мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда  артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.

Осылардың барлығы  бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.

 

3.2. Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері

 

Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық  тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция – реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек  қолдануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекеттен алу» мен «жекешелендіруді» бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.

Ал «жекешелендіру» мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендіру –  мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика  кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс  Еуропа және нарықтық экономикасы дамыған  елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.                                 Дамыған елдерде  жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.Қазақстандағы жекешелендіру  процесі Чехославакияда қолданылған  моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.

Жекешелендіру екі  кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды.

Жекешелендірудің  бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.

Жекешелендіру процесі  кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты.

Бірақ мемлекеттің  холдинг типіндегі акционерлік  қоғамға қатысуы айтырлықтай  нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.

Нарықтық экономикасы  дамыған елдерге қарағанда, ТМД  мен Шығыс Еуропа елдерінде, «  үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ  жекешелендіру» варианты қолданылды. Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай – ақ жаңа индустриалды екі  елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.

«Жұмсақ» жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс – шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Жекешелендіру. Меншік