Жекешелендіру. Меншік

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:56, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Жекешелендіру
1.1 Жекешелендіру теориясы...........................................................................4
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі....................4
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру....................................................5
2. Меншік түсінігі
2.1 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны ..............................7
2.2 Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері...8
3. Қазақстандағы жекешелендіру процесі
3.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері..........................................................................................10
3.2 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері...................................................................................................................13
Қорытынды......................................................................................................16

Работа содержит 1 файл

oet.docx

— 49.27 Кб (Скачать)

                                                     Жоспар 

Кіріспе................................................................................................................3

Негізгі бөлім

1. Жекешелендіру

1.1 Жекешелендіру теориясы...........................................................................4

1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі....................4

1.3 Дүние жүзі елдеріндегі  жекешелендіру....................................................5

2. Меншік түсінігі

2.1 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны ..............................7

2.2 Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері...8

3. Қазақстандағы жекешелендіру процесі

3.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері..........................................................................................10

3.2 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері...................................................................................................................13

Қорытынды......................................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін  алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі  жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру  қажет еді. Нарықтық экономика еркін  баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Нарықтық экономикада  маңызды орын алатын «жекешелендіру»  болғандықтан, оған тоқталып кетсек: жекешелендіру  дегеніміз – азаматтардың және заңды  тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты  – жекешелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту.

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды рөл атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жұмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс»

Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

                            1.1.Жекешелендіру теориясы

 

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен,нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

Мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

                          

                                     Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.

2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.


 

1.2. Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі

 

Жекеменшік кәсіпкерлерінің  пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады: жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы. 
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жеке меншік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі. 
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты өндірістік қаражат инфрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді. 
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді: 
1)    Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі; 
2)    Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі; 
3)    Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді. 
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді. 
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады. 
1)    Келісілген шартпен анықталған  инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы. 
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады. 
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

 

1.3. Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

 

Дамыған елдерде  жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.

АҚШ-да мемлекеттік  кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.

Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылады.

Чехославакияда шағын  кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты – мемлекеттік  мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 – дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

 

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде  өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.  Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады жєне сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап,  аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) жєне өндіруші шаруашылықтар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы  субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
  3. Жекелендіру — әр бір тауар  өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
  6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге  міндеттелінген денелік (күш  қуаттылық) бақылау құқығы.
  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  3. Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  4. Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  7. Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы
  8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

 

  1. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

     10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

     11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының  даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

 

2.2. Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері

 

Экономиканы ұйымдастыру  үшін, оның мәселелерін шешу үшін, әрбір  қоғам әр түрлі құрылымдар мен  тетіктерді, институттарды, механизмдерді  пайдалана алады. Олардын жиынтығын, өзара байланысы мен қызметтерін  экономикалык жүйе деген ұғым арқылы қарастыруға болады. Қазіргі кезенде  бұл ұғым туралы экономикалық ғылымда  ортақ пікір жоқ. Қолданған әдіснамасына және жіктеу өлшемдеріне байланысты әр түрлі экономикалық жүйелерді  қарастыруға болады. Негізгі өлшемдерге емес, сонымен бірге өңдіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну түрлерінде анықтайды. 
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бекітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді. 
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты. 
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері

 

Қазақстан Республикасында  мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру  процесі республикамыздың тәуелсіздік  пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің  құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен  тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.

Информация о работе Жекешелендіру. Меншік