Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:56, творческая работа
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);
Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудiң тиiстi айына Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiш сомасына азайтылған төлемдер жатады.
157-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.
Параграф 4. Төлем көзiнен
салық салынатын дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс
158-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының
сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер,
сыйақылар мен ұтыстар
Параграф 5. Стипендиялар
159-бап. Стипендиялар
Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында
көзделген сомаларды
160-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.
Параграф 6. Төлем көзiнен
салық салынатын, жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша табыс
161-бап. Жинақтаушы
1. Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы
жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн
сақтандыру сыйлықақылары жұмыс берушiнiң
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру
сыйлықтары есебiнен;
жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына
енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен
төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге
асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
табысы болып табылады.
1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табыстарына осындай
шарттар мерзiмiнен бұрын тоқтатылған
жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.
2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табысына сақтандыру
ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру
төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының
сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.
Ескерту. 161-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003
жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),
2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N
11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
162-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.
25-тарау. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
Салық төлеушiнiң төлем
көзiнен салық салынбайтын
1) мүлiктiк табыс;
2) жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың
табысы;
4) осы Кодекстiң 170-бабына сәйкес белгiленетiн
өзге де табыстар жатады.
164-бап. Төлем көзiнен
салық салынбайтын табыстар
бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Осы Кодекстiң 168-бабына
сәйкес есептелетiн адвокаттар
мен жеке нотариустардың
2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық
салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi
болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың
табыстарын қоспағанда, салық төлеушi
жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң
145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды
төлем көзiнен салық салынбайтын барлық
табыс түрлерiнiң сомасына қолдану жолымен
дербес жүргiзедi.
3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
1) арнайы салық режимдерiн қолданатындарды
қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) резидент болып табылатын және табысты
Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен
жеке табыс салығы салынбайтын қызметтi
жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердiң
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға
Қазақстан Республикасында қызметтер
көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс
алатын Қазақстан Республикасының азаматтары
жеке табыс салығын аванстық төлемдердi
енгiзу арқылы төлейдi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi
есептеу мен төлеудi, сондай-ақ салық есептiлiгiн
берудi осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында
айқындалған тұлғалар салық кезеңi iшiнде
осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес
жүргiзедi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi
eceптеу мен төлеудi, сондай-ақ салық есептiлiгiн
берудi осы тармақтың 2) тармақшасында
айқындалған тұлға салық кезеңi iшiнде
осы Кодекстiң 191 және 192-баптарында белгiленген
тәртiппен мерзiмдерде жүргiзедi.
Ескерту. 164-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003
жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),
2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N
11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Салық төлеушi осы Кодексте
белгiленген жағдайларда
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын
жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының
2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша
жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда
белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде
төлейдi.
Параграф 1. Мүлiктiк табыс
166-бап. Мүлiктiк табыс
1. Салық төлеушiлердiң
мүлiктiк табысына:
1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына
сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн
сатып алынған мүлiктi қоспағанда, кәсiпкерлiк
қызметте пайдаланылмайтын:
а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында
болған жылжымайтын мүлiктi;
б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды
тұлғадағы қатысу үлесiн;
в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы
металдарды, олардан жасалған зергерлiк
бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы
тастар мен қымбат бағалы металдар бар
басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары
мен антиквариаттарды;
г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр
жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы
немесе механикалық көлiк құралын және
(немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен
басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық
көлiк құралдарын және тiркемелердi сату
кезiндегi олардың құнының өсiмi;
2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес
төлем көзiнен салық салынатын табысты
қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған
табыс жатады.
2. Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны
арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi
құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының
1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып
табылады.
Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi
сату құны мен бағалау құны арасындағы
оң айырма құн өсiмi болып табылады.
3. Бағалы қағаздарды сату кезiндегi құнның
өсiмi осы Кодекстiң 82-бабының 4-тармағына
сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),
2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
Параграф 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
167-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.
168-бап. Салықты есептеу және төлеу
1. Адвокаттар мен жеке
нотариустардың табыстары
2. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы
есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей
төленуге тиiс.
Параграф 3. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы
169-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы
Жеке кәсiпкердiң салық
салынатын табысы осы Кодекстiң 79-124,130-баптарына
сәйкес есептеледi.
Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Параграф 4. Басқа табыстар
170-бап. Төлем көзiнен
салық салынбайтын басқа
Төлем көзiнен салық салынбайтын
басқа табыстарға, осы Кодекстiң
149-162-баптарында көрсетiлмеген, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация
171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы
бойынша декларацияны мына
1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары
барлар;
2)
3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлердегi шетел банктерiндегi шоттарда
ақшасы бар жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiне
сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме
жүктелген адамдар;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
депутаттары, судьялар;
7) осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 12)
тармақшасында көрсетiлген, табыстары
олар үшiн белгiленген салық салынбайтын
шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс
етедi.
2. Осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында
көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс
салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен
ұсынады.
Ескерту. 171-бап жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003
жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),
бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2003.07.04. N 475 Заңымен
(2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi),
2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
172-бап. Жеке табыс салығы
бойынша декларация табыс ету
мерзiмдерi
1. Қазақстан Республикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке
кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын
қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс
салығы бойынша декларация табыс етпейдi.
Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003
жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).
173-бап. Шетел салығын
есепке алу
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан
Республикасынан тыс жерле төленген жеке
табыс салығының сомалары осы Кодекстiң
129-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген
тәртiппен Қазақстан Республикасында
жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке
алынады.
Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi
осы Кодексте белгiленген жеке табыс салығының
ставкасын қолдана отырып, осы табыстан
Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкiн
салық сомасынан аспауға тиiс.
Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
174-бап. Салық төлемiнiң расталмауы
171-баптың 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына
сәйкес жеке табыс салығы
|