Жеке табыс салыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:56, творческая работа

Описание работы

Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);

Работа содержит 1 файл

Жалпы ережелер.docx

— 32.28 Кб (Скачать)

Жалпы ережелер

141-бап. Төлеушiлер 

Осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын  төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан  әрi - салық төлеушiлер) болып табылады.

142-бап. Резидент емес  жеке тұлғаларға салық салу 
ерекшелiктерi

Резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 187-192-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 141-174-баптарына  сәйкес жеке табыс салығы бойынша  салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын  табыс етедi.

143-бап. Салық салу объектiлерi 

Осы Кодекстiң 144-бабында  көрсетiлген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер  мыналар: 
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар; 
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.

144-бап. Салық салынуға  жатпайтын табыстар 

Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:  
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;  
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;  
3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа); 
4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы; 
5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;  
5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;  
5-2) таза табысты бөлу кезiнде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;  
6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрi;  
7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар;  
8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;  
9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);  
10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;  
11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;  
12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердiң бiр жыл iшiндегi - айлық есептiк көрсеткiштiң 240 еселенген шегiндегi табысы;  
13) өткiзiлетiн күнi листингтiң ең жоғары және ең жоғарыдан кейiнгi санаттары бойынша қор биржасының ресми тiзiмдерiнде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен алынатын табысы;  
14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);  
15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштiң 70 еселенген шегiндегi төлемдер; 
16) қызметтiк iссапарлар кезiнде осы Кодекстiң 93-бабында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;  
17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;  
18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;  
19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;  
20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;  
21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;  
22) (алып тасталды) 
22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;  
23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;  
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);  
25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;  
25-1) осы Кодекстiң 100-бабының 4-тармағына сәйкес жүргiзiлген, оқытуға арналған шығыстар; 
26) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;  
26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер; 
27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;  
28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;  
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;  
30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүлiктiң құны;  
31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;  
31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;  
32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;  
33) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары; 
34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;  
35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;  
36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;  
37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетiнiң шарттары бойынша сатып алу сомалары;  
38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.  
39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.  
2. (алып тасталды) 
Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.07.10. N 483 Заңымен, 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

145-бап. Салық ставкалары 

1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында  көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық жылы iшiндегi салық салынатын табыстарына  мынадай ставкалар бойынша салық  салынуға тиiс: 
___________________________________________________________________ 
Салық төлеушiнiң салық | Ставкасы 
салынатын табысы | 
___________________________________________________________________ 
15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс 
көрсеткiшке дейiн сомасынан 5 процент

15 еселенгеннен бастап 40 15 еселенген жылдық есептiк 
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + 
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 8 процент

40 еселенгеннен бастап 200 40 еселенген жылдық есептiк 
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + 
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 13 процент

200 еселенгеннен бастап 600 200 еселенген жылдық есептiк 
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + 
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 15 процент

600 еселенген жылдық есептiк  600 еселенген жылдық есептiк 
көрсеткiштен бастап және одан көрсеткiштен салық сомасы + 
жоғары одан асатын сомадан 20 процент 
___________________________________________________________________  
1-1. Қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген, жылына ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерiнен аспайтын жалақысының төлем көздерiнен салық салынатын кiрiстерiне, қызметкерлердiң тоқсан iшiндегi орташа айлық кiрiсi ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша салық салынуға тиiс. 
2. Дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 15 проценттiк ставка бойынша салық салынады. 
3. Адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады. 
Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.07.04. N 475 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

24-тарау. Төлем көзiнен  салық салынатын табыстар 

146-бап. Салық төлеушiнiң  төлем көзiнен салық салынатын 
табыстары

Салық төлеушiнiң төлем  көзiнен салық салынатын табыстарына: 
1) қызметкердiң табысы; 
2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс; 
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi; 
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;  
5) стипендиялар; 
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

147-бап. Салықты есептеу  және төлеу 

1. Егер осы Кодексте  өзгеше көзделмесе, салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу  мен ұстап қалуды төлем көзiнен  салық салынатын табыс төленетiн  күннен кешiктiрмей жүргiзедi.  
2. Салық агенттерi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 20-ына дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.  
2-1. Салық агенттерi тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.  
3. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 383 және 390-баптарында белгiленген. 
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 377-1-бабында белгiленген. 
4. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстер төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады. 
Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

148-бап. Жеке табыс салығы  бойынша есеп-қисап 

1. Салық агенттерi жеке  табыс салығы бойынша есеп-қисапты  салық органына салық төленетiн  жер бойынша есептi тоқсаннан  кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей  табыс етедi. 
Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiстердi қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.  
2. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 384 және 390-баптарына сәйкес табыс етедi. 
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығы бойынша есептi табыс етуi осы Кодекстiң 377-1-бабына сәйкес жүргiзiледi. 
Ескерту. 148-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Параграф 1. Қызметкердiң  төлем көзiнен салық салынатын 
табысы

149-бап. Қызметкердiң төлем  көзiнен салық салынатын 
табысы

1. Қызметкердiң жұмыс берушi  есептеген, осы Кодекстiң 152-бабында  көзделген салық шегерiмдерi сомасына  азайтылған табыстары төлем көзiнен  салық салынатын табысы болып  табылады.  
2. Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

150-бап. Қызметкердiң заттай  нысандағы табысы 

1. Қызметкердiң заттай  нысанда алған табысына: 
1) заттай нысандағы еңбекақы;  
2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердiң мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;  
3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.  
2. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердiң осындай нысандағы табысы болып табылады.

151-бап. Қызметкердiң материалдық  пайда түрiндегi 
табысы

Қызметкердiң материалдық  пайда түрiнде алған табысы мыналарды  да қамтиды:  
1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;  
2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;  
3) жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiнiң сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары; 
4) жұмыс берушiнiң қызметкердiң өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары. 
Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).

152-бап. Салық шегерiмдерi

1. Қызметкердiң төлем көзiнен  салық салынатын табысын анықтау  кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр  ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:  
1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сома;  
2) асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердiң асырауындағы отбасының әрбiр мүшесiне айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сома. Аталған шегерiмдер бiр салық төлеушiнiң табысына - отбасы мүшесiне қолданылады.  
Бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.  
Асырауындағы адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен өмiр сүретiн және айына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жеке табыс көзi жоқ, салық төлеушiнiң отбасы мүшесi;  
3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары. 
4) Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары.  
5) (алынып тасталды) 
6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары; 
7) тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдi жөндеу, салу немесе сатып алу үшiн алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар. 
1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi шегерiмдер жүргiзiлмейдi. 
2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштiң және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың (асырауындағыларға) негiзiнде жұмыс берушiлердiң бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi.  
Ескерту. 152-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

153-бап. Салықты есептеу  және ұстап қалу 

1. Қызметкердiң табысы  бойынша жеке табыс салығының  сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын  табысына осы Кодекстiң 145-бабының  1-тармағында белгiленген ставкаларды  қолдану жолымен есептеледi.  
2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұлғаю нәтижесiмен ай сайын жүргiзiледi.  
3. Салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде салық агентi нақты жұмыс iстелген кезең үшiн алынған табысты негiзге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеудi жүргiзуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге мiндеттi.  
Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке тұлға жаңа жұмыс орны бойынша салық агентiне жұмыс iстеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиiс.

153-1-бап. Қазақстан Республикасының  резиденттерi болып 
табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы 
жоқ адамдар табыстарының жекелеген 
түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және 
төлеу тәртiбi

1. Осы Кодекстiң 178-бабының  14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетiлген  Қазақстан Республикасының резиденттерi  болып табылатын шетелдiк азаматтар  мен азаматтығы жоқ адамдардың  табыстарынан жеке табыс салығын  есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық  есептiлiгiн берудi салық агентi  осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында  көзделген шарттар орындалған  жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында  белгiленген салық шегерiмдерiн  ескере отырып, осы Кодекстiң 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi. 
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi. 
3. Салық агентi осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге құқылы. 
4. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс. 
Ескерту. 153-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Параграф 2. Төлем көзiнен  салық салынатын бiржолғы төлемдерден  түскен табыс 

154-бап. Бiржолғы төлемдерден  түскен табыс 

Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерiнiң қызметiне байланысты жеке кәсiпкердiң, жеке нотариус пен  адвокаттың кiрiс бойынша төлемдерiн  қоспағанда, салық төлеушiлердiң  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар  бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады. 
Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).

155-бап. Салық сомасын  есептеу 

Жеке табыс салығының  сомасы төлем көзiнен салық салынатын  бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставкаларды  қолдану жолымен есептеледi. 
Ескерту. 155-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Параграф 3. Төлем көзiнен  салық салынатын жинақтаушы 
зейнетақы қорларынан төленетiн 
зейнетақы төлемдерi

156-бап. Төлем көзiнен  салық салынатын зейнетақы 
төлемдерi

Информация о работе Жеке табыс салыгы