Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:37, реферат
Президент Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандағы этносаралық жѕне конфессияаралық келісім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету» — керек деп айтты.
Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол – ақиқат. Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-әлеуметтік, мәдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық реформаларды кең құлашта байсалды, тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
І. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢАРУ...........................................6
ІІ. САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ............................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................15
• азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру
үдерісін нығайту.
Бұрынғысынша мына мәселелер көкейкесті
болып отыр:
• биліктің халық алдында есептілігі,
оның ішінде, халық қалаулыларының есептілігі
мәселелері;
• сыбайлас жемқорлық проблемалары.
Мемлекеттік комиссия
қызметі негізгі бес салада жұмыс
істейтін болады, соған сәйкес бес жұмыс
тобы құрылған :
• жауапты органдардың өкілеттігін кеңейту
жөніндегі жұмыс тобы;
• жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу
жөніндегі жұмыс тобы;
• құқық қорғау органадары мен сот жүйесі
қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы;
• азаматтық
қоғамды дамыту жөніндегі жұмыс тобы;
• конституциялық даму перспективалары
мәселелері жөніндегі жұмыс тобы.
Мемлекеттік комиссияның басты мақсаты әралуан саяси күштер арасындағы ықпалдастықты конструктивті өріске бағыттау, билік пен оппозиция арасындағы қарым-қатынастарды прагматикалық ымыра негізінде дамыту, саяси ықпалдасудың арқасында қоғамда консенсустың орнауына септігін тигізу.
Екінші. Қазақстан халықтарының ассамблеясының мәртебесі мен беделін арттыру.
Еліміздегі этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру жүйесінің өзегі – Қазақстан халықтарының ассамблеясы болып табылады. Қазіргі күнде бұл саладағы ассамблеяның жетекші ролін сақтап қалу күн тәртібіндегі мәселе.
Атап өтетін
жайт, Қазақстанда ассамблеядан өзге
этносаралық қатынастарды үйлестіруге
бағытталған облыс және аудан орталығындағы
Достық үйлерінің жүйесі, этникалық театрлар
мен мұражайлар, ұлттық мектептер мен
БАҚ секілді институттар іс-әрекет жасайды.
Сонымен қатар, Еуропадағы Қауіпсіздік
пен Ынтымақтастық Ұйымының қолдауымен
этносаралық қатынастар мәселелерін талдау
жөніндегі гуманитарлық зерттеулер орталығы
құрылған.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында
сөйлеген сөзінде ассамблеяның ролін
күшейту қажеттігі туралы баса айтты.
• әуелден ассаблеяның
құқықтық мәртебесін анықтап, билік
органдары мен өзге қоғамдық институттармен
ықпалдасу ретін анықтайтын заң қабылдау
керек;
• ассамблея жанынан этносаралық қатынастар
мәселелерін зерттеу орталығын ұйымдастыру
қажет;
• ассамблея Хатшылығында заң жобасын әзірлеу ісін жандандыру мәселесі қолға алынуы тиіс;
• бұл этносаралық
қарым-қатынастарды реттеу институтының
халықаралық тәжірибе алмасу жөніндегі
әріптестік қызметін күшейтілу көзделуде;
• ассамблеяның өз құрамындағы ұлттық-мәдени
бірлестіктер арасындағы және республикалық
ұлттық-мәдени бірлестіктер мен жергілікті
ұлттық-мәдени орталықтар арасындағы
ықпалдастық деңгейін көтеріп, ассамблеяның
тұтастығын арттыру міндеті тұр;
• сонымен бірге, ассамблеяның ақпараттық-үгіттеу жұмысын қайта жандандыру мәселесі қаралу үстінде;
• жалпы алғанда, Қазақстан халықтарының ассамблеясының іс жүзіндегі қызмет аясын кеңейту, мәселен конфессияаралық толеранттылықты күшейту функциясын іске қосу секілді мәселелер күн тәртібінде тұр.
Үшінші. Үкіметтік
емес ұйымдарды әлеуметтік саланы дамытуға,
даму бағдарламаларын орындауды
қадағалауға тарту.
Үкіметтік емес ұйымдарды барынша белсенді
түрде мемлекеттің әлеуметтік іс-шараларына
қатыстыру бүгінше бірнеше мәселелерге
барып тіреліп тұр, оларды шешу үшін біраз
жұмыстарды атқаруды талап етеді:
• мемлекет пен үкіметтік емес сектор
арасындағы ықпалдасудың бірыңғай заң
тетіктерін әзірлеу мен арнайы ықпалдасу
институттарын қалыптастыру;
• салалық тұрғыдан және өңірлік (ұлттық)
деңгейдегі «үшінші сектордың» бытыраңқылығын
азайту, яғни оның тұтастығын арттыру,
өйткені, өңірлік тұрғыдан қарасақ үкіметтік
емес ұйымдар әркелкі тараған;
• мемлекеттің үкіметтік емес сектормен
тиімді әрекет жасау үшін ықпалдасу стратегиясын
әзірлеген абзал;
• үкіметтік
емес ұйымдардың тұрақты түрде жұмыс
істеу үшін жыл сайынғы мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайтумен
қатар, бюджеттен тыс қаражат көздерін
тартуды шектемей, алайда бақылауды күшейту
дұрыс;
• шынайы іс-әрекет жасайтын үкіметтік
емес ұымдар саны азаю үрдісі белең алды,
сол себепті де олардың тиімді жұмыс жасауына
бағытталған шараларды қолдану керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша, әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда шұғыл модернизация шарасын ойдағыдай өткізу еліміздің қарқынды ілгерілеуіне жаңа серпін беріп, Қазақстан Республикасына ғаламдағы барынша қуатты елу мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Осы арқылы халықтың әл-ауқаты әжептеуір артып, экономикамыздың әлеуеті одан сайын өсіп, мемлекеттік-саяси құрылым сипаты мейлінше демократиялық тұрпатқа ие болады деген тұжырым жасауға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Назарбаев Н.А. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. — 2007, 1 наурыз.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. –Алматы: «Эдельвейс». 104 б.
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы: басымдықтары мен іске асыру жолдары» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы. – Алматы: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2006. – 152 б.
«Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша