Жаңа Қазақстан жаңа әлемде

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:37, реферат

Описание работы

Президент Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандағы этносаралық жѕне конфессияаралық келісім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету» — керек деп айтты.

Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол – ақиқат. Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-әлеуметтік, мәдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық реформаларды кең құлашта байсалды, тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

І. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢАРУ...........................................6

ІІ. САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ............................................................10

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................15

Работа содержит 1 файл

Жаңа Қазақстан.doc

— 88.00 Кб (Скачать)

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Н. Назарбаев - «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

І. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢАРУ...........................................6

ІІ. САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ............................................................10

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................15

КІРІСПЕ

Президент Н.А. Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген  Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандағы этносаралық жѕне конфессияаралық  келісім мен ынтымақтастықты  одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы  жағдайларды қамтамасыз ету»  — керек деп айтты.

Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол – ақиқат. Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы  екендігін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-әлеуметтік, мәдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық реформаларды кең құлашта байсалды, тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді. 
Қазақстанды қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономикалық жағынан тәуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфессияаралық және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан әрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халықтары Ассамблеясы өз алдына қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз. 
Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды.

Біздің ел дамуындағы жетістіктеріміз бен табыстарымыз қомақты. Қазір өрлеудің басқа сатысында тұрғанымыз — мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының парасатты әрі заман үрдісіндегі бай тәжірибенің үлгісінде жүргізілуінде. Бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Қазақстан Халықтары Ассамблеясының республикамыздың қоғамдық өмірінде атқаратын рөлін “кішігірім БҰҰ” деп атауы тегін емес. Ендеше, туған Отанымызда қоян-қолтық араласып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан 130-ға жуық ұлт пен этностың мүдделерін білдіру Қазақстан Халықтары Ассамблеясына сеніп тапсырылған тарихи жауапкершілік. 
Тәуелсіздік алған  жылдар ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат өзінің толық мағынасында көп ұлтты және көп дінді мемлекет екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тәжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бәрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мәніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді. 
Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті. Президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мәжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен, болашаққа жасалып отырған жаңа әрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады.

Елді дамытуда, оны бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосуда, әлемнің гүлденген, технологиялы мемлекеттерінің қатарына бой түзеуде Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясына үлкен сеніммен қарайды, оған үлкен үміт артады. «Ең асылы – біз көп ұлтты бола отырып, халықтар достығын, ел байлығын сақтай білдік», – деді Президент Дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайында. «Біз ынтымақ арқылы өсіп, есейіп, жаңа жетістіктерге жетіп келеміз», – деген Елбасы сөзі осы саясатының лейтмотиві.

Сонымен, Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын егжей-тегжейлі саралап өтейік. Жалпы алғанда, еліміздің болашақ дамуына жол сілтейтін әрі стратегиялық маңызы бар осы құжаттың мазмұны бір-бірімен етене байланысты даму басымдықтар жүйесінен тізбектелген. Олардың саны жетеу болғанымен, оларды негізгі үш топқа біріктіруге болады: 
• әлеуметтік-экономикалық модернизация;

• саяси демократияландыру;

• ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету.

Соның алғашқы  екеуіне жеке-жеке тоқталып, сөз  болған мәселелерді тереңірек шолып  өтейік.

І. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢАРУ

Бірінші кезекте  еліміздің сыртқы экономикалық саясатындағы негізгі іс-әрекет бағыттары мен қағидаларын анықтап алғанымыз жөн, ол үшін Қазақстанның ғаламдық экономикаға ойдағыдай интеграциялануын қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл міндетті орындау үшін Елбасы келесіндей іс-шараларды асыруға ден қоюды талап етті: 
• түпкі өнімді экспортқа шығаруға бағытталған өндіріс ошақтарын қалыптастыру. Әсіресе, жоғары технологиялар салаларына басымдық беру, биотехнология орталықтары мен ақпараттық технологиялар парктерін құру; 
• еліміздің өңірлік және халықаралық экономикалық интеграция жобаларға белсене қатысу. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық пен Біртұтас Экономикалық Кеңістік аясындағы интеграцияны тереңдету мен ықпалдасу шеңберін кеңейту;

• Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену. Осы ұйымның  мүше-елдеріне беретін мүмкіндіктері мол. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетсіз мүше-елдердің экономикалық әлеуетін одан сайын әлсіретуі мүмкін; 
• экспорт-импорт несиелеуді мемлекет тарапынан қолдау. Бұл халықаралық тәжірибені әзірше тек қана еліміздің бір ғана даму институты – Экспорттық операцияларды сақтандыру мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады; 
• ІТ-саласындағы халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционері ретінде қатысу. Қазақстанның инновациялық қоры бұл шараны белсенді түрде іске асыруда;

• зияткерлік меншік құқығын қатаң сақтау. Жергілікті нарыққа сапалы сауда белгілерінің келуі осы зияткерлік заңнаманың орындалуына байланысты; 
• қолданбалы ғылым мен бизнесті бір арнаға тоғыстыру, ұштастыру мәселесі тұр. Ол үшін «инкубациялық жобалардың» дамуына жағдай жасау. Дамыған елдерде бұл кең тараған ынталандыру шарасы; 
• ұтымды геостратегиялық орналасуымызды пайдалану арқылы көлік пен байланыс кешенінің тиімді игерілуін арттыру керек. Ол үшін жуырда Көлік стратегиясы қабылданды;

• табиғи байлықтарды  игеруде шетел инвестицияларын одан әрі де белсене тарту. Шикізат ресурстарын өндіру кезінде тек қана ішкі мүмкіндіктерге сүйенбей сонымен бірге сырттан келетін қаржыны өндірісті жаңалауға құю керек; 
• Алматының өңірдегі қаржы және іскерлік орталығына айналдыру. Оңтүстік астанамызда шоғырланған қаржы-несие институттары, табиғи-климаттық жағдайлар мен қала инфрақұрылымы осы мақсатты асыруға сай. 
Екінші кезекте еліміздегі экономиканың ішкі әлеуетін көтеру міндеті тұр, оны іске асыру Қазақстан экономикасының тұрлаулы өрлеу даңғылына түсіруді қажет етеді. Осы мақсатқа жету төмендегідей шаралар қолдануды талап етеді:

• инфляцияны тежеу  кезек күттірмес шара болып тұр. Экономикалық өсімнің басым бөлігін  инфляция жоққа шығарады. Инфляцияның  белгіленген межеден шығып кетпеуін бақылауға алу қажет; 
• фискалдық саясатты жүргізу. Кеден баждары мен салық мөлшерін реттеу көптеген мүмкіндіктер береді, сол арқылы жоғары технологияларды дамытуға болады;

• мұнай-газ  саласын тиімді игеру. Өндіруші сектордың  терең өңдеу есебінен тиімділігін  және экономикалық қайтарымдылығын арттыру; 
• мемлекет меншігіндегі компанияларды тиімді басқару. Соған сәйкес, даму институттарының активтерін басқаратын «Қазына» қоры, ал ұлттық компанияларды бақаруға «Самұрық» мемлекеттік холдингі құрылды; 
• әкімшілік реформалар арқылы мемлекеттің экономикаға қатысуын оңтайландыру. Келісім-шарттық қатынастарды дамыту қоғамда орнықтыру қажет, әсіресе шетел инвесторларының үрейін өзіне жүктелген міндеттемелерді қатаң орындау;

• әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларды қалыптастыру. Біздің елде бұрын соңды болмаған тәжірибе болғанымен, өңірлердің дамуына үлес қосатын бірегей механизм;

• ел экономикасының өсіп-өнуін теңдестіре іске асыратын аумақтық даму стратегиясы қажет. Стратегия  шеңберінде өңірдің ұтымды ерекшеліктерін ескере, сол өңірдің жұмысын белгілі бір салаға арнайыландыру керек; 
• Елордасы Астанамыздың еуразиялық ықпалдастықтың өзегіне айналуы тиіс. Ол үшін сол жақ жағалауында медициналық кластер, халықаралық дәрежедегі университет, индустриалдық нифрақұрылым қалыптастыру мен іскерлік туризмді дамытуды қажетсінеді.

Үшінші кезекте  халықты әлеуметтік қамсыздандыруды  оңтайландырған жөн, оның орындалуы  экономикаға ауырлық түсірмейтін  жаңа әлеуметтік саясат жүргізілуіне байланысты болады. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев осыған байланысты мынадай нұсқаулар берді: 
• халықтың неғұрлым мұқтаж топтарына жәрдем беру. Әсіресе жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге кеңінен тартылуы тиіс;

• тұрғын үй құрылысын  дамыту. Өзектілігін жоймаған осы  мәселеде ипотекалық несиелеу мен тұрғынүй құрылысы жинақтау жүйесіне баса көңіл аудару қажет;

• денсаулық  сақтау жүйесін жаңа қағидаларға  сәйкестендіру. Бұл саланың қызметі  жуық арада автоматтандырылған жүйелер  негізінде жасайды. Ол үшін азаматтардың ауыр-сырқаттары туралы ақпаратты сақтайтын электрондық мәліметтер базасы қолданысқа енгізіледі; 
• қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе бұл салада нормативті-құқықтық база жасалынуы тиіс, сол үшін осы жылдың шеңберінде Экологиялық кодекс қабылданады; 
• бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу, олар БҰҰ-ның Ғаламдық келісім-шартында көрсетілген; 
• жаңа миграциялық саясат тұжырымдамасы қажет. Осы тұжырымдаманы әзірлеуге тиісті министрліктер мен ведомстволар тартылды. 
Төртінші кезекте келешек ұрпақ алдындағы зор міндетіміз ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды табыстау және өскелең ұрпақты ғаламдық бәсекелестікке қабілетті етіп баулу. Соған сәйкес, қазіргі заман білім мен Қазақстан халқының мәдениетін өркендету міндетін алып отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне келесіндей бағыттарды меңзеді: 
• үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру керек. Батыста кең тараған үздіксіз білім беру жүйесі елімізде де қалыптасуы қажет; 
• Мемлекеттік басқару акадедемиясын негізге ала отырып, Біріккен Вена Институтына балама ретінде Ұлттық Басқару Мектебін қалыптастыру. Осының арқасында елдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеріп, мемлекеттік аппаратты тұрақты әрі икем, қазіргі динамикалық әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерді реттеуге, сонымен бірге сырттан келетін қыр көрсетулерге дер кезінде әрі бара-бар қарымта қайтара алатын басқару жүйесіне айналдыру жалғасуда; 
• мәдениетті дамытуда мемлекет пен жеке сектордың қатысуын оңтайландыру. Қазіргі таңда мәдениет қайраткерлерінің жағдайын жақсартуға толық мүмкіндіктер бар. Бұл орайда мәдениет саласының қызметкерлеріне халық талғамына сай келетін, іскер топтардың көңілінен шығатын өнер туындыларын жасауы қажет. Іскер адамдар мәдениет саласын дамытуға мейлінше өз үлесін қосуы керек. Міне, осы іс-шаралар кешенін іске асыру әлеуметтік-экономикалық модернизацияны сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.

ІІ. САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ

Экономиканың  нарықтық заңдылықтарының жұмыс  істеуі саяси жүйенің ақаулықтарына  да байланысты - олар еркін әрі тиімді дамуы мүмкін немесе тежеліп істен  шығу қаупі бар. Демек, тиімді нарық  тетіктері саяси саланы жетілдіруді  талап етеді. Міне, осыны ескере, саяси модернизацияны жедел жүзеге асыруға республика басшылығы бекем бел буды. Сол үшін республика Президенті Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында саяси модернизацияға қатысты келесіндей мәселелерді көтерді.

Бірінші. Демократиялық  реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия. Қазақстанның саяси жүйесінде қордаланған мәселелердің оңтайлы шешімін табу әрі саналуан саяси күштерді өзара пікір алмасу арқылы ілгерілеуді көздеген Елбасы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құруды қолға алды. Себебі, алдымызда тұрған орасан-зор міндетті абыроймен орындап шығу билік органдарының, саяси институттардың және азаматтық сектор институттарының иық тіресе жұмыс істеп, қоғамдағы барша күш-жігерді жұмылдыруды талап етеді.

Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу  мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік  комиссияның жұмысы басталып, әуелден, жүргізілуге тиіс саяси жүйені реформалаудың  қарқыны, ауқымы мен тереңдігін алдын-ала анықтап алу сауалы өзекті болды. Сондықтан, оның алғашқы отырыстарында келесіндей мәселелер турасында уағдаластыққа қол жеткізілді: 
Біріншіден, Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиясы шеңберінде мақұлданған құжаттарды аяғына дейін жеткізіп, тиянақтау міндеті тұр.

Екіншіден, қазіргі  Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды талап етпейтін реформаларады іске асыру қажет. 
Үшіншіден, Ата Заңымыздың шеңберінде іске асыруға келмейтін саяси реформаларды байыппен әрі жан-жақты ойластыра келіп тиімді жүзеге асыру. 
Президенттің пайымдауынша мына мәселелер мен ұсыныстар Мемлекеттік комиссия жұмысында басты орын алуы тиіс: 
• мемлекеттің негізгі саяси институттарын одан әрі дамыту мен нығайту; 
• биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым тиімді өзара ықпалдасуы; 
• биліктің түрлі тармақтарының қызметіне тәуелсіз қоғамдық бақылау, сондай-ақ олардың есептілігін, ашықтылығын және тиімділігін күшейту; 
• Парламенттің жауапкершілігін ұлғайту және рөлін нығайту; 
• саяси тежемелік және тепе-теңдік жүйесін дамыту; 
• саяси партиялардың елдің саяси өміріне әлдеқайда белсене қатысуы; 
• біздің қоғамымыздың өмірінде үкіметтік емес ұйымдардың өзінің нақты орнын алуы тиіс;

Информация о работе Жаңа Қазақстан жаңа әлемде