Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:17, курсовая работа

Описание работы

Өнімнің бағалары сұраныс пен ұсыныстың өзара байланыстары нәтижесінде орнатылады. Экономикалық теория курсынан барлығымызға мәлім, сұраныс пен ұсыныс түрлі факторларды анықтайды. Фирмалардың өз өнімін нарыққа өткізуге ынтасы мен мүмкіндігін анықтайтын ең маңызды фактор - өндіріс шығындары болып табылады. Қандай да болсын тауарды өндіру белгілі бір мөлшерде шығындалуды қажет етеді. Ал шығындардың өзіндік салыстырмалы аздығына байланысты арнайы бағасы болады. Фирманың нарықты ұсынайын деп отырған белгілі бір тауардың саны бір жағынан, құнға (шығынға) және оны өндіруге арналған ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және екінші жағынан, тауардың нарықта өткізілетін бағасына тәуелді болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Өндіріс шығындарының мәселесіне кіріспе
1.1. Шығындардың түрлері, К. Маркс бойынша шығындар құрылымы. Қазіргі таңдағы экономикалық теориялар........................................................................4
1.2 К. Маркстің шығындар құрылымы – жүгіну және тұтыну шығындары......6
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар
2.1 Кезең ерекшеліктері, мақсаттары, кемімелі шектік қайтарымының заңы...........................................................................................................................9

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
3.1 Кезең ерешеліктері, шығындарды минимализациялау және табысты максимализациялау, өндіріс көлемінің өсімінен экономия концепциясы..........................................................................................................17

Қорытынды .........................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................27

Работа содержит 1 файл

өндіріс шығындары.doc

— 197.00 Кб (Скачать)

    Кемімелі  қайтару заңы қысқа мерзімді уақыт  аралығында пайдалануға тиімді, мұнда бір ғана өндірістік фактор тұрақты болып қалады. Заң шектік өнімнің азаюын, бірақ, міндетті түрде теріс мәнге дейінгі кемуін сипаттамайды.

    Тұрақтылар  мен айынмалы шығындардың соммасы  әрбір берілген көлемге байланысты ортақ шығындарды құрайды. ТС (total costs – ортақ құн). Графикте көрсетілгендей ортақ шығындардың қисығын алу үшін тұрақты шығындар соммасын TFC айнымалы шығындардың соммасына TVC қосу керек (1-сурет).

    Кәсіпкердің қажеттілігіне тек оның өндіретін  тауарларының жалпы шығындары соммасы емес, сонымен қатар орташа шығындар, яғни өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын фирма шығындары жатады. Өндірістің табытылығы мен шығындылығын анықтағанда орташа шығындар бағамен салыстырылады. Орташа шығындар орташа тұрақты, орташа айнымалы және жалпы орташа деп ажыратылады.

2-сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі орташа шығындардың қисықтары.   

    Орташа  тұрақты шығындар AFC (average fixed costs – орташа  бекітілген құн) - жалпы тұрақтылар шығындарын өндірілген өнім санына қатынасымен анықталады, яғни AFC = TFC/Q. Тұрақты шығындардың көлемі өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, AFC қисығының конфигурациясы монотонды, бірқалыпты сипат алады және өндірістің көлемі артқан сайын тұрақты шығындардың соммасы өндірілуі артып келе жатқан өнімнің бірлігіне келетінін растайды.  

    Орташа  айнымалы шығындар AVC (average variable costs – орташа айнымалы құн) – айнымалы шығындардың соммаларын оған сәйкес өндірілген өнімге қатынасымен есептеледі, яғни AVC= TVC/Q. 2-суретке  

назар аударсақ, орташа айнымалы шығындар басында азайып, кейіннен өседі. Мұнда да кемімелі қайтарым заңы іске асады екен. 

    Жалпы орташа шығындар АТС (average total costs – айнымалы жалпы құн) мына формуламен есептеледі: АТС = ТС/Q. 2-суретте жалпы орташа шығындардың қисығы тігінен, орташа тұрақтылардың АFC және орташа айнымалы шығындардың мәндерін қосындысы арқылы берілген. АТС және AVC қисықтарының U-формалы конфигурациясы бар. Екі қисық та кемімелі қайтарым заңына байланысты аса жоғары өндіріс көлемі жағдайында жоғарыға қарай бүгіледі. Тұрақты факторлар өзгермеген жағдайда бос емес жұмысшылардың санын арттырсақ еңбек өнімділігі азая бастайды. Нәтижесінде, орташа шығындардың өсімі артады. 

    Фирманың  іс-әрекетінің мәнін түсінуде  шектік шығындардың категориясының маңызы зор. Шектік шығындар МС (marginal costs – шектік құн)бұл, әрбір келесі өнім бірлігінің өндіруіне байланысты пайда болатын қосымша шығындар. Сондықтан, МС-ны бір-бірінің маңайында тұрған екі жалпы шығындардың көлемін азайту арқылы анықтауға болады. Оларды мына формуламен де есептеуге болады:     МС =  ТС/  Q, мұндағы   Q = 1. Егер тұрақты шығындар өзгермесе, онда шектік шығындар - әрқашан айнымалы шектік шығын болып табылады. Сондықтан, оларды жоғарыда аталған айырмасын табу долымен есептеуге болады.   

    Шектік  шығындар шығындардың арасындағы өндіріс  көлемінің Q артуы немесе азаюына байланысты өзгерістерді көрсете алады. Сондықтан, МС-ьі шектік пайдамен салыстыру (қосымша өндірілген өнім бірлігін өткізуден табылған пайда) нарық шарттарында фирманың іс-әрекетінің мәнін ашуда аса маңызды рөлге ие болады.   

3-сурет. Өндіріс пен шығындар арасындағы байланыс.

    3-суретте  шектік өнімнің және шектік  шығындар (орташа өнім немесе  орташа айнымалы шығындармен  тепе-тең)  өзгерісінің динамикасы арасында (шектік өнімділік) қарама-қарсы байланы та болады. Шектік (орташа) өнім өскенге дейін, шектік (орташа айнымалылар) шығындар азая береді және керсінше. Шектік және орташа өнімнің максималды мәндері нүктелерінде шектік МС және орташа айнымалы AVC шығындары минималды болады.

    Ортақ TC қарым-қатынастарын қарастырайық, орташа AVC және шектік MC шығындар орналасқан. Бұл үшін 2-суретте шектік шығындардың қисығын алып 1-суреттегісімен бір жазықтықта сәйкестендірейік.

      
 
 

4-сурет.  Ортақ, орташа, шектік өндіріс  шығындарының байланыстары. 

      Қисықтардың құрылымын зерттеу бізді мынадай қорытындыға алып келеді: :

    1. а нүктесінде, шектік шығындардың қисығы өзінің масимумына жеткенде, ортақ шығындардың қисығы ТС бүгілген түрінен батыңқылық жағдайына ауысады. Оның мәні мынада: а нүктесінен кейін ортақ өнімді бір ғана рет жетілдіргенде ортақ шығындардың өзгерістер көлемі артады;
    2. Шектік шығындардың қисығы орташа ортақ және орташа айнымалы шығындардың қисығын оның минималды мәндерінде қиып өтеді. Осыны қалай түсіндіруге болады? Егер шектік шығындар орташа ортақ шығындардан кем болса, соңғылары (өнім бірлігімен есептегенде) азаяды. Осылай, 4-суретте орташа ортақ шығындар шектік шығындардың қисығы орташа ортақ шығындардың төменінде орналасқанға дейін азая береді. Ортақ орташа шығындар шектік шығындардың қисығы орташа ортақ шығындар қисығынан жоғары орналасса өседі екен. Осындай жағдай шектік және орташа айнымалы МС және AVC шығындарында да қайталанады. Ал орташа тұрақты шығындар қисығына АFC келсек, мұнда ешқандай өзара тәуелділік жоқ.
    3. Шектік шығындар алғашында орташа ортақ шығындардан төмен болады. Бірақ, кемімелі қайтарым заңының іске қосылуына байланысты олар өндіріс көлемінің артуына байланысты аталғандарды және басқаларды да өсіреді. Енді өндірісті кеңейте берудің (еңбек шығындарын арттыра беріп) еш мәні жоқ болады, себебі бұл экономикалық жағынан тиімсіз. 

    Ресурстарға және өндірістік технологияларға  бағалардың өзгеруі шығындар қисығының ығысуына алып келеді. Осылай, тұрақты шығындардың өсімі FC қисығының жоғарыға қарай, ал тұрақты шығындар AFC ортақтың құрылымды бөлшегі болғандықтан, осы қисық та жоғарыға қарай ығысады. Айнымалы қисықтар және шектік шығындарға келсек, онда тұрақты шығындардың өсімі оларға ешқандай әсерін тигізбейді. Айнымалы шығындардың өсімі (мысалы, еңбек құнының қымбасттануы) орташа айнымалы қисығының жоғарыға қарай ығысуын мәжбүрлейді, бірақ тұрақты шығындардың қисығына ешқандай өзгеріс еңгізе алмайды.

Осындай жолмен технологиялық өзгерістердің  нәтижелерін де сипаттауға болады. Егер олар өндірістік факторлардың арзандауын немесе олардың өнімділігін арттырса, онда сәйкесінше, шығындар қисығы төменге қарай ығысады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 Бөлім.

3.1 Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар: кезең ерешеліктері, шығындарды минимализациялау және табысты максимализациялау, өндіріс көлемінің өсімінен экономия концепциясы.

    Ұзақ  мерзімді кезең – бұд сондай уақыт аралығы, осы кезде фира барлық пайдаланатын ресурстарының санын (өндірістік қуатын қоса алғанда) өзгерте алады. Сонымен қатар, осы кезеңнің өзінің уақыт аралығы белгілі бір фирмалар осы саладан кетіп, ал басқалар, керсінше осы саламен айналысуға уақыт жеткілікті болуы қажет.

    Белгілі бір өндіріс көлеміне жету үшін аталған  пайдалану комбинациялардың жиыны  көп мөлшерде болса, онда мынадай ой пайда болады: осы жиыннан қай комбинация ең тиімді, яғни минималды шығындармен қажетті өндіріс көлеміне жетуге мүмкіндік беретін бола алады? Пайдаланылатын факорларды кәсіпкер нарықта сатып алатындықтан, олардың бірігуі нұсқасын таңдағанда ол нарықтық бағаларды да ескеру керек. 

     Фирма екі айнымалы факторды пайдаланады  деп ойлайық – еңбек және капитал. Еңбек бірлігі бағасы РL 2 ақшалық бірлікті, капитал бірлігінің бағасы РK - 3 ақшалық бірлікті құрайды. Берілген өндіріс көлемі өндірістік факторларының мынадай комбинациялырын пайдалану арқылы жүзеге асырылады: 7L және 1K, ЗL және 2K, 2L және ЗK, 1L және 7K. Берілген мәліметтерге сүйене отырып өнімнің Х бірлігінің изоквантасын құрастырайық (5-сурет).

5-сурет.  Х өнімінің шығарылуының изоквантасы.

      Енді осы жағдайды былай талдайық: егер кәсіпкерде 3 ақшалық бірлік болса, онда ол тек 1 капитал бірлігін ала  алады. Сәйкес нүктелерді абциссалар мен  ординаталар осінде белгілеп, түзумен  қосайық.  Нәтижесінде изокоста (изокоста – «тең шығындар») 3 ақшалық бірлік пайда болады. Изокоста - әрбір нүктесі өндіріске еңгізілетін екі айнымалы фактордың (бірдей шығын жағдайында) түрлі комбинацияларын көрсететін түзу. Жоғарыда аталған тәсілмен 6, 9, 10 және 18 ақшалық бірлік изокосталарын салайық. Нәтижесінде изокосталар картасы пайда болады. (6-сурет)  

6-сурет. Изокосталар  картасы.

 

7-сурет. Пайдаланылатын  өндіріс факторларының тиімді  жиыны. 

    Ал енді Х бірлік өнімінің изоквантасын изокосталар  картасымен сәйкестендірейік. 7-суретте  анық байқалып тұр, изокванта А нүктесінде 12 ақшалық бірлік изоквантасын қиып өтеді. Осыдан, кәсіпкердің өндірістік факторларды сатып алуға жұмсаған шығындары минималды болады, егер ол 3 еңбек бірлігін және 2 капитал бірлігін сатып алса ғана орындалуы мүмкін:   (2 ақшалық бірлік•3)+(3 ақшалық бірлік•2)=12 ақшалық бірлік. Бұл пайдаланылатын өндіріс факторларының оларды сатып алуға (шығындарды минимализациялау үшін)  ең тиімді бірігуі болып табылады. Оның қандай да болсын басқа комбинациясы (7L және 1K, 2L және ЗK, 1L және 7K) кәсіпкерге сатып алуға қиынға түседі.

 

8-сурет. Белгілі  бір шығындар көлемінде өнімнің  максимизациялануы.

     Берілген пайдаланылатын фактолар комбинациясы (3L және 2K) берілген өндіріс көлемінде және шығындар соммасында шығындарды минимизацияланады. 8-суретте өндіріс көлемін максимизациялау үшін А нүктесіне сәйкес  факторлар комбинациясын пайдаланады. Фирма Р2 изоквантасына сәйкес өндіріс шығынын қамтамасыз ете алмайды. Барынша  
 

9-сурет. Пайдаланылатын  факторды оның бағасының өзгеруіне  байланысты ауысуы.

 

жоғары  изокванталарға өту үшін фирмаға  қосыша өндірістік факторлар (еңбек  және капитал) қажет.

     Өндірістің сатып алынатын факторларының  бағасының өзгеруі  изокостаның  иілу бұрышын өзгертеді. 9-суретте  Е1 алғашқы изокостасына фирма өзінің шығындарын А1 нүктесінде минимизациялайды ( К1 капитал бірлігін және L1 еңбек бірлігі арқылы). Егер, мысалы, капитал бағасы өссе, онда оның пайдаланатын өсімі азаяды.

    Бұрыңғы өндіру көлемін сақтап қалу үшін ( алдыңғы  Q изокваетасына тиісті), фирма капиталды еңбекпен техникалық түрде алмастыруы қажет. Осы кезде изокостаның иілу бұрышы артады да Е2 қалпын алады. Енді фирма өзінің шығындарын К2   капитал бірлігі және L еңбек бірлігін пайдалана отырып А2 нүктесінде минимализациялайды.

    Изокоста  түзуінің иілу бұрышы капитал бағасының бірлігінің еңбек бірлігіне қатынасына тең болады. Изоквантаның иілу бұрышы капиталдың шектік өнімінің еңбектің шектік өніміне қатынасы арқылы анықтаймыз. А нүктесінде (7-сурет) осы екі түзу де бірдей иілгендіктен, онда мынадай қорытындыға келуге болады: берілген нүктеде капитал мен еңбектің шектік өнімдері қатынасы сәйкесінше капитал мен еңбек бірлігінің бағаларына тең болады:

      МРK/МРLKL. (1.1)

    Барлығымызға  белгілі, технологиялық капиталды  еңбекпен ығыстыруының шектік нормасы капитал мен еңбек шектік өнімдерінің қатынасына тең болады: 

      MRTS=MPK/MPL. (1.2)

  (1.2) формуласын ескере отырып, (1.1) формуласын өзгерткеннен соң, мынадай нәтижені аламыз:

      МРKK=МРLL. (1.3)

    Осыдан, өзінің шығындарын минимизациялау үшін (өндірістің берілген көлемінде) фирмаға белгілі бір факторды басқасымен шектік өнімнің әрбір факторға қатынасы өндіріс көлемін бергенге дейін ығыстыра беруі қажет. Басқаша айтқанда, (1.3) теңдеуі минималды шығындар соммасында әрбір өндірістік факторға жұмсалатын қосымша ақшалық бірлік шығыны өндірілетін өнімге бірдей өнім санын қосып отырады.

    Ұзақ  мерзімді кезеңде барлық пайдаланылатын факторлардың айнымалы сипаттамасы  фирмаға оларды біріктірудің ең тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік бергендіктен, бұл жағдай орташа шығындардың динамикасы мен көлеміне әсер етпей қоймайды.

    Сонымен, фирма өндіріс көлемін, өз қуатын арттырғысы келді дейік. Сонда оның ортақ орташа АТС шығындарымен не болады екен? Кеңейтілудің бастапқы кезеңінде олар азая бастайды, ал кейін өндіріске жаңа қуат көздері қосылғаннан соң, өсуге бастайды.  

    Осы заңдылықтың мәнін ұғыну үшін ұзақ мерзімді ортақ орташа шығындар қисығын АТС немесе  жоспарлы қисықты қарастырайық.  

      
 

Информация о работе Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар