Валюталық терреу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:36, реферат

Описание работы

Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай-ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеуде валюталық реттеуге жатады.

Содержание

Кіріспе
1 Валюталық реттеу түсінігі
2 Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті
3 Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Валюталық реттеу.docx

— 33.05 Кб (Скачать)

 2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.       

3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен  қарыз алу операциялары және  осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы.      

4. Егер осы Заңның 20-24-баптарында аталған валюталық операцияларға қатысты валюталық реттеу режимдерi белгiленбесе, резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимін белгiлеуге құқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады. 
      Осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды.

         17-бап. Шетел валютасын сатып алу және сату     

1. Өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде сатуға және сатып алуға құқылы. 
      2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді. 
   18-бап. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, 
номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелу және әкету, жiберу.     

1. Резидент және резидент емес  жеке тұлғалар әкетiлетін қолма-қол  шетел валютасының қайдан алынғанын  растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы. 
      Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкететін кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың қайдан алынғандығының заңды екендігін растайтын құжаттарды табыс етуі қажет. 
      Әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғандығының заңды екендiгін растайтын құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.       

2. Резидент және резидент емес  жеке тұлғалардың баламасы үш  мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол ұлттық валютаны Қазақстан Республикасына әкелуi және одан әкетуi қолма-қол шетелдiк және (немесе) ұлттық валютаның әкелiнетiн немесе әкетiлетiн бүкіл сомасына кедендік декларация беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.      

3. Номиналдық құны (номиналы) ұлттық  валютамен және шетел валютасымен  көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдердi, чектердi, оның iшiнде жол чектерiн)  Қазақстан Республикасына әкелу  және әкету жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусiз жүзеге асырылады.       

4. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын, сондай-ақ резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелуін және әкетудi кедендiк ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      

19-бап. Ақпарат және құжаттар  ұсыну жөнiндегі мiндеттеме     

1. Қазақстан Республикасының аумағында  қызметiн жүзеге асыратын резиденттер,  сондай-ақ резидент еместер осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында валюталық реттеу мен бақылау органдарына және валюталық бақылау агенттерiне өздерi жүргiзетiн валюталық операциялар бойынша есептiлiктi, ақпарат пен құжаттарды ұсынуға мiндетті.      

2. Резиденттер және резидент  еместер уәкілеттi банктердiң сұратуы  бойынша олар арқылы жүргiзiлетiн  валюталық операциялар жөнiндегi төлемдер мен ақша аударымдарының  мақсатын көрсетуге, сондай-ақ  осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарының көрсетілген мақсаттарын растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттi.

         27-бап. Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi     

1. Валюталық бақылаудың мақсаты  Қазақстан Республикасының резиденттерi  мен резидент еместер валюталық  операциялар жүргiзген кезде олардың  Қазақстан Республикасының заңнамасын  сақтауын қамтамасыз ету болып  табылады.      

2. Валюталық бақылаудың мiндеттерi:       

1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкестiгiн айқындау;      

2) валюталық операциялар бойынша  төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды  жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың  болуын тексеру;      

3) валюталық операциялар бойынша  есепке алу мен есептіліктiң  толықтығын және объективтiлiгiн  тексеру болып табылады.     

 28-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi     

1. Қазақстан Республикасында валюталық  бақылауды Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкілеттіктерi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттерi жүзеге асырады.      

2. Уәкілетті банктер және уәкілетті  ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады. 

29-бап. Валюталық бақылау органдары  мен агенттерiнiң  
               құқықтары және мiндеттерi     

1. Валюталық бақылау органдары  мен агенттерi өз құзыретi шегiнде  резиденттер мен резидент еместердiң  Қазақстан Республикасында жүргiзетiн  валюталық операцияларына осы  операциялардың Қазақстан Республикасының  заңнамасына, лицензиялардың шарттарына, тiркеу және хабарлама талаптарына  сәйкес келуi бөлігінде бақылауды  жүзеге асыруға мiндеттi.     

 

 

  2. Валюталық бақылау  органдары өз құзыретi шегiнде:       

 1) резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын тексерудi жүзеге асырады;      

2) резиденттер мен резидент  еместердiң валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілігінің толымдылығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады;       

3) валюталық операцияларды жүргiзуге  байланысты құжаттар мен ақпаратты сұратады;      

4) валюталық бақылауды тиiстi түрде жүзеге асыру мақсатында валюталық бақылау агенттерiне олардың орындауы үшін мiндеттi тапсырмалар бередi;      

5) валюталық операциялар бойынша  есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;       

6) анықталған құқық бұзушылықты  жою туралы талаптар қояды  және Қазақстан Республикасының  барлық резиденттерi мен резидент  еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi  болып табылатын Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.     

 

3. Валюталық бақылау агенттерi:       

1) өздерi, оның iшiнде клиенттердің тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;      

2) валюталық операциялар бойынша  есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;       

3) Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес  өз клиенттерi жол берген, өздерiне  белгілі болған Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi  туралы Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;      

4) валюталық бақылау органдарына  өздерiнің қатысуымен жүргізiлетiн  валюталық операциялар туралы  Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің  актілерінде және валюталық реттеу  органдарының нормативтік құқықтық  актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi.      

4. Валюталық бақылау органдары  мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн  жүзеге асырған кезде өздерiне  белгiлi болған коммерциялық, банктiк  және заңмен қорғалатын өзге  де құпияны Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.       

5. Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер  мен ақша аударымдарын соңғысы  осы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.      

6. Резиденттер мен резидент  еместер валюталық операцияларды  жүргiзген кезде олардан валюталық  бақылау агенттерi валюталық бақылауды  жүзеге асыру мақсатында осы Заңға сәйкес мыналарды талап етуге құқылы:      

1) жеке басты куәландыратын  құжат (жеке тұлғалар үшiн);      

2) Қазақстан Республикасында тұрақты  тұру құқығын растайтын құжат (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн);      

3) құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшiн);      

4) мемлекеттiк тiркеу туралы  куәлiк (заңды тұлғалар үшiн); 
      5) алып тасталды;      

6) салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжат;      

7) валюталық шарт;      

8) осы Заңда белгiленген жағдайларда лицензия, тiркеу куәлігi, хабарлама туралы куәлiк;      

9) мәмiле паспорты;      

10) экспорт (импорт) мәмiлелерi бойынша мiндеттемелердi орындауды не соның негiзiнде орындаудың қажеттігін растайтын құжаттар.       

7. Уәкiлеттi банктер жүргізiлетiн  валюталық операцияларға тiкелей қатысты емес құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес.      

8. Тұлға осы Заңға сәйкес  және валюталық реттеу мен  валюталық бақылау органдарының  нормативтiк құқықтық актілерiнде  талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған  не дұрыс емес құжаттар ұсынған  жағдайда не Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасында талап  етілетiн iс-әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда уәкiлеттi банктер валюталық операцияны жүзеге асырудан бас тартады. 

                                           Қорытынды

 

 

  Қорыта айтсақ Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.  
Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Жоспар:

Кіріспе

1 Валюталық реттеу түсінігі

2 Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті

3 Валюталық бақылаудың мақсаттары  мен міндеттері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Кіріспе

Қазақстан Республикасының валюталық  саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің  міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет  енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Нарық экономикасына өту  жағдайында және экономикалық    дағдарысты жоюда, макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР  банк жүйесі маңызды роль атқарады.

ҚР  Ұлттық  банкі  түрлі  күрделі  операцияларды  орындайтын  және     ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын     қамтамассыз  ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк    болып есептеледі.

Информация о работе Валюталық терреу