Валюталық терреу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:36, реферат

Описание работы

Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай-ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеуде валюталық реттеуге жатады.

Содержание

Кіріспе
1 Валюталық реттеу түсінігі
2 Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті
3 Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Валюталық реттеу.docx

— 33.05 Кб (Скачать)

   Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай-ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеуде валюталық реттеуге жатады.                   Валюталық реттеу және валюталық  бақылау Қазақстан Республикасында Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57-III Заңымен реттеледі.         Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды.

  Осы заңның 4-ші бабында валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері қарастырылған.

1. Валюталық реттеудің мақсаты  тұрақты экономикалық өсуге қол  жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің  саясатына жәрдемдесу болып табылады.

2. Валюталық реттеудің міндеттері:      

1) Қазақстан Республикасында валюталық  құндылықтардың айналысының тәртiбiн  белгілеу;     

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік  экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін  жағдайлар жасау;     

3) валюталық операциялар мен  капитал легi жөніндегі ақпараттық  базаны қамтамасыз ету болып  табылады.     

Осы заңның 5-ші бабында валюталық  реттеу органдары:     

1. Қазақстан Республикасында валюталық  реттеудiң негізгі органы Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi болып  табылады.     

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi  және өзге де мемлекеттiк органдар  валюталық реттеуді өз құзыретi  шегінде жүзеге асырады.     

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi және Қазақстан Республикасының  Үкiметi осы Заңға сәйкес өз  құзыреті шегінде резиденттер  мен резидент еместер үшін  мiндеттi нормативтік құқықтық  актiлер шығарады.     

 Валюталық реттеу органдары  әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері  жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкімен міндетті түрде келісiлуге  тиіс.     

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi валюталық реттеудің негізгі  органы ретiнде:     

1) шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастыру жөніндегі  қызметті жүзеге асыру тәртібін  және оған қойылатын талаптарды;      

2) резиденттер мен резидент  еместердiң валюталық операцияларды  жүзеге асыру тәртiбiн, соның  iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:

34 бапқа сәйкес 2007 жылғы  1 қаңтардан өз күшін жойды;

тiркеудi; 
      хабардар етудi;     

3) Қазақстан Республикасының аумағында  қызметін жүзеге асыратын резидент  еместердің валюталық операцияларына  мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;     

4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен  келiсiм бойынша олардың құзыретiне  сәйкес барлық резиденттер мен  резидент еместердiң орындауы  үшін мiндеттi валюталық операциялар  бойынша есепке алу және есептілік  нысандарын белгілейдi. 
      Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi. 
      

Осы заңның 6-шы бабында:

 Шетел валютасымен айырбастау  операцияларын   ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар      

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел  валютасымен айырбастау операцияларын  ұйымдастыру жөніндегі қызметті  жүзеге асыруға лицензия береді.      

 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтай құжаттарын келiсу тәртiбi, құрылтайшылардың құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерiне және қалыптасу тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу жөнiндегi шектеулер қосымша белгіленедi.      

3. Резиденттер лицензия алу  үшiн Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау  туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан  басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі 1), 3)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.     

4. Шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастыру жөніндегі  қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiледi. 
      Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.      

5. Лицензия беруден бас тарту  үшін мыналар негіз болып табылады:      

1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;     

2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;     

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiнде көзделген өзге де негіздер.      

6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. 
      

7-бап. 34 бапқа сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан өз күшін жойды

8-бап. Валюталық операцияларды  тіркеу     

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі осы Заңның 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.     

2. Тіркеу режимі валюталық шартты  тіркеуді және тіркелген валюталық  шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды.     

3. Валюталық операцияға қатысушы  резидент Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне тіркеу үшін: 
      1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі басынан бастап қолданылған жағдайда - тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы басталғанға дейін; 
      2) егер тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеп соққан жағдайда - осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін; 
      3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде және валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы қажет болған кезде қолданылған жағдайда - осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін; 
      4) өзге жағдайларда - валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруге міндетті.     

4. Резиденттер валюталық операцияларды  тіркеу үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4), 6), 7), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сiлтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.     

5. Резидент құжаттардың толық  топтамасын тапсырған күннен  бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады. 
      Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.     

6. Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:     

1) дұрыс емес ақпарат ұсыну  не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;     

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.      

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің нормативтік құқықтық  актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді. 
      

11-бап. Валюталық мониторинг     

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан  Республикасының төлем балансының  тұрақтылығын бағалау мақсатында  жүзеге асырады.     

 Валюталық мониторингтің негізгі  міндеттерi:     

1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар  бойынша ақпарат базасын жасау;      

2) Қазақстан Республикасы төлем  балансының, сыртқы борышының және  халықаралық инвестициялық позициясының  статистикасын, оларды талдау  мен болжауды жетiлдiру болып  табылады.     

2. Резидент емес заңды тұлғалардың  Қазақстан Республикасының аумағында  бiр жылдан астам жұмыс iстейтін  филиалдары мен өкілдiктерi валюталық  мониторинг объектiлерi болып  табылады, Валюталық мониторинг  қолданылатын қызметтiң түрлерiн  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі айқындайды.     

3. Валюталық мониторинг белгіленген  есептілік нысандарына сәйкес  валюталық мониторинг объектiлерiнiң  резиденттермен және резидент  еместермен iске асыратын жобалары  бойынша олардан ақпарат жинау  әдiсiмен жүзеге асырылады.     

4. Валюталық мониторинг жүргiзу  үшiн есептілік мерзiмдерi мен  нысандары Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық  актісiнде белгіленедi.     

 12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау     

1. Ұлттық және шетел валютасын  репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына: 
      1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді; 
      2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін  резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді. 
      Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. 
      Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады. 
      Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы. 
      2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес: 
      1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған; 
      2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған; 
      3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған; 
      4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі. 
      3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді. 
      5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс. 
      Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті. 
      6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 
    13-бап. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар     

 Резиденттер арасындағы валюталық  операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:      

1) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын операциялар;       

2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;       

3) валюталық операциялар жүргізу  жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;      

4) номиналдық құны шетел валютасымен  көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;     

4-1) тазартылған құйма алтынды  сатып алу және сату жөніндегі  операциялар;      

5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;      

6) шетел валютасымен көрсетілген  вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;      

7) бажсыз сауда дүкендерінде  тауарларды сату кезінде, сондай-ақ  халықаралық тасымалдаулар кезіндегі  жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;      

8) қызметкерлердi Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге iссапарларға жiберуге байланысты шығыстарды төлеу;      

9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз  аударуы немесе валюталық құндылықтарды  жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық  қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге  асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;      

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;      

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерімен көзделген жағдайларда  салықтар және бюджетке төленетін  басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар. 
          

14-бап. Резиденттер мен резидент  еместер арасындағы 
        валюталық операциялар

1. Резиденттер Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасына сәйкес  тараптардың келiсiмi бойынша резидент  еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер  жасасуға құқылы.      

Информация о работе Валюталық терреу