Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:26, реферат
2006 жылдың 1 наурыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ақша-несие саясаты туралы мәліметтерді талқылады. Жолдауда айтылғандай, «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляция бойынша мақсатқа жету үшін шамадан артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізетін болады, олардың ішіндегі негізгілері бұрынғыдай, қысқа мерзімді ноталар шығару және банктердің депозиттерін тарту, сондай-ақ ең аз резервтік талаптардың тетігін пайдаланады.
Мұнайдың төмен бағалардың сценарийі кезінде 2005 жылы мұнайдың әлемдік бағаларын бір баррель үшін 30 долларға, 2006 жылы 24 долларға және 2007 жылы 19 долларға дейін төмендету туралы болжам жасалды.
Әлемдік пайыздық ставкалар 2005 жылдың өзінде-ақ 4,5-5,0 %-ға дейін айтарлықтай өседі, ал 2007 жылдың аяғында 5,5-6,0% деңгейіне жетеді деп болжанады. Сонымен бірге банктердің сыртқы заем алуының нетто-әкелінуінде ресурстардың қымбаттауы салдарынан базалық нұсқамен салыстырғанда 2007 жылдың аяғында 2,3 еседен астам төмендеу үрдісі болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері базалық нұсқамен салыстырғанда шамалы ұлғаятын болады. Қарастырылып отырған кезеңде экономиканың жыл сайынғы өсу қарқыны баяулайды және базалық нұсқаға қарағанда төмен болады деп болжанады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шамадан артық өтімділікті реттеу бойынша операцияларының көлемі бір жылда орташа алғанда 560 млрд. теңгеге жуық болуы мүмкін[14, б.76-78].
Осы
жағдайларда ақша-несие
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырылған нұсқалардың ішінен базалық нұсқаны анағұрлым шынайы деп таниды.
Сонымен, банк жүйесіндегі өтімділікті шектеу жөніндегі міндет таяу перспективада әлі де болса көкейкесті күйінде қалады деп күтіледі.
Артық өтімділік мәселесінің өткірлігін төмендету үшін және банктердің өтімділігін неғұрлым икемді түрде реттеу үшін ең аз резервтік талаптарды қалыптастыру тетігіне тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы мақсаттар үшін банктер міндеттемелерінің құрылымын анықтаудың олар бойынша ең аз резервтік талаптардың нормативін сақтауға тиіс түрлі нұсқаларын, сондай-ақ олардың орындалу тәртібін қарастыратын болады және тиімді ақша-несие саясатын жүргізу үшін неғұрлым оңтайлы нұсқа тандап алынады.
Өтімділікті шектеу жөнінде көзделген шараларға қарамастан, алдағы үш жылда ақша агрегаттарының жылдық өсімдері экономикалық өсудің қазіргі кездегі қарқынын сақтауды қамтамасыз ететін болады.
Ақша-несие саясатын қатайту несиелер бойынша нарықтық ставкаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ставкалары әсерінің сипатын өзгертуді болжайды. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары экономиканы несиелеу, оның ішінде ставкаларды төмендету бойынша банктер қызметтерін жандандыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталса, «экономиканың қызып кетуін» болдырмау қажеттігі жағдайында ставкаларды төмендету мәселесі енді өзіндік мақсат ретінде қойылмайды.
Экономикадағы ставкалардың деңгейі нақты жағдайды негізге ала отырып пайда болатын тәуекелдер мен факторларға балама нарықтық негізде қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге қайтарылуына Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары бойынша сыйақысының шекті ставкаларын белгілеу тәжірибесі қайта қаралуға тиіс.
Активтері
үнемі өсіп келе жатқан жинақтаушы
зейнетақы қорлары
Қазақстан
Ұлттық Банкі қабылданатын шешімдер
процесінің тиімділігін арттыру
үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, мүдделі мемлекеттік
Ресми
қайта қаржыландыру ставкасының
реттеушілік қасиетін күшейту үшін
Қазақстан Республикасының
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз күш-жігерін ақша-несие саясаты құралдарының алуан түрлері жөніндегі ставкаларды келісуге және қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші ролін арттыруға жұмсайтын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инфляция жөніндегі болжамдардың дәлдігін арттыру мақсатында трансмиссиялық тетіктің моделін әзірлеу жұмысын жалғастырады. Ашық нарық операцияларының ауқымы кеңейтіледі, бағалы қағаздардың меншік портфелін ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады.
Өтімділіктің артық болуы сақталып отырған жағдайда инфляцияны реттеу жөніндегі міндет оны реттеуді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шығыстарын көбейтеді. Сондықтан, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірлескен іс-әрекетін күшейту талап етіледі.
Валюта саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай-ақ, өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтауға ниет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында "енжар позиция" деп аталатын бағытты ұстануға ниеттеніп отыр, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына қатысуын азайтуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-әрекеті валюта бағамының уақытша және алып-сатарлық ауытқулары салдарының әлсіреуіне ғана бағытталады.
Бағамның ауытқуы ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасына байланысты болады. Әлемдік валюталардың аса жоғары кұбылмалылығы жағдайында валюта нарығындағы ахуал көбінесе әлемдік нарықтағы ахуалға қарай айқындалады.
Валюталық
реттеу және валюталық бақылау саласында
Қазақстанда валюталық режимді
одан әрі бейтараптандыруға
Қазіргі
уақытта Қазақстан
2007
жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық
операцияларды лицензиялау
Жеке
сектордың инвестициялық
Валюталық тәртіпті толық бейтараптандырудың міндетті талаптарының бірі заңсыздық белгілері бар операцияларды шектейтін және бақылайтын жүйенің болуы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметінде заңсыз жолмен алынған ақшаны жария етуге қарсы іс-әрекет жүйесін құру жөніндегі кешенді шаралар кіретін заң жобасы жатыр. Ол барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде олардың ақпарат ағындары құрылатын жүйенің іргетасы болып табылатын банктердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып, ақшаның жария етуімен күрес жөніндегі тиімді жүйені құруды қарастырады.
«Экономиканың қызып кетуін» алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елге шетел валютасының келу жағдайын бақылайтын болады және қажет болған жағдайда туындайтын тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
Төлем
жүйелерінің жұмыс істеуін
Төлем карточкаларының ұлттық жүйесінің жұмыс істеуіне қойылатын жалпы талаптар 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.
2005
жылы елдің ішінде бөлшек
Сонымен бірге, төлем карточкаларына қызмет көрсету және сауда ұйымдарында төлем карточкаларын қабылдау желілерін кеңейту жөнінде бірыңғай ұлттық желі құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
Қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге ықпал ету саласында
Қазақстан Республикасының
Ақша-несие
саясаты қаржы нарығының
ЕурАзЭО және ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы нарықтары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастырады.
Бұдан
басқа, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық
кеңістік, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
және Орталық-Азия Ынтымақтастығын қалыптастыру
бойынша мемлекетаралық және ведомствоаралық
топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуға
ниет етіп отыр.Осылайша, ақша - несие саясаты
саласындағы қазіргі кездегі негізгі
бағыттары жүзеге асырылып, жетілдіріліп
келеді.
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Уикипедиядан
алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.