Валюта жүйесінің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:22, курсовая работа

Описание работы

ӘШын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................3

I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............5

1.1 Валюта жүйесінің экономикалық мәні...........................................................5
1.2Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы.........................................................8

II-ТАРАУ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ..................................................................................16

2.1. Валюта жүйесінің түрлері.............................................................................16
2.2 Халықаралық валюталық қатынастар ...........................................................20
III-ТАРАУ. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат..............................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................31

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 205.00 Кб (Скачать)

60 жылдардың аяғынан  бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі  дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің  құлдырау себептері келесідей:

  • Экономкалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
  • Бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;
  • Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);
  • Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.
  • Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар).

1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына езгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:

  • Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп, жаңа Халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы кол қойылған болатын;
  • Алтынды демонетизациялау занды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын күн өлшемі қызметін атқармайтын болды;
  • Елдерге кез-келген валюталық бағам режімін тандауға құқық берілді;
  • ХВҚ Бретгон-вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейтуге шақырды.

СДР-дің қызмет етуінің  мынадай басты мәселесі болды:

  1. эмиссиялау және бөлу;
  2. қамтамасыз ету;
  3. бағамды анықтау әдісі;
  4. СДР-дің пайдалану ауқымы;

1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

Доллар бағамының төмендеуі  мынадай факторларға байланысты болды:

  • АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;
  • доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15—30%-ке жоғарылауы;
  • АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;
  • Инфляцияның ұлғаюы;
  • АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі;

Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің  тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық  қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.

Еуропалық экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.

1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.

ЕҚ-тың максаты:

  1. шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;
  2. Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде ұстанымдарын нығайту;
  3. Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.

Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

  • Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.
  • Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
    • Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
    • Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.
    • ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.
    • Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;
    • ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;
    • Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.
  • Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық  жүйе қағидалары мынадай болды:

  • ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.
  • ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-ТАРАУ. ТӨЛЕМ  БАЛАНСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ  КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ 
2.1. Валюта жүйесінің түрлері

 
  Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. 
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. 
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. 
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі - эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. 
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. 
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. 
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы 
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады.Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. 
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды. 
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. 
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. 
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. 
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. 
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

2.2 Халықаралық валюталық қатынастар

Халықаралық валюталық  қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық  қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық  қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық  дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне  кері әсерін тигізеді.Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде  халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін  валюталык, қатынастарды ұйымдастыру  және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;
  • Дуниежүзілік валюталық жүйе;
  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық  жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық  жүйе—халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына  байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік валюталық  жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы  институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік валюталық  жүйелердің қызмет ету сипаты мен  тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың  құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың  негізгі элементтерінен көрінеді.

III-ТАРАУ. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық  валюталық қатынастарды реттеу екі  түрде жүзеге асырылады:

  • нарықтық реттеу;
  • мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта валюталарға  деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Баға тетігі және нарықтағы  валюталық бағам динамикасының  белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақта, мемлекет ертеден  бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Информация о работе Валюта жүйесінің экономикалық мәні