Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:22, курсовая работа
ӘШын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын
КIРIСПЕ.................................................................................................................3
I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............5
1.1 Валюта жүйесінің экономикалық мәні...........................................................5
1.2Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы.........................................................8
II-ТАРАУ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ..................................................................................16
2.1. Валюта жүйесінің түрлері.............................................................................16
2.2 Халықаралық валюталық қатынастар ...........................................................20
III-ТАРАУ. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат..............................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................31
Кіріспе
Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4,75 теңге болып бекітілген. Тоқтала кететін мәселе, осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.
Әуелгіде
ұлттық валютаға беделді
Ұзақ мерзімді перспиктивадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор. Теңгенің бағамы төмен жағдайда импортты көбейту экономика үшін тиімсіз, ол өңдеу өнеркәсібінің шикізат емес салалары мен қызмет салалары үшін валюталық тәуекел үрейін арттыра түседі.
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5 - 6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу - сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағамы өсіп келеді.
I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Валюта жүйесінің экономикалық мәні
Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай
мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), [1]мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық
(аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель,
чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға
дейін күміс валюта мен биметаллизм кең
тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын
валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде)
қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады.
Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып
отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер
өз валютасының номиналды алтындық баламын
тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде
валюта курсы валюталық шектеу арқылы
реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне
қарай айырбасталымды (конверсияланатын),
ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын
(томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді. [2]
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.[2]
1.2 Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы
Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық
Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:
Дүниежүзілік валюталык жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.
Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүние жүзілік валюталық жүйеге занды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 жылы Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.
Генуэз валюталық жүйесі
мынадай кағидаларда
1922—1928 жылдарға дейінгі вал ютал ық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ, бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:
Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929—19З6 жылдары дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей:
30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа 9шырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын терендете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.
БҰҰ-ның Бретгон-Вудстағы (АҚШ) 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халыкаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің келесідей қағидаларын анықтады: