Трансұлттық корпорация

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:04, реферат

Описание работы

Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар мемлекеттің шеңберінен шығады. Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде филиалдар мен еншілес компаниялардың құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері атқарылады. Филиалдар мен еншілес компаниялар мемлекеттің қатысуының басымдылығымен аралас компаниялар болып есептеледі.

Содержание

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

ТНК.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

    Алдағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттер үшін дәл осы шетелдік қызмет түрі олардың ТҰК-ның шетелдік қызметі сыртқы экономикалық байланыстарын анықтайды. 
 
 
 

 

       3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 

      Трансұлттық  және көпұлттық корпорацияларға  халықаралық компаниялардың ішінен бөлініп шыққан өркениетті корпорацияларды қосуға болады. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдары дами бастады. Өркениетті корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Химиялық, электро-техникалық, электронды, мұнайлы, көлікті, ақпаратты, банкті және т.б. кейбір салалар глобализацияның қарқынды дамуын білдіреді.

    ТҰК-ның шығуының жалпы себебі өндірістік күштердің дамуының негізінде ұлттық-мемлекеттік шекараларынан асып, өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесінің айғағы.

    Өндіріс пен капиталды ұлттандыру ірі компаниялардың шетелдерде өзінің бөлімдерін шаруашылық экспансиясының байланысымен ұлттық корпорацияларды трансұлттыққа айналдырылады. Капиталдың шығарылуы халықаралық корпорацияларды қалыптастырудағы маңызды фактор бола бастады.

    Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының нақты себептерін – үстеме пайда алуға ұмтылуы. Өз кезегінде қатаң бәсекелестіктің, осы күресте сақтану қажеттілігі халықаралық масштабта өндіріс пен капиталдың шоғырландырылуына алып келді. Әлемдік шаруашылық ағымындағы объективті экономикалық процесстерге сәйкес, трансұлттық корпорациялардың бірнеше өзіндік ерекшелгі сипатталады:

  • ТҰК халықаралық еңбек бөлінісінің белсенді қатысушылары бола отырып, оның дамуына көмектеседі;
  • Трансұлттық корпорациялардың капитал қозғалысы, ереже бойынша, корпорация орналасқан мемлекеттегі процестерден тәуелсіз болады;
  • ТҰК филиалды орналастыру, еншілік компаниялар, бөлімдер негізінде әлемдегі көп мемлекеттерде халықаралық өндірістің жүйесін орнықтырады.

    Трансұлттық корпорациялар өндірістің жоғарғы технологиялық, ғылымды қажет енетін салаларға енгізіліп, аса беделді қызметкерлер мен көп инвестицияларды қажет етеді. Осыдан трансұлттық компаниялардың осы салаларды басып алу немесе басқару тенденциясы байқала бастайды.

   ХХ ғ. 80-ші жылдың орта шенінде капиталистік әлемнің өнеркәсіптік өнімінің төрттен үші 2 мыңдай ірі корпорацияларда өндірілген. Бірнеше жүздігі 50 ден 80 %-ға дейін аса маңызды өнім түрін шығарған. Бұл трансұлттық корпорациялар негізгі өндірістік және инновациялық жаңалықтарды енгізіп келеді.

Трансұлттық  корпорация өзінің шетелдегі  қызметінде алғашқы компанияның  қолданатын жұмыстылық үлгісін қолданады және де жергілікті жағдайға да бейімделеді.

    1990-шы жылдардың басында БҰҰ бағалауына сәйкес, ТҰК тікелей немесе жанама 150 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, соның ішінде тікелей – 73 млн., бұл қазіргі өндірістік емес салалардағы жұмыс санының 10% сәйкес. Оның ішінде 60%-ы алғашқы компаниялардың қызметкерлері, 40%-ы әр түрлі шетел құрылымдары. Жартысынан көп шетелде жұмыспен қамтылған ТҰК жұмыскерлерінің 47%-ы дамушы елдерде жұмыс істеді.

    ХХғ. 90-шы жылдардың басында 1 млн.% инвестиция түрінде 30 мың жұмыс орнын дамушы елдерде, ал он бір мың шамасындағы орнын өнеркәсібі дамыған елдерде қамтамасыз етті. Трансұлттық корпорацияларда, АҚШ-ты санамағанда, алғашқы компаниялардың отанына қарағанда шетелде жұмыс істейтіндердің саны тезірек өскен. Дамушы елдерде ТҰК жұмыстылықтарының 1/3 экспортты өнім өндіретін еркін сауда аймақтарында жұмыс істеді. 2/3-тен аса қосылған компаниялардың шетел қызметкерлері өнеркәсіптік өндірісте іске қосылған, 30%-ы қызмет саласында, ал қалғаны – кен өндіру салаларында.

 

Мұнайдың әлемдік  бағасының серпіні 

(доллар/баррель)

      Металдар. 2005 жылдың мамырында ағымдағы жылдың сәуірімен салыстырғанда металдардың әлемдік рыногында бағаның төмендеуі байқалды. Мәселен, бағаның ең көп төмендеуі алюминий (7,9%), мырыш (4,3%) және мыс (3,8%) сияқты металдарға, ал ең аз төмендеуі - қорғасынға (0,2%) тіркелді. Бағаның өсуі тек қана қорғасын (0,2%) мен никельге (4,9%) байқалды. Қымбат металдар рыногында сондай-ақ алтын (1,7%) мен күмістің (1,4%) бағасы төмендеді. Болаттың барлық түрлері мен темір кенінің бағасы ағымдағы жылдың сәуіріндегі деңгейде өзгеріссіз қалды.

 

Металдардың және болаттың әлемдік бағасы

(доллар/тонна)

Ауыл  шаруашылығы және азық-түлік тауарлары. 2005 жылдың мамырында өткен аймен салыстырғанда бағаның төмендеуі күріштің барлық түрлеріне байқалды. Жүгерінің бағасы 1,0% төмендеді. Бидайдың барлық түрлеріне бағаның өсуі байқалды. Шайдың бағасы (3 аукционның орташа мәні) 6,7% төмендеді.

     2005 жылдың мамырында өткен аймен  салыстырғанда Еуропаның ішкі  рыногында қант бағасының 2% төмендегені тіркелді, АҚШ-тың ішкі рыногында қант бағасы 3,2% өсті, әлемдік рынокта – ағымдағы жылдың сәуіріндегі деңгейде қалды.

     Сиыр  еті мен балықтың бағасы, тиісінше, 2,7% және 1,2% өсті, ал қой етінің бағасы 3,9% төмендеді.

    Трансұлттық компаниялар өзінің экспансиясын ұлғайта отырып, әлемдік нарықты игерудің  әртүрлі формаларын қолданады. Бұл формалар елеулі дәрежеде келісім-шарттық қатынастарда болып, акционерлік капиталы басқа фирмаларға қатыстырмайды. Трансұлттық компаниялардың мұндай экономикалық формаларына: лицензиялау, франчайзинг, басқару келісім - шарттарын; техникалық және маркетингтік қызмет көрсету; кәсіпорынды ''сақадай сай'' өткізуді жатқызамыз. Іс жүзінде трансұлттық корпорацияның қызметтері формалары арасына нақты шекара қою өте қиын. Олар көбінесе шетелден инвестиция алуды дәстүрлі толықтыра алады.

    ТҰК дамуының маңызды ерекшелігі - олардың корпорациялар арасындағы қатынастарда орталықтандыру тенденцияларын күшейтеді. Лицензиялық келісім бұл заңды шарт, осы бойынша лицензия белгіленген уақытқа және белгіленген сыйақыға лицензиатқа белгіленген құқықтар ұсынады. Лицензияны табыстау трансұлттық корпорацияның фирманың ішкі шартымен де іске асырылады. Лицензиялық келісімнің ең маңыздысы – франчайзинг. ұзақ уақытқа есептелінген лицензиялық келісім. Осыдан франчайзез фирма-клиентке белгіленген құқық ұсынады. Бұл құқықтарға сауда таңбасын немесе фирма атын, сол сияқты көмек ретінде қызметтер: жұмыс күшінің біліктілігін көтеру, белгіленген төлемге сауда жасаумен басқаруы.

   Франчайзинг үлгісі – бұл ірі фирма (франчайзермен) мен оның кіші серіктесі (франчайзинг) арасындағы кооперация бойынша өндіріс, тауар мен қызмет көрсетуді өткізу саласындағы шарттық қатынастар жүйесі.

    Франчайзинг артықшылықтары, бұл:

  •  аз уақыт ішінде істің өріс алу мүмкіндігін беретін рыноктың дайын түрі;
  • Материалдар, шикізат, жабдық, жеткізуші, өткізу жүйесін, тәсілдерін және жұмысты қабылдау туралы ақпарат ұстайтын нақты ұсынылымдардың толық  пакеті;
  • Әйгілі және құрметті сауда таңбасында жұмыс істеу;
  • Арзан және сапалы жарнама;
  • Бизнестің ең тиімді территориялық орналасуы туралы ақпарат;
  • Франчайзерден қажетті жабдықты және материалдарды жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі.

    Франчайзингтің  үш негізгі түрі бар:

1. Тауарлы франчайзинг. Бұл ірі өндірушінің франчайзинг диллеріне өткізу және тауарлардың сервисті қызмет көрсетуіне (сәйкесті маркасымен) құқығын сатуынан тұжырымдалады (мысалы, автомобиль сатудағы диллерлік арналар);

2. Өндірістік франчайзинг. Ол белгілі бір өнімді дайындауға шикізат пен технологияның сатылуымен тұжырымдалады (мысалы, “Кока-Кола” өндірісі)

ХХ ғ. 80-ші жылдың соңынан бастап, трансұлттық корпорациялар экспансиясының (басқарушылық және маркетингтік қызмет көрсету сияқты) формалары әйгілі бола бастады. Басқарушылық қызмет көрсету шарты өзінше бір  келісімді көрсетеді, бұл бойынша өнеркәсіптің жедел бақылауы немесе оның қызметінің фазалары сәйкесті сыйақымен басқа кәсіпорынға беріледі. Кәсіпорынның шарты бойынша орындайтын қызметтері қоса алынады, соларды атап өтсек: өндірісті басқару, оның ішінде өндірістің техникалық және инженерлік аспектілеріне жауапкершілік, кадрларды басқару, шетел азаматтарын тағайындау мен босату, жергілікті жұмыс күші, оқытуды; техника мен шикізатты сатып алуын ; маркетинг және қаржылық басқару.

    Қазақстанға техникалық көмек көрсету келісім-шарт бойынша Жалпы ТҰК-ның халықаралық экономикалық байланыстарының көп түрлі формаларын пайдалану тенденциясы өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесі сияқты жаңа формалар мен тәсілдерін көрсете отырып дамытылып келеді.

      Қызмет түрі олардың ТҰК-ның шетелдік қызметі сыртқы экономикалық байланыстарын анықтайды. Егер трансұлттық корпорациялардың шетелдік өндіріс көлемін және олардың экспорт көлемін салыстырсақ, фирма ішіндегі сауданы қоспай, онда 80-ші жылдың соңында бұл ара қатынас АҚШ, Жапония және ГФР үшін сәйкесінше мынандай болды: 4,1:1; 2,6:1; 1,5:3. Бұл мемлекеттердің отандық компаниялардан өздерінің шетел филиалдарына экспорт жеткізу мен қызмет көрсету ролі жоғары. 1980-ші жылдардың екінші жартысында мұндай фирма ішіндегі саудаға АҚШ-тың 14-20%, Жапонияның 23-29% және ГФР-ның 24-28% экспорты келген. Барлық трансұлттық корпорациялардың шетел инвестицияларының жиынтығы, қазіргі кездегі саудаға қарағанда елеулі роль атқарады. ТҰК бүкіл әлемдегі жеке сектордың өндірістік капиталдарын бақылайды, бұл шетелде 90%-дан асқандағы тікелей инвестициялар болып саналады. Трансұлттық корпорациялардың ролін әлемдік экономикада – саяси-экономикалық, саудалық өндіріс, кәсіпкерлік, жүйелік, макроэкономикалық әр түрлі жүйелерде талдауға болады.

      Адам  қабілеттілігінің, ғылыми-техникалық  білімнің және тәжірибенің халықаралық  басқару ұйымы мұндай компанияларға өндірісті, өткізуді және материалды-техникалық қамтамасыз ету көздерін тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Трансұлттық құрылымының көмегімен олар: іскерлік кезең, экономикалық саясат, салық және кедендік баждар деңгейі, инфляция қарқыны, жалақы мөлшері, өнімділігі, техникалық стандарты, сұраныс номенклатурасы және т.б. сияқты халықаралық айырмашылықтарынан пайда ала алады. Бұдан басқа олар бұл айырмашылықты белгілі бір деңгейге төмендетіп немесе күшейтуге қабілетті. Қазіргі жобалау жүйелері мен ақпаратты коммуникацияларын қолдана отырып, бұлардың көбісі бірнеше мемлекеттерге, аймақтарға, бүкіл әлемге жеткілікті тиімді бәсекелесті стратегияларын әзірлеп таратады. Осы аталған және басқа да көп жағдайлардың арқасында халықаралық компаниялар мемлекетаралық қатынастарға ықпал жасайды. Компаниялардың кейбіреулерінің шығу тегі өндірістік революция кезінен келе жатыр, бірақ ХІХ ғасырдың соңы олардың белсенді және кең тарату дәуірі болды.

    Өткен уақыт ішінде халықаралық корпорациялармен іске асырылатын әсерлер, дамудың бағыттары мен қарқындары, қызметтің мінезі және шаралардың жалғастырылуы әсіресе ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейін ұлттандыру мен глобализация процестері тездетілуіне байланысты. Осыдан олардың өскелең ролі аталған процестердің нәтижесі де, себебі бірдей болғанын байқауға болады.

    Жалпы ТҰК-ң ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі дамуының динамикасын келесідей түрде көрсетуге болады. Олардың кең масштабты пайда болуы 1950—60 ж.ж. американдық құрылымдардан басталды, содан соң жапондық және неміс құрылымдарды қамтыды. Ағылшын, голланд және француз корпорациялары сол дәуірде өздерін дәстүрлі халықаралық ойшылдар ретінде көрінді. Кейбір аз дамыған мемлекеттік өнеркәсіптік-қаржылық құрылым да глобализация процесіне енгізіліп және өздерінің халықаралық жайғасымдарын нығайтты. 1980-ші жылдары олардың артынан Оңтүстік Корея мен кейбір дамушы мемлекеттердің компаниялары із басты.

      Корпорация  ішілік бәсеке үлгісі макродеңгейдегі  принциптерге негізделуі қажет  және өзінің тұлғалық қатынасын координаталар жүйесінде, яғни, бәсекені   белдігіне қарама- қайшылық күресінің орталығына сәйкес келетіндей қарастырылуы шарт: сатушылар арасында – сатып алушылар ақшасы үшін; сатып алушылар – сатушы тауарлары үшін; сатушылар мен сатып алушылар арасында – тауар  бағасы үшін күрес.

    Корпоративті тұлғаның құрылуының негізгі факторы ретінде бәсеке кәсіпорындар параметрлері мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қойылатын талаптарымен қатар, белгілі бір нақты шарттардың болуын талап етеді. Оларды атап өтсек:

  • құрылымдық бөлімшелер мөлшерінің салыстырмалы симметриялылығы немесе “олардың күштерінің теңдігі”;
  • әррбір бөлімше үлесін бағалау мүмкіндігі;
  • жеткілікті ақпаратты болу;
  • бөлімшелердің бірінің агрессиялы болуы.

    Жоғарыда келтірілген шарттардың нақты талдауы мен олардың әр қайсысының мәніне тоқталмай-ақ, осы барлық шарттардың шектеулі жиынтығы субъектінің рыноктық “өмірқабілеттілігін” анықтауды қамтамасыз ететін өте сирек (бірегей) тарихи құрылуына себеп болатынын атап кетеміз. Сонымен қатар, бірінші шарттың жүргізілуі, корпорация ішілік бәсекені ұйымдастырудың өте кең ауқымды түрін қамтамасыз етеді.

    Әдетте, коммерция саласында корпорация субъектілерінің құрылымдық  бөлімшелеріне шағын кәсіпорындар, бөлімшелер, секциялар жатады. Ішкі бәсекені ұйымдастырудың маңызды бағыты “параллелді” (“қайталау”) болуы мүмкін. Бұл жерде, бірдей параметрлі бөлімшелер, бірдей операцияларды іске асыра отырып, қаржы нәтижелеріне тікелей  әсерін тигізеді. Олардың атқаратын қызметтерінің салыстырмалы бірегейлігі, негізінен тауарларды сату – сатып алумен байланысты болатын, және олардың коммерциялық қызметінің нәтижелерінің сандық бағалау мүмкіндігі кәсіпорынның  ортақ нәтижесінде (табыс) олардың әр қайсысының үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Трансұлттық корпорация