Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:04, реферат
Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар мемлекеттің шеңберінен шығады. Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде филиалдар мен еншілес компаниялардың құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері атқарылады. Филиалдар мен еншілес компаниялар мемлекеттің қатысуының басымдылығымен аралас компаниялар болып есептеледі.
1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан
Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан
бастап егеменді ел болып өз
экономикасын дамытуға
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.
Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе ұдайы өндіріс тұрғысынан маңызды. Себебі, егеменді мемлекет болып даму үшін бизнестік құрылымдар әлемдік деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда ғана ҚР-ң болашақта қарқынды дамып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндік туады.
ТҰК
қазіргі экономика дамуының
Постиндустриалды кезеңдегі
Кәсіпкерліктің
ТҰК құрылымның тиімділігі –
олардың аймақтық және институционалдық
негіздерінде ұлғайтылатындығын білдіреді,
сондай-ақ оларды пайдаланатын көрсеткіштер
тобына тәуелді болады.
1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯ:
МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Корпорация фирманың ерекше түрі ретінде индустриалды дәуір жағдайында пайда болып, көлемін үлкейту жолымен бәсекелестікке бейімделуді өзіне мақсат етіп қойды. Корпорацияның бір түрі – акционерлік қоғам және оның түрлері.
Кәсіпкерлік түрлерінің одан әрі дамуы шаруашылықтық қосу тенденциясын біріктіру ретімен қатар, бағалы қағаздар түріндегі жалған капиталды белсенді пайдалануды бірге жүргізетін кәсіпорындардың қызметінен көруге болады. Басқа фирмалардың бақылаушы акция пакеттеріне немесе пайларындағы үлеске иелік ету жолымен олардың қызметтерін бақылайтын және басқаратын және осы қызметтен пайда табатын холдингтік компаниялар немесе холдинг-фирмалар кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Бақыланатын кәсіпорындар холдингте өз дербестіктерін іс жүзінде сақтайды, алайда экономикалық жағынан ол тұтас бір кәсіпорын болып табылады.
Холдинг
өзіне бағынышты
Бизнесті ұйымдастыру жөнінде, экономикалық теорияда – холдингтермен қатар, траст компанияларын немесе траст-фирмаларды бөліп қарайды. Олар өз акцияларын беріп, орнына өзгенің меншігін басқаруға маманданған. Бизнестің бұл түрі трастілік (сенімді) қатынастар деген атауға ие болды. Өз меншігін трастының басқаруына сеніп берген мүлік иесі, трастқа салынған жалпы меншіктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін және ол таратылған жағдайда түсімнен үлес алуға мүмкіндік беретін траст акцияларының тең иесі болып саналады. Капиталды біріктірудің бұл түрін АҚШ-та синдикат құруға тыйым салған заң шықаннан кейін 1887 жылы мүнай синдикатының заңгері Дод жасаған. Бірақ 1890 жылы тиісті заң қабылданғаннан және 1893 жылы холдингтік компаниялар құруға рұқсат берілгеннен кейін ғана трасттілердің көпшілігі холдинг түріне көшті
Индустриалдандырудан
кейінгі жағдайда корпорация
ірі масштабты өндіріс пен
бөлудің әр түрімен көрінді. Технологиялық
тұрғыдан қарағанда
Капиталды
біріктірудің неғұрлым кең
Қаржылық топқа кіретін әрбір фирма өз бетімен халықаралық сауда мәмілелерін жасай алады. Алайда, холдингтерде сияқты, қаржылық топтың ядросы - бас компания, қалғандары шаруашылық дербестігіне қатысты неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдайтын орталыққа айналады.
Қаржылық топқа кіретін өнеркәсіптік кәсіпорындар рынокты өзара бөліседі, баға туралы келісіп, рыноктарға шығуларды үйлестіреді және картельдік келісімге ұқсас қызметпен айналысады. Сонымен қатар, мынадай айырмашылығын атап өту қажет: бұл жұмыс картельде екі немесе бірнеше фирма арасындағы жалған немесе астыртын келісім негізінде жасалса, қаржылық топта күнделікті шаруашылық тәжірибе түрінде жүргізіледі.
Корпоротивтік секторлар - рационалды түрде капитал жинақтау, инновацияларды қабылдау, корпорацияаралық үйлесімді байланыстар мен тікелей тиімді өндірістік нәтижелер. Қазіргі бизнес дамитын корпорацияның негізгі түрі, сондықтан да қазіргі кәсіпкерлікті талдау – корпорация түрлерін талдаудан басталады. Ал, корпорацияның қызметі, ең алдымен, ішкі қызмет тиімділігін және дамудың сыртқы факторларын анықтаумен байланысты.
Корпоративтік кәсіпорынның құрылымдық элементтерінің параметрлері ерекше. Сонымен бірге, фирманың қазіргі теориясында корпоративті ұйымның екі түрін: қалыпты корпорацияны және корпоративтік мәдени кәсіпорнын бөліп қарауға болады.
Қалыпты корпорация мына сипаттарымен ерекшеленеді:
а) өндірістің тік (вертикалды) интеграциясы арқылы;
б) өзін өзі инвестициялау қабілеттігімен;
в)
фирмалардың өндірістік, инновациялық
және технологиялық
Корпоративті мәдени кәсіпорнында экономикалық параметрмен қатар экономикадан тыс факторларға (корпоративтік пікірлестік және корпоративтік жауапкершілік, жеке меншік кәсіпорынға қарағанда оның қоғамдық пайдаға ұмтылуы) әсеріне көп үлес беріледі.
Корпорация жалпы алғанда, заңды тұлғалар бизнесін ұйымдастырудың акционерлі негізделген түрі. Оның мақсаты - акция ұстаушылардың ресурстар сатып алу, активтерге иелік ету, өндіріс факторлары рыногында (әсіресе, тауар және қаржы рыногында) мәмілелер жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
Корпорацияның оң жақтары, оның мына сипаттарынан көрінеді:
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар мемлекеттің шеңберінен шығады.
АҚШ-та корпорация деп акционерлік қоғамды атайды, ал қазіргі трансұлттық корпорациялардың көбісі халықаралық американдық компаниялар экспансиясының нәтижесінде пайда болғандықтан, бұл термин олардың анықтамасына енгізілді.
Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде филиалдар мен еншілес компаниялардың құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері атқарылады. Филиалдар мен еншілес компаниялар мемлекеттің қатысуының басымдылығымен аралас компаниялар болып есептеледі.
Көпұлттық корпорациялар – бұл өндірістік және ғылыми-техникалық негіздегі бірнеше мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіретін халықаралық ұжымдар. Мұндай компанияға 1907 жылдан бері жұмыс істеп жатқан ағылшын-голландиялық “Роял-Датч шелл” концерні мысал ретінде келтіріледі. Бұл компанияның қазіргі капиталы 60:40 қатынасында бөлінеді.
Көпұлтты корпорациялар машина жасайтын, электронды инженерлік салада мамандандырылған Еуропадағы әйгілі швейцар-швед АВВ компаниясы. АВВ-ң ТМД мемлекеттерінде бірнеше бірлескен компаниялары бар. Көпұлтты корпорациялардың алғы тобына Еуропадағы ағылшын-голландияның химия-технологиялық “Юнилевер” концерні жатады.
Халықаралық құқықтың тұрғысынан көпұлтты корпорациялардың айырмашылығы:
-көпұлтты акционерлік капиталдың болуы;
-көпұлттық басқару орталығының болуы;
-шетел филиалдарының әкімшіліктеріне жергілікті жағдайды білетін кадрларды пайдалану.
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рыноктарды жаулап алуының ең жаңа формаларының бірі - олардың шетелдерде арнайы инвестициялық компанияларды құруы. Бұл құрылымдардың міндеті - ТҰК-ның еншілес және серіктес компанияларына инвестициялар құю, олардың аумақтық рыноктарға өнімдерінің жылжуын ынталандыру болып табылады. Мұндай тәсілді негізінен алкогольсіз сусындарды сататын Африкадағы “Пепси-Кола” және “Кока-Кола” сияқты ірі халықаралық компаниялар қолданады.