Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 22:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бірі – салық жүйесін реформалау еліміз егемендік алғалы бері жүргізіліп келеді. Салық мәселелері сияқты күнделікті қызу пікірталас пен сын объектісі болып жүрген ешбір экономика саласы жоқ деуге болады. Себебі, салық жүйесі – бұл нарықтық қатынастың маңызды элементі болып, онымен елдегі экономикалық құрылулардың нәтижесі, жетістіктері тығыз байланыста болады.
Салықтар ерте заманда, қоғам пайда болғаннан бері, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан экономикалық категория. Салықтың негізгі қызметі- ол қоғам өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және қоғамды мүмкіндігінше тепе- тең жағдайда ұстап тұру болып табылады. Қауым мемлекет болып, ал мемлекет жеке егеменді ел болып, осы мемлекетпен халық арасындағы негізгі қарым- қатынасты салықтар сипаттайды.
Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
«Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Aйналым бойынша болып табылмайды:
- мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
- жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;
- бірлігінің құны тиісті республикалық бюджет туралы заңда және тауарды беру немесе сыйлау күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусіз беру не сыйлау;
- тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және обьектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу» режимімен жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
- қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта (келісімшартта) белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім бірушіге өайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
- бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
- егер мұндай әкету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес «Тауарларды уақытша әкету» кеден режимімен рәсімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін ҚР-нан тысқары жерлерге әкету;
- жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес ҚР-на беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының ҚР-ның меншігіне беруі;
- эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
- қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;
- концессия обьектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия обьектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;
- егер жеке тұлғаның жеке мүлкі кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналымы;
- сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүліктік сенімгерлікпен басқарушыға беруі;
- сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүліктік қайтаруы;
- сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
Tауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады:
1. қосылған құн салығынан босатылған;
2. өткізу орны ҚР болып табылмайтын.
Tапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және оның есебінен тауарды тиеп-жөнелтуі, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көсетулерді сатып алуы:
- сенім білдірілген адамның сенім білдірушіге тауарларды тиеп-жөнелтуі, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері;
- ҚР-да ққс төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес сенім білдірушіден алынған тауарды тиеп-жөнелтуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.
Cенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды тиеп-жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
Eгер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.
Tауар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Aванстар мен айыппұлдар санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Kепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады.
Tауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып айқындалады.
Үшінші тұлғалар үшін
төлеуге байланысты қызмет көрсетулер
кезінде салық салынатын
Tауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және пайдалану және оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
Kәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:
Mерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналасқан өнімдерін өткізген кезде салық салынатын айналымның мөлшері есепті салық кезеңінде мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өткізілген бөлігіне келетін құны негізінде айқындалады.
Cалық Кодексінің белгіленген талаптар бұзылған жағдайда мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшері Кодекстің көрсетілген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруін қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні.
Декларациялау рәсімін
қолдана отырып, тауарларды эспорт
режимінде әкеткен салық
Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Cалық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайларда:
Cалық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.
Eгер өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін талаптың бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, ққс төлеушінің мынадай жағдайларда:
Kүмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
Егер ҚР-да ққс төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны ҚР болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын ҚР салық төлеушісінің айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес ққс салынуға жатады.
Қосылған құн салығы сомасы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
Қосылған құн салығы сомасы ілінген ққс жөніндегі декларация табыс етілетін мерзімнен кешіктірілмей төленеді.
Қосылған құн салығын төленгенін растайтын төлем құжаты немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы берген құжат салық сомасын есепке жатқызуға құқық береді.
Осы баптың ережелері қолданылмайды, егер:
Hөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.
Eгер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.[29]