Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 22:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бірі – салық жүйесін реформалау еліміз егемендік алғалы бері жүргізіліп келеді. Салық мәселелері сияқты күнделікті қызу пікірталас пен сын объектісі болып жүрген ешбір экономика саласы жоқ деуге болады. Себебі, салық жүйесі – бұл нарықтық қатынастың маңызды элементі болып, онымен елдегі экономикалық құрылулардың нәтижесі, жетістіктері тығыз байланыста болады.
Салықтар ерте заманда, қоғам пайда болғаннан бері, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан экономикалық категория. Салықтың негізгі қызметі- ол қоғам өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және қоғамды мүмкіндігінше тепе- тең жағдайда ұстап тұру болып табылады. Қауым мемлекет болып, ал мемлекет жеке егеменді ел болып, осы мемлекетпен халық арасындағы негізгі қарым- қатынасты салықтар сипаттайды.
Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
«Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сатудан салық республикалық салық жүйесіне өндірістік-техникалық өнімдерді жүзеге асырудан, халықтық тұтыну тауарларынан, орындалған жұмыс пен ақылы қызметтерден 5% көлемінде 1991 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
Сатудан салықтың салық салу обьектісі болып ақырғы тұтынушыға, яғни халыққа, сонымен қатар шаруашылық субьектілеріне тауарларды жүзеге асыру болып табылады.
Республика үшін қаржылық жағдайда туындаған мәсілені шешудің бірден бір жолы аыналымға салық пен сатудан салықты қосылған құн салығымен ауыстыру болды, ол өз кезегінде нарық коньюктурасының өзгеріске ұшырауын реттеп отырды. Қосылған құн салығын Қазақстанда енгізу бұл обьективті түрде мәжбүр қажеттілік. Бұдан басқа, бұл өз кезегінде мемлекеттің фискалдық қызығушылығын білдіретін жанама салық салу жүйесін қалыптастыру дегенді білдірді. Сонымен бірге оларды тиімді пайдалану баға қалыптастыру процесі кезінде жағымды әсер етуге және тұтыну құрылымына әсер етуге мүмкіндік берді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, салық төлеушілер тікелей табыстарына салық салудан гөрі өздерінің шығындарына салық салуды әлде қайда дұрыс қабылдаған.
Мемлекет ҚҚС енгізе отырып өз алдына келесідей мақсаттарды қойған болатын:
Бірінші мақсатқа ҚҚС
барлық тауар мен қызмет түрлерін
қамтығандықтан және нарықтық экономиканың
көптеген талаптарына жауап
Кейбір тауарлардың рубльдік бағасы жоғары болғаны соншалық, тіпті төлей алмау сұрасының инфляциялық өсуі оған үлгіре алмады. Бұл өндірістің басылуымен, ұсыныстың қысқару салдарымен байланысты болды. ҚР ҚҚС 28% ставкамен енгізу бір жағынан баға өсуін жылдамдатса, екінші жағынан бағадан сатып алу қабілеттіліктің ілесе алмауы алып келді. Нәтижесінде өндірістік, сонымен қатар ауылшаруашылық кәсіпорындарының көп бөлігі қарапайым өндірістерін өзіндік қаржыландыру процесін қамтамасыз ете алмаутын жағдайда болды.
Мемлекеттік бюджеттен мол қаржы ресурстарын құю талап етілді, нәтижесінде оның дефициті шын мәнісінде одан да нашар жағдайға тап болды.
Қазақстан Республикасының «бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңында анық көрсетілген, яғни «Жанама салықтар – салық төлеушінің табысына және мүлкіне байланысты емес тауарлар мен қызметтер үшін бағаға немесе тарифке үстеме ретінде салынатын салық (ққс, акциз)».
Жанама салықтарға біреуге аударылатын салықтар жатады, яғни соңғы төлеушісі болып тұтынушы табылады. Бұндай қасиетке ҚҚС пен акциздер (ҚР салық қаңымен анықталған негізгі жанама салықтар) ие.
Мемлекет салық жүесіне ҚҚС-ты енгізе отырып салық салу базасын кеңейту және сол арқылы бюджетті толықтыруды, кәсіпорынға макро және микро деңгейде әсер етуді мақсат етіп қойған. ҚҚС пен акцизді енгізу өз үмітін ақтады, себебі қазіргі күні ҚҚС республикалық бюджет табысының 3/1 бөлігін қамтиды және бюджеттік түсімдердің тұрақты көзі болып табылады.
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджет табыстарын қалыптастру – негізгі мақсатқа бағытталған қаражаттар мемлекет мүмкіндігін анықтайтын маңызды процес: өнідірстік және әлеуметтік саланы, әлеуметтік-мәдени шарараларды қаржыландыруды дамыту, мемлекеттік билікті және басқару, қорғауды қамтамасыз етуге шығындар.
Салықтық және салықтық емес түсімдердің әртүрін аулару кезегі, түсімдерді бюджетке енгізу мерзімі олардың құрастырылуының, түсімдердің бюджетке түсу көлемі сияқты ерекшелігі ескеріле отырып қалыптасады,сонымен бірге ең басты талап болып тұрақты және тең көлемде жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттардың түсуі табылады. Бюджетке түсетін түсімдердің есептелуі мен аударылу жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне жүктелген, бұл Министрлік бұл сұраққа қатысты жұмыстарын салықтар мен табыстарды жоспарлауды Басқару арқылы жүзеге асырады.
Басқарудың негізгі
тапсырмасы территориялық
Жергілікті органдармен жергілікті бюджетке толық аударылатын салықтар мен жинақтардың есебі кезіне ерекше назар аударылады: кооперативтер, қоғамдық ұйымдардың табыстарына салықтар, мерзімі асып кеткен кредиторлық бережақ сияқты жинақтар мен салықтық емес төлемдер, жиақтар және тағы басқа. Оларды жоспарлау кезінде негізгі көңіл салық төлеушілер көлемі мен салық ставкасын бекітуге аударылады.
Салықтарды жоспарлаудың құрама бөлігі болып салықтық төлемдерді аудару жұмыстарының дұрыс атқарылуына бақылау жасау және олардың бюджетке түсудегі толық және қазіргі замаңғы шараларын ойлап табу табылады. Бұл жұмыстың жүзеге асырылуы салық органымен, бюджетке аударылуға міндетті салықтар, жинақтар мен басқа да төлемдерді есептеуді және аударуды қамтамасыз етуге міндетті кәсіпорынның лауазымды тұлғаларымен бірлесе атқарылады.
Мемлекеттік бюджетті толықтыру процессінде акциздер мен қосылған құн салығының да алатын орны айтарлықтай ерекше.
Қосылған құнға салық
бұл бағаға немсе тарифке үстеме
ретінде қосылып бюджетке төленеді.
Бұл салық түрі көптеген дамыған
мемлекеттерде кеңінен
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және олардың айналысы үрдісінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.
Қосылған құн салығын төлеушілер:
Қосылған құн салығынның төле көзі болып кәсіпорынның табысы табылады. Қосылған құн салығы бойынша түбегейлі жеңілдіктер орналтылған. Заңмен бұл салықтан босатылатын тауарлар (жұмытар мен қызметтер) тізімі анықталған.
Бюджетке аударылатын ққс сомасы сатып алушыдан жүзеге асырған тауары (жұмыстар мен қызметі) үшін алынған салық сомасы мен құны өндіріс шығынына жататын материалдық ресурстарды, жылу, жұмыстар, қызметтер үшін жабдықтаушыларға төленген салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін салық сомасы асып кетсе тауарларды (жұмыстар,қызметер) жүзеге асыру бойынша салық сомасы арасындағы айырмашылық алдағы уақытта төленетін төлемдер есебінде есептеледі немесе бюджеттен осы салықтың жалпы түсімі бойыншасалық инспекциясының есебі негізінде қаржы органдарымен қайтарылады.
Бюджетке төленетін салық сомасына мына сомалар, яғни тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) жүзеге асыру бойынша есеп құжаттарының біртіндеп төлеу кезектілігімен, сонымен қатар жұмыс,қызметті орындамастан бұрын немесе тауарларды жеткізбей есеп айырысу шотына түскен аванстық төлемдер сомасы кіреді.
Қосылған құн салығы нақты айналым үшін орта айлық төлемдер көлемі 200 тенгеден аспайтын кәсіпорындар әрбір өткен календарлық айдан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей төлеуге тиіс, ал орта айлық төлем көлемі 600-ден аспайтын кәсіпорындар бір айдың ішінде 1-мен 23-ші аралығында аванстық төлемдерін 50% көлемінде салық сомасын есеп бойынша алдыңғы ай үшін төлеу керек. Есептік ай аяқталғаннан кейін салық нақты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жүзеге асыру бойынша ертерек тапсырылған аванстық төлемдер есебі негізінде бюджетке төленетін салық сомасы анықталады.
Қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының республикалық бюджетіне түседі және «Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы» Заңмен бекітілген нормативтар бойынша республикалық бюджет пен облыстық бюджет және Алматы мен Астана қалалары арасында бөлінеді. Қосылған құн салығы бойынша төлемдерді уақытына төлеу мен оны аудару жауапкершілігі қосылған құн салығын төлеушілерге жүктелген.
Қосылған құн салығына өздігінен реттеу, автоматты түрде өндірістік шығындардан босау, қатаң салықтық тәртіп тән.
Сату салығы мен айналым салығының орнына қосылған құн салығын енгізу салық салу тәжірибесін түбегейлі және маңызды өзгеріске ұшыратты. Салық өндірістік іс әрекетке жағымды шарттарды реттейді, салық сомасының бюджетке түсуімен бағанын өсуін тікелей байланыстырғандықтан бюджет қаражаттарының инфляциялық құнсыздануын болдыртпайды деп күтілді. Бұл салықтың тәжірибе ретінде қолдану нәтижесі реттеу функциясын салық тек өндіріспен тұтыну көлемінің толық өсуі кезінде жүзеге асыратындығын көрсетті.
Өндіріс құлдыраған жағдайда, экономикадағы кризистік құбылыстардың бағалардың өсуінің басқарылмауымен байланысты өсуі кезінде салық жүзеге асырылған өнімнің өзіндік құнының өсуіне тікелей әсер етуші факторлардың бірі болып және тұтынудың төмендеуін реттеуші фактордың бірі болды.
Қосылған құнға салық кәсіпорынның жоғарғы көтерме бағасы арқылы қалыптасады, ол өз кезегінде екі реттік салық салуға әкеледі, себебі қазіргі уақытта республикада өнімнің өзіндік құнына әсер етуші салықтар жүзеге асырылады (табиғи ресуртар мен суға төлем, ормандық табыс, мемлекеттік пошлина және т.б) және бюджеттік емес қорлар (әлеуметтік сақтандыру қоры, экономикалық өзгерістер қоры, жол қоры және тағы да басқа). Бұл бағаның өсуіне және инфляциялық процеске әсер етеді.
Бұған байланысты баға құрылымын, өзіндік құн мен қосылған құн салығы бойынша салық салуды обьективті жетілдіруді қажет етеді.
Акциз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салу арқылы қолданып келді. Қазақстан Республикасында қабылданған «акциздар туралы» Заңы акциз салығы барлық спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, мүгедектерге арналған жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай, ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізуге салынады деп. Бекітілген.
Акцизді акциздік тауарларды
жүзеге асырушы және тасымалдаушы Қазақстан
Республикасының
Салық салу обьектісі болып акцизді қосылған бағалар бойынша жүзеге асырылған акциздік тауарлардың құны табылады.
Акциздер - тұтынушы төлейтін таурлар бағасының ішіне қосылатын салықтар. Акциздерді өзінің спецификалық құрамына байланысты монопольді жоғары бағамен тұрақты сұранысқа орнататын тауар өндірушілер төлейді. Акциздер қызметтерге де салынады, сонымен қатар салық соммасы тарифтың құнына кіреді.
Акциздер әмбебап және жеке болып
бөлінеді. Әмбебап акциздер пайыз
түрінде таурлар мен