Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:30, реферат
Курстық жұмыста тауарлы - материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы -материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
. Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы - материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы - материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
5. Тауарлы - материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
6. Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
Тауарлық, есептік жіне көліктік.
Тауарлық құжат - деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет - фактуралар, тауарлы - көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.
Есеп айырысу құжаттары - бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап - тапсырмасы.
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы - теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы - көліктік накладнойы - автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың - транспорттық;
- Коносамент - су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет - фактураны сепке алу «Счет - фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.
Тауар түріне байланысты және оның счет - фактурасын немесе тауарлы - көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы - сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.
3. Тауарлы - матениалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай - ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы - матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап -актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы- өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай - ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.
Қоймашының лимиттік - жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік - жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік - жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі.Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай -ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі - қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай - ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап - накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.
4. материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.
Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.
Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім реестрдің нысаны төменде келтірілген.
Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.
Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады.
Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. (қосымша №7) Реестр - тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық - шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып келесі унифицияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін . Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі. Тауарлық есеп беру болады.304-305бет.
Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіпріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады.
Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады.
МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты -жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі.
Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді.
Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән ешығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөміріжәне құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады және оларды тауарлық септе соңғы құжат түскенде береді.
Осылайша ,шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады. Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз.
Айтып кететін жайт, «Тауар» мен «Ыдыстар» бөлімшелерінде түскен және шыққан тауарлар бағасы мекменің есеп саясатындағы бағамен жазылады.
5. ТМҚ синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу.
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары - материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.
Жинақтаушы ведомосы қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдалынады, ол материалдар есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі.
Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғында материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материалдар қалдықтарының кітабы кейінгі 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі. Материалдардың қалдық кітабы төменде келтірілген.
Айдың аяғында материалды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша салалық түрдегі дерек материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.бұл деректер сәкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.