Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:30, реферат
Курстық жұмыста тауарлы - материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы -материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
. Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы - материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы - материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
5. Тауарлы - материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
6. Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
200 * 47 теңге = 94500 теңге
Кіріс жиынтығы: 45700 теңге Шығыс жиынтығы: 36500 теңге
Соңғы жиынтығы: 300 литр құны 13700 теңге 200 * 46 теңге
Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Менің мысалымда цементтің шығысы мынадай болды делік:
Б.Қ-ң 15 тоннасы *300 теңгемен - 4500 02.01.02. күні келіп түскеннің 12 тоннасы * 3100 20.01.02 келіп түскеннің 12 тоннасы * 3400 - 40800
Шығыс жиыны
Цемент қалдығынан қалғаны:
Б.қ.-тан 5 * 3000
2 * 3200
20.10.02 келіп түскен 5 * 3400;(12-17)
Ай соңына қалған цементтің құны
Бензин бойынша:
Қалдықтан қалған 50 л * 45 теңгемен босатылған
05.01.02 күні түскеннен 150 * 46
20.01.02 күні келіп түскеннен 300 * 45
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45
05.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 46
Шығыс жиыны
Бензиннің қалдығынан қалғаны:
Б.қ.-тан қалғаны:
Б.қ. 50 * 45
05.01.02 күні келіп түскеннен 50 *46
29.01.02 күні келіп түскеннен 200 * 47
Ай соңына қалған бензиннің құны
Енді сапасын бағалаудың тәсілдерін салыстыруға болады:
- шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
- дер кезінде тауарлы - материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу.
Материалдың босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді :
1310 «Шикізат және маиериалдар»;
202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар»;
203 «Отын»;
204 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»;
205 «Қосалқы бөлшектер»;
206 «Басқа материалдар»;
207 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;
208 «Құрылыс материалдары».
1310 «Шикізат және материалдар»шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдың есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. (002,003).
Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен тауарлы - материалдық қорлар операциялары, ал кредит бойынша тауарлы - материалдық қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп - тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі.
Мысал. «Шығыс» АҚ аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы - 300000 және әлеуметтік - 56700
( 300000-300000*10%*21%)) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630000 теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм -ты 127,84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС - сыз)
- ҚДШ - 1156700 теңге (800000 + 356700);
- Сақтау шығындары - 630000 теңгк.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
2. Тауарлы -материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.
Тауарлы - материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы - материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М - 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы - материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы - материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы -материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы -материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы - көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы -материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.
Тауарлы - материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.
Тауарлы - материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы - материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы - материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы - материалдық қорлардың сомасы т.б.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт -ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі - бөлімшеді қалады.
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі.Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде - упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген
№ 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген апаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш - төрт тауарлы - көлік накладнойымен жеткізеді.
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан - тауарлар станцияға түсу күннен кейін - 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.
Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат саныназайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.
Тауарлы - материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады: