Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:48, реферат
Ақша жүйесі - деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.
Ақша айналысы дегеніміз — айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.
Нарық— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер сатушылар мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді.
Кіріспе
1. Тауар нарығы
2. Ақша айналысы , қатынастары
3. Нарық және нарықтық экономика
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:
Белгілі бір келісімге сәйкес мекемелер компания жетекшілеріне 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге берілді. Бұл компаниялар өз дөрежесінде мекемелер табысынан үлес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге шетел компаниялары жетекшілерінің алдына бюджет пен ұйымдарға тиесілі қарызды дер кезінде жауып отыру, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, мекеменің әлеуметтік жөне экологиялық мөселелерін шешіп отыру міндеттері қойылды.
Мекемелерді шетелдік басқаруға беру жекешелендірудің бастапқы сатысы болып табылады. Үкімет мекеме мен оны басқаруға алған компанияның жұмыс барысын бақылауға алып, ол компаниялар өэ міндеттемелерін орындамаған жағдайда аралықтағы келісімшартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.
1994 жылдың желтоқсанына дейін отандық жөне шетелдік компаниялармен 50-ге жуық келісімшарт жасалды. Оның ішінде дәл бүгін республиканың ең ірі деген 45 мекемелерін қамтитын 30 келісімшарт нақты іске асырылып отыр. Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты — компанияны басқарушы «Уайтсвен ЛТД», «Соколов- Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі — «Айведон», Дон тау-кен комбинаты, Жарма жөне Ақтөбе ферроқорытпа зауыты — «Джапап Хром Корпорейшн», т.б. бар.
Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бүл КСРО-ның ыдырауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.
Тамақ өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларының жолға қойыла бастауы кіші жекешелендіруге байланысты болды. Тамақ өнеркәсібінде әр түрлі компаниялардың құрылуы рынокты отандық тағам өнімдерімен байытты. Бұл сүт, нан-тоқаш, шұжық, макарон, арақ-шарап, кондитерлік бұйымдар еді. Жеңіл өнеркәсіпте шетелдік тауарлар басым болды. Көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру (киім, трикотаж, аяқ киім, жиһаз, кеңсе тауарлары, т.б.), негізінен, шетелдік материалдарды, жинақ бөлшектерін, құрал-жабдықтарын, т.б. пайдалану арқылы жасалды.
Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша жер 99 жылға дейін мұрагерлік құқығымен жалға беріледі.
1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.
Президенттің 1995 жылы 25 желтоқсандағы «Жер туралы» Жарлығына байланысты бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, ауыл шаруашылығының өнімдері рынок саласы арқылы таратыла бастады.
2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп, жалға алу мүмкіндігін (49 ж-ға дейін) уақытша пайдаланумен шектелді. Дәнді дақыл өсіру, негізінен, Солтүстік жөне Орталық Қазақстанда қолданылса, күріш өсіру Оңтүстік-Батыс Қазакстанның суармалы жерінде, мақта — Оңтүстік Қазақстан аудандарында дамыған. Мал шаруашылығы республиканың барлық аудандарында таралған. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің құлдырауы байқалды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қажетті қаржы қорының жеткіліксіздіғі, қазіргі замаңғы техниканың жетіспеуі, кейде тіпті мүлдем жоқтығы, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін озық технологияның жоқтығы, қолайсыз ауа райы жағдайы да айтарлықтай әсерін тигізді. Соңғы жылдары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның салыстыруға келмейтін алшақтығына қарамастан, республика рыногының түрлі тағамдарға лықа толып тұруы жергілікті өндіріс есебінен жүзеге асуда.
Пайдаланаған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2005.- 416 бет.
3. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
4. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.
Информация о работе Тауар,ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтық экономика