Тауар,ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:48, реферат

Описание работы

Ақша жүйесі - деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.
Ақша айналысы дегеніміз — айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.
Нарық— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер сатушылар мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
1. Тауар нарығы
2. Ақша айналысы , қатынастары
3. Нарық және нарықтық экономика
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат экономикаі.docx

— 51.14 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология-педагогика факультеті

5В010300- Педагогика  және психология мамандығы

 

 

      Реферат

                                  Тақырыбы: Тауар,ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтық экономика.

   

                                Орындаған: Жаксылык Зауреш

Тексерген:экон.ғ.к.,доцент Догалова С.Н

 

 

 

                            Алматы 2013 ж

 

 

                  Жоспары:

Кіріспе

1. Тауар нарығы

2. Ақша айналысы , қатынастары

3. Нарық және  нарықтық экономика

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Кіріспе

         Қазіргі  таңда адамзат қоғамының экономикалық болмысын зерттеәтән экономикалық ғылымдар жүйесі қалыптасты. Олар экономикалық жеке бөлек қырларын,міселелерін өздерінің еншілес пәндері ретінде бөліп алып, тиесілі экономикалық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән әдістермен және зерттеу құралдарымен зерттейді.

Экономикалық теория ғылымының  зеттеу объектісінің ішінде ең өзекті тақырыптардың бірі тауар, ақша, нарық  қатынастары мен ерекшеліктері  болмақ.

Тауар нарығы - сұраныс пен ұсыныстың ықпалдасуы арқылы тауар бағасы қалыптасатын және сатушылар мен сатып алушылар жалғастырылатын айырбас аясы, яғни өндіріс құрал-жабдығы немесе тұтыну тауарлары ұсынылатын нарық.

Ақша жүйесі - деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

 Ақша айналысы дегеніміз — айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Нарық— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер сатушылар мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

                               

                             1. Тауар нарығы

    Тауар нарығы - сұраныс пен ұсыныстың ықпалдасуы арқылы тауар бағасы қалыптасатын және сатушылар мен сатып алушылар жалғастырылатын айырбас аясы, яғни өндіріс құрал-жабдығы немесе тұтыну тауарлары ұсынылатын нарық. Тауар нарығы бәсеке нысанымен (монополиялану дәрежесімен), мемлекеттік реттеу дәрежесімен, аймақтылықпен, жариялылықпен, сатылатын тауардың түрімен және номенклатурасымен, сату көлемімен (нарықтың сыйымдылығы), сауда тәсілімен және баға деңгейімен сипатталады. Монополияланбаған тауар нарығы — жетілдірілген бәсеке нарығы; ішінара немесе толық монополияланған тауар нарығы — жетілдірілмеген бәсеке (нақты) нарығы: тауар сараланған монополистік бәсеке; олигополиялық, дуаполиялық және монополияланған (таза монополия) тауар нарығы болып бөлінеді. Монополияланған нарықта жалғыз сатушы тек қана өзінің, бірегей тауарын сатады. Әлемдік тауар нарығы деп аталатын тауар нарығында мынадай белгілер болады: көптеген елдердің қатысуы, сауда мәмілесінің ауқымдылығы, тауар айырбасының тұрақтылығы, тауар операциялары бойынша еркін айырбасталатын валютамен есептесу. Ел ішінде әрекет ететін тауар нарығының жиынтығын ұлттық нарық деп атайды. Ішкі және әлемдік тауар нарығының арасында аймақтық нарық бөлінеді, мұнда аймақтық белгілері айқындалған аумақтық нарықтық құрылымдар әрекет етеді. Тауарлардың түріне қарай: тұтыну заттары мен қызмет көрсету нарығы, тұрғын үй, үймерет, жылжымайтын мүлік нaрығы, өндіріс құрал-жабдығы (жерді қоса) нарығы, инвестициялар нарығы, ақша бағалы қағаз нарығы, жұмыс күшінің (еңбек, жұмыс орындарының) нарығы, инновациялар нарығы, рухани, зияткерлік қызметінің нaрығы болып бөлінеді. Стандарттар мен үлгілер бойынша өткізілетін тауарларды ірі ауқымда сату және сатып алу жөніндегі мәмілелер жасасылатын сауда операцияларын жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін ұйымдар - белгілі бір ереже бойынша және белгілі бір орында істейтін тауар биржалары құрылады. Тауар нарығында споттық мәмілелер де, мерзімдік мәмілелер де жасалады.

 

 

                        

 

           

                      2. Ақша айналысы , қатынастары

  Ақша жүйесі - деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

 Ақша айналысы дегеніміз — айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Ақша  жүйесінің элементтеріне жататындар:

1)   ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

2)   баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

3)   эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында — Ұлттық банк, Ресейде — Орталық банк және т.б,);

4)   ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын — несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;

5)   ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

  Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.

  Биметализм ақша ретінде екі металды — алтын мен күмісті (ХVІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.

Монометализм  ақша ретінде тек қана алтынды  пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.

Монометализмнің — үш түрі қалыптасты:

1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан  бірінші дүниежузілік согысқа  дейін) айналыста алтын монеталардың  жүруімен сипатталады, қағаз және  несие ақшалар алтынға еркін  айырбасталды.

құйма алтын стандарты (бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия мен Францияда  қалыптасты) алтын стандарты құймасына  сәйкес келетін, құн рәміздерін алтынға айырбастауды жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның бағасы бір грамм құйма алтынның бағасына сәйкес болса, онда картина 1 грамм құйма алтынға айырбасталатын болды).

алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге асырды.

1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты  алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі  келмеске кетті.

1930 ж. бастап алмастырылмайтын несие  ақша жүйесі қалыптасты. Оның  белгілері: алтынның айналыстан  шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан  бас тарту және олардың алтын  құрамын жою несие ақшалардың  беделін күшейтіп, айналымдарда  қолма-қол емес есеп айырысуды  кеңейту; ақша массасын көбейту  мемлекеттің қағаз ақшаларды  шығаруы мүмкіншілік берді.

Ақша  айналысы мен ақшалардың эволюциясы — тауар өндірісінің тарихи объективтік  даму процесі болып табылады.

Айналыстағы ақшалардың міндеті — алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ  олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

Алтынның  несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие  карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

Несие карточкалардың төлем құралы ретінде  ақша қызметін атқаратын түрлері:

1. Қайта жаңартылатын карточкалар.  Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда  және т.б. жерде қолданылады.  Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар  қайта жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар, олар  туристік фирмалармен есеп айырысу  үшін пайдаланылады. Фирмалық  карточ-калар әр айдың қарыздарын  міндетті түрде  төлеуі тиіс.

3. Фирмалық    карточкаларды    байланыстың    әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.

4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады.

 

3. Нарық және нарықтық экономика

      Нарық— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер сатушылар мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.

      Нарық - Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардьң енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеггерін атап өтеді:

— еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;

— өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;

— әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;

— сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.

     КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу — экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:

  • экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
  • мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті трансформациялауды жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
  • республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
  • қаржылық-несиелік саланы реформалау;
  • шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.

90-жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізді.

Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты орнықтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет - 1992 жылдың қаңтарындағы ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір қыры — еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру біркелкі жүргізілді, осыған орай мемлекет тауар түрлерін біртіндеп қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру мақсатында баға жөне монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төуелсіз статусқа ие болды..

 

 

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Қорытынды

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:

  • технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;
  • бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
  • KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;
  • жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
  • заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:

  1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
  2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.

Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.

Информация о работе Тауар,ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтық экономика