Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:52, реферат
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешіді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағыдалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымынң нысанына, айрықшы ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Кіріспе.......................................................................................1
Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері....................................2
Шетелдік валюта операцияларының есебі.........................................................6
Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі..........15
Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.........18
Толлингті операциялардың есебі.........................................................................19
Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі.............................................................................................................................20
Қорытынды...............................................
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешіді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағыдалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымынң нысанына, айрықшы ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге , оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.
Есепке
алынған
ақпараттардың
көмегімен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және
олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін
жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,
сөйтіп,
ел экономикасынң даму заңдылықтарын зерделеу және
зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау – тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
«Инкотермстің» барлық термині төрт базалық ктегорияға топтастрылған:
|
шартты белгілері |
(тасымалдау шарттары) |
|
|
|
|
FAS FOB |
Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу Еркін бортқа әкелу |
|
CIF CPT CIP |
Құны,сақтандыру және фрахтысы Тасымалдауға дейін төленген... Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген |
|
DES DEO DDU DDP |
Кемеден жеткізілген Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа Дейін өткізілген (баж салығы қосылған) Баж салығын төлемей жеткізілген Баж салығын төлеп жеткізген |
«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсетсен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.
«С» тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тийеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауарджың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.
DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.
FAS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.
ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді
«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді.
Қазақатан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін алынатын алым;
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны жабдықтаушының өзі төлесе , онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.
Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағалнатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.
Қазақстан республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.
Едендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:
Адволарлық – салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;
Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
Аралас – салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуінеде үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып :
Информация о работе Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі