Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 21:04, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты талдауға кіріскенде, алдымен нарық деген ұғымды түсініп алуымыз қажет. Өйткені, бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық мәнін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес.

Работа содержит 1 файл

сұраныс пен ұсыныс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

        Р                                                      A)      Р            нарықтық бағаның динамикасы

              S=f(Pt-1)

Р1                     P1

 

PE                    PE

              D=f(Pt)

P2                     P2

             

              D1=f(Pt)

                          Q1       QE     Q1                          Q              T

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Р                    Ә)     Р

              S=f(Pt-1)                         нарықтық бағаның динамикасы

P1                     P1

 

              D=f(Pt)

  PE                         PE

 

P2                     P2

              D1=f(Pt)

              QE     Q1                     Q                        Т

 

Р              Б)    Р

                                                               S=f(t-1)                 нарықтық бағаның динамикасы

 

 

P0                         P0

PE                     PE

P1                     P1

                                                          D=f(Pt)

                                                       D1=f(Pt)

                                   QE   Q0                    Q              T

      

  Сурет 2.14 «Өрмекші торы тәріздес» модельдегі а) бірқалыпты, ә) тұрақты (кемімелі) және б) тұрақсыз (өспелі) нарықтық тепе-теңдіктер және нарықтық бағаның динамикасы

              Осы көрсетіліп отырған графикке сәйкес, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының көлбеулігі бірдей болса, онда нарықтық баға тепе-теңдік бағаның айналасында бірқалыпты түрде ауытқып отырады (сурет 2.14 a). Егер ұсыныс қисық сызығының көлбеулігі сұраныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарық тепе-теңдікке келе бастайды (сурет 2.14 ә). Ал егер сұраныс қисық сызығының көлбеулігі ұсыныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарықтың тепе-теңдіктен ауытуы артады, және нарық мүлдем бұзылады да «катастрофа» деген модель пайда болады (сурет 2.14 б).

              Сонымен, «өрмекші торы тәріздес» модель арқылы сұраныс пен ұсыныстың (көлбеуліктерінің) бағаның өзгеруіне қарай бейімделу сезімталдығына байланысты нарықтық тепе-теңдіктің және бағалық толқудың бірқалыпты, тұрақты және тұрақсыз деген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

              Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.

              Икемділік дегеніміз – бұл бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бұл бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:

              Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадй формуламен беріледі:

 

EDP = Q% / Р%,

мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар:

1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = .

5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің осы 5 түрін төмендегі графиктер арқылы сипаттауға болады (сурет 2.15 а, ә, б, в, г).

              Р                                   Р                            Р

                                                 P1                                  P1

Р1

P2              D     P2                                  P2             

              D              D

                       Q1                  Q2         Q               Q1  Q2         Q             Q1        Q2           Q

                

а) икемді сұраныс              ә) икемсіз сұраныс                 б) бірлік икемді сұраныс

 

 

 

              Р                                               P              D

 

                                                             D              P2

                                Р1                                        P1

 

 

                   Q                                              Q

             

                              в) өте икемді сұраныс             г) өте икемсіз сұраныс

Сурет 2.15 Сұраныстың баға бойынша икемділігінің түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Қорытынды.

Сұраныс және ұсыныс теориясы нарықтық бағалардың қалыптасу заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын зерттеуге жүгіне отырып нарықтың әрекет ету механизмін талдаудағы бағаның аса маңызды құрал болып табылатыныдығын біле аламыз.

Сұраныс сатып алушылардың өз табыстарының деңгейі мен игіліктің бағалары сияқты нақты қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты берілген уақыттың бірлігінде сатып алуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

Сұраныс көлемі тұтынушылардың сол тауарды сатып алуға жұмсайтын ақша сомасымен өлшенеді, және ол сұранысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (табыс және тұтынушылардың қалауы, алмастырушылардың және толықтырушылардың бағалары, күтім) факторлардан (детерминанттардан) функционалдық байланыста болады.

Сұраныс заңы игіліктің бағасына байланысты сұраныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуі кезінде сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни игіліктің бағасы өскенде соған деген сұраныс көлемі төмендейді, ал баға төмендегенде сұраныс көлемі артады.

Сұраныс көлемінің өзгерісін  график түрінде сұраныс қисығы арқылы түсіндіруге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады, ал сұраныс заңымен бейнеленетін тәуелділіктің көрінісі сұраныс қисығының теріс көлбеулігі бойынша қозғалыста табылады.

Сұраныстың бағалық емес факторларының өзгеруі сұраныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан сұраныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

Ұсыныс сатушылардың өздерінің өндіріс шығындарының деңгейі сияқты қалыптасқан экономикалық нақты жағдайларға байланысты берілген уақыт бірлігіне сәйкес нарыққа шығарып сатқысы келетін және сатуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

Ұсыныс функциясы сол ұсынысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (өндірістік ресурстардың бағалары, салықтар деңгейі, технологиялар, уақыт және күтім) факторлардың (детерминанттардың) есебінен өндіршілердің нарыққа шығарғысы келетін игіліктерінің көлемін сипаттайды.

Ұсыныс заңы игіліктің бағасына байланысты ұсыныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің бағаға тура тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни бағаның өсуінен ұсыныс көлемі артады, ал баға төмендегенде ұсыныс көлемі де төмендейді.

Ұсыныс көлемінің өзгеруін график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады,  ал ұсыныс заңымен көрсетілетін тәуелділік ұсыныс қисығының оң көлбеулігі бойынша қозғалыстан көрініс табады.

Ұсыныстың бағалық емес факторларының өзгеруі ұсыныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан ұсыныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

Нарықтық тепе – теңдік – бұл бағаның берілген деңгейінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің бір бірімен теңесуін көрсететін нарықтың қалыптасқан жағдайы, график түрінде ол сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесіне сәйкес орындалады. Бұл нүктеге сәйкес тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлем пайда болады. Осы жерде бағалық емес факторлардың өзгеруінен сұраныс пен ұсыныс қисықтарының жылжуы тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемнің өзгеруіне алып келеді.

Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуына әрқашанда қол жеткізіле бермейді, тепе-теңдік нарықтың әрекет етуінің заңдылығын сипаттауына қарамастан, ол тепе-теңдік дербестілік (бір ғана тепе-теңдіктің орын алуы) жағдайда бола алмайды және осыған байланысты кей жағдайларда, тепе-теңдіктің бірнешеуі немесе көптілік жағдайлары да орын алып отырады.

Нарықтық механизмнің нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуын қамтамасыз ете алу қабілеттілігінің артықшылығы сондай, ол нарықтық айырбасқа қатысушылардың әл-ауқаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, ал олардың әл-ауқаты алынған пайдалылық пен пайданың арасындағы айырмадан қалыптасады.

Тұтынушылардың алатын қосымша пайдалылығы олардың ұтымымен сипатталады, және ол ұтым сатып алушылардың тауардың тепе-теңдік көлемін тұтынудан алатын жалпы пайдалылығының және осы тауар көлемін тепе-теңдік баға бойынша сатып алуға жұмсаған шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Өндірушілердің алатын қосымша пайдасы олардың ұтымымен сипатталады, және олардың ұтымы тауардың тепе-теңдік көлемін тепе-теңдік бағамен сатудан түскен жалпы түсім мен осы тауарды өндіруге кеткен жалпы шығындарды салыстырудан байқалады.

Сұранысқа немесе ұсынысқа әсер ететін кез келген фактордың (тәуелсіз айнымалының) өзгеруі сұраныс пен ұсыныстың осы өзгеріске әртүрлі тұрғыда әсер ету реакциясының дәрежесін көрсетеді. Сұраныс пен ұсыныстың осындай өзгерістерге деген салыстырмалы сезімталдылығын сипаттайтын экономикалық көрсеткішті икемділік деп атайды, ол тәуелсіз айнымалының (аргументтің) өзгеруіне байланысты тәуелді айнымалының (функцияның) өзгеруінің салыстырмалы тәуелділігін сипаттайды.

Сұраныс икемділігі сұранысқа әсер ететін кез келген фактордың бір пайызға өзгеруі кезіндегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретіндігін көрсетеді. Сұраныс икемділігінің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Сұраныс көлемі бір пайыздан көбірек өзгерсе (икемділік мәні бірден үлкен болғанда), онда сұраныс икемді деген сөз, ал егер сұраныс көлемі бір пайыздан азырақ өзгерсе (икемділік мәні бірден кіші болғанда), онда сұраныс икемсіз болып табылады. Осыған байланысты, игілік бағасының сұраныс көлеміне әсерін сипаттайтын сұраныстың бағалық икемділігін, алмастырушы тауарлар мен толықтырушы тауарлар бағасының өзара әсерін сипаттайтын сұраныстың қиылысқан икемділігін, және де сұраныс көлеміне тұтынушының нақты табысының өзгеру әсерін сипаттайтын сұраныстың табыс бойынша икемділігін бөліп көрсетуге болады.

Ұсыныс икемділігі ұсыныс факторларының, ең алдымен тауар бағасының өзгеруіне орай сатушылардың жауап реакцияларының дәрежесін сипаттайтын тәуелділікті байқатады, бұл жерде ұсыныс икемділігінің мәні әрқашанда оң шамада болып табылады, яғни ұсыныс үшін тауар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділік тән.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс