Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 21:04, реферат
Бұл тақырыпты талдауға кіріскенде, алдымен нарық деген ұғымды түсініп алуымыз қажет. Өйткені, бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық мәнін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес.
Бірақ нарықта сатып алушылар мен сатушылардың келісімді жүзеге асыруға дайындықтары әртүрлі болып табылады. Нақты келісім-шарт (сату-сатып алу) берілген ағымдағы бағамен белгілі бір игілікті сатып алу көлемі мен сату көлемі теңескен жағдайда ғана орындалады және де сол сияқты, сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы теңескен жағдайда да орын алады. Егер, сұраныс қисықтары мен ұсыныс қисықтары нарықтың қатысушылары бір бірімен өзара айырбас операциясына түсу шартын көрсетсе, онда бұл қисықтардың өзара әрекеттері тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемі түрінде айырбасты жүзеге асырудың нақты кәдімгі нәтижесін де сипаттайды. Оның графикалық көрінісі төменде көрсетілген (сурет 2.7). Графикке байланысты, Тепе-теңдік нүктесі Е әрпімен беріледі (латынның Equilibrium сөзінен). Сол тепе-теңдік нүктеде тепе-теңдік баға:
PE = PS = PD, (мұндағы, PE — тепе-теңдік баға; PS — ұсыныс бағасы; РD — сұраныс бағасы) және тепе-теңдік көлем:
QE = Qs = QD, (мұндағы, QE — тепе-теңдік көлем; QS — ұсыныс көлемі; QD — сұраныс көлемі) қалыптасады. Нарықта қалыптасқан мұндай жағдайды нарықтық тепе – теңдік деп атайды.
Р
D S
PE Е (Equilibrium)
0
Сурет 2.7 Нарықтық тепе – теңдік
Сонымен, нарықтық тепе – теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік баға және тепе – теңдік көлем табылады.
Тепе–теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе – теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады.
1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын PmaxEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (PE) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (Pmax) төмен екендігін көрсетіп тұр.
2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын PminEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Сәйкесінше, 0PEEQE ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0PminEQE тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады.
Р
S
PE Е Өндіріс шығындары
D
0 QE Q
Өндірушінің ұтымы
Сурет 2.8 Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы және өндіріс шығындары.
Нарықтың даму шеңберінде сатушылар мен сатып алушылар өзара бейімделу үстінде болады. Бұл жерде бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар қажетті ақпараттармен тез алмасуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, нарықтағы бағалар нарықтық тепе-теңдікті үнемі ауытқытып отырады. Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады (сурет 2.9). Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P1 > PE және QS > QD болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалытасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P2 > PE және QD > QS болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады. Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.
Р D S
артықшылық
P1 A B
PE
0 тапшылық
Сурет 2.9 Нарықтық тепе – теңдік және одан ауытқу (артықшылық пен тапшылық)
Біз енді білеміз, кез келген тауар нарығында икемді бағалардың көмегімен өзгеріп отыратын сұранысқа ұсыныстың тұрақты түрде бейімделіп отыруы жүріп отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ, бара бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Классикалық мектептің өкілдері, жоғарыда атап өткендей, сұраныстың пен ұсыныстың өзара бағалық және көлемдік жағынан бейімделуі арқылы нарықтық тепе-теңдіктің үнемі қалпына келіп отыруын бақылай отырып мынадай тұжырымға келген: нарық – бұл жоғалған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіріп отыруға қабілеті бар өзін өзі реттейтін жүйе. Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.
Вальрас бойынша тепе – теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі (сурет 2.10a). Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады. Егер P1 бағасы кезінде Q2 – Q1 аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанша дейін баға РЕ бағасына қарай көтеріле береді. Ал егер P2 бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде артықшылықтың жойылуына алып келеді. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:
QD (P) = QS (P)
Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады (сурет 2.10ә). Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын алады. Егер Q1 көлемі кезінде P2 сұраныс бағасы P1 ұсыныс бағасынан артық болса, онда сатушылар артық пайда алуға ие бола отырып ұсыныс көлемін арттыруға ынталы болады. Нәтижесінде Q1 ұсыныс көлемі QE ұсыныс көлеміне дейін ұлғайып баға PE бағасына дейін төмендейді де нарықтық тепе-теңдік орнайды. Және керісінше, егер Q2 көлемі кезінде P3 сұраныс бағасы P2 ұсыныс бағасынан төмен болса, онда сатушылар ұсыныс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Сөйтіп сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңесуі арқылы Маршалл бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:
P ұсыныс артықшылығы P D S
P2 S P2
A L E
PE
PE E P3
K B P1
P1
сұраныс артықшылығы
0 Q1 QE Q2 Q 0 Q1 QE Q2 Q
а) Вальрас бойынша
Сурет 2.10 Нарықтық тепе – теңдіктің қалыптасу тұжырымдары
Нарықтық экономиканың дамымаған жағдайында ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болады (сурет 2.11a), ал сәйкесінше, ұсыныс көлемі де сұраныс көлемінен артық болуы мүмкін (сурет 2.11ә). Бірінші жағдайда, сатып алушылардың белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алу үшін төлей алатын максималды сұраныс бағасы сатушылардың ұсына алатын минималды бағасынан төмен болып тұрғанын байқаймыз, олай болса бұл берілген тауар немесе қызмет үшін әлі нарық қалыптаспаған: сатып алушылар осы тауарға сұраныс білдіруге әлі де болса сондай қабілетті немесе ауқатты емес. Ал екінші жағдайда, сұраныстың максималды көлемі ұсыныстың минималды көлемінен төмен болып тұр. Сұраныс көлемінің сондай төмен болуынан өндірушілерге берілген тауардың көлемін сату тиімсіз болып табылады. Яғни, графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдіктің дәстүрлі моделінен тыс нөлдік бағалар немесе нөлдік көлемдер кезінде туындайтын ең шеткі (сирек кездесетін) тепе-теңдіктің моделі де болатынын айтуға болады. Бұл модель нарықтық емес жағдайларды сипаттайды. Сурет 2.11 Нарықтың ең шеткі (сирек) тепе-теңдіктері
Р
S D S
PS
PD
D
0
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықта қалыптасатын жағдайлардың бәрі сұраныс пен ұсыныс функцияларының сипатына қарай өзгеріп отырады. Кез келген қалыпты тауарлар нарықтарындағы тепе-теңдік сұраныс заңы мен ұсыныс заңы бойынша қалыптасып тепе-теңдіктің бірдейлігі орын алады. Нарықтың тепе-теңдіктің бір болуы (бірдейлігі) немесе дербестілігі деп отырғанымыз ол белгілі бір уақыт мезетінде кез келген қалыпты тауар үшін «баға - көлем» үйлесімінде жалғыз ғана тепе-теңдіктің орнауын қамтамасыз ететін нарықтың қабілеттілігі. Бірақ сұраныс пен ұсыныс функциялары «ереже бойынша жүрмейтін» ерекше тауарлар да болады. Мұндай жағдайда нарықтың талабы әрқашанда орындала бермейді. Себебі кей жағдайларда нарықтық тепе-теңдікке мүлдем қол жеткізілмеуі мүмкін. Мына бір жағдайда, төмендегі графиктерде көріп отырғанымыздай, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының сызықтары бірдей бағытта – оң көлбеулікте (сурет 2.12 a және ә) немесе теріс көлбеулікте (сурет 2.12 б) болуы мүмкін. Мұнда а) суретіндегі графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдікке қол жеткізілмесе де бәрібір кездейсоқ келісімдер орын ала алады, ал ә) және б) суреттеріндегі графиктерде келісім-шарттар мүлдем орын алмайды, өйткені нарыққа қатысушылардың мүдделері әртүрлі мақсаттарға бағытталған деп айтса да болады.
Р Р
а) ә) б)
S D
S
D
Q
Сурет 2.12 Нарықтық тепе-теңдіктің қол жеткізілмеушілігі
Мынадай жағдайларда, егер сұраныс немесе ұсыныс белгілі бір аралықта (учаскеде) көлбеулігін өзгертсе, онда тепе-теңдік нүктелерінің көптігі немесе сұраныс пен ұсыныстың қиылысуында нарықтық тепе-теңдіктің бірнеше нүктелері орын алуы мүмкін. Мұндайда нарықтық тепе-теңдіктің көптілік (бірнешелік) жағдайы орындалады, сонымен қатар, бір нарықта бірнеше тепе-теңдік жағдайлар да орын алады. Оны төмендегі графиктерден көруге болады (сурет 2.13 а, ә және б). Мұндағы а) суретіндегі графикте тепе-теңдіктің жалғыз еместігі (екі жерден) ұсыныс қисығының оң көлбеулігінің теріс көлбеулікке өзгеруімен шартталады, бұл еңбек нарығының мысалы бола алады, еңбектің бағасы (жалақы мөлшерлемесі) белгілі деңгейіне жетткеннен кейін еңбекке деген ынта төмендеп еңбек ұсынысы азаяды, ал нәтижесінде екі тепе-теңдік пайда болады: P1; Q1 және P1; Q2. Келесі ә) және б) суреттеріндегі графикте сұраныс пен ұсыныс сызықтары бағаның немесе көлемнің белгілі бір интервалында бір біріне жанасады, нәтижесінде нарықтық тепе-теңдіктің көптеген нүктелері пайда болады. Бұл жағдай бағалардың Р1 және P2 аралығында өзгергенде көлемнің QE деңгейінде тұрақты болып қалатынын, және керісінше, көлемдердің Q1 және Q2 аралығында өзгергенде бағаның PE деңгейінде тұрақты болып қалатынын көрсетеді.
Р Р
a) ә) б)
P2 P2 РЕ
P1 P1
S D S D
Q2 Q1 Q QЕ Q Q1 Q2 Q
Сурет 2.13 Нарықтық тепе-теңдіктің біреместілігі а) және нүктелік көптілігі ә) және б)
Классикалық теория нарықтық тепе – теңдіктің тұрақтылығы туралы болжамға сүйене отырып, нарықтың өздігінен тепе-теңдік қалпына қайтып келе алу қабілеттілігін растайды. Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің ішкі механизмдері арқылы осы қызметін атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал атқара алмаса тұрақсыз болғаны. Бұл сұрақтарға нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық моделі – «өрмекші торы тәріздес» модельдің көмегімен жауап беруге болады. «Өрмекші торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін қарапайым динамикалық модель, ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің қалыптасуында бағалық немесе циклдік толқулар орын алады (сурет 2. 14 а, ә және б).