Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы аймақтық мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 16:34, реферат

Описание работы

Көптеген Шығыс Еуропа елдері бұрыннан Экономикалық өзара көмек кеңесінің құрамында болып(қаңтар 1949ж.),қоғамның тұрмыстық экономикалық негізі мен саяси құрылымы біркелкі болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесінен нарықтық экономикаа өте бастады.Экономикалық жағынан қарайтын болсақ,олардың айырмашылығы меншік түрлерініңтөндіріс құралдары мен қатынасына,өнеркәсіпткік мамандану түрлері,халық шаруашылығының ұйымдастыу мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан,экономикалық реформаны әр-түрлі басымды механизмдерді қо

Работа содержит 1 файл

Аймак реферат.docx

— 32.69 Кб (Скачать)

I.Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі  экономиканы аймақтық мемлекеттік реттеу.

Көптеген Шығыс Еуропа елдері бұрыннан Экономикалық өзара  көмек кеңесінің құрамында болып(қаңтар 1949ж.),қоғамның тұрмыстық экономикалық негізі мен саяси құрылымы біркелкі болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесінен нарықтық экономикаа өте бастады.Экономикалық жағынан  қарайтын болсақ,олардың айырмашылығы меншік түрлерініңтөндіріс құралдары  мен қатынасына,өнеркәсіпткік мамандану  түрлері,халық шаруашылығының ұйымдастыу мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан,экономикалық реформаны  әр-түрлі басымды механизмдерді  қолдану арқылы, яғни үдемелі қарқындылық  пен мерзімділік арқылы, әр түрлі  жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргізу керек.Міне осы тұрғыдан алға қойған міндеттерді шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердің тәжірибесін жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргізуге көшу қажет. Шаруашылық жүргізудің бір түрінен екінші түріне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келіп,келесі ережелерге сүйенуімізге болады:Елдің экспорттық ілеуетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркісіпті мемлекет тарапынан қолдану;

Шетел инвестицияларын енгізуге және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық шаруашылық жағдай жасау;Ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

Германияда экономиканы  аймақтық реттеу,көбінесе бәсекелестікті қорғауға,мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға,нарықтағы  ірі кәсіпорындардың қосылуына  тиым салуына,жоспарлар мен бағдарламалардыі әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл  бөлінуде.

Реттеуші органдарының басты  міндеттерінің бірі-аймақтардың  үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету.Мысалы Францияда 1982 жылы жүргізілген  реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйсеін басқару иерархиясының  үш деңгейінің функциялары ажыратылған(коммуналар,департаменттер және аймақтар)Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды экономикамен үйлесімді байланыстыруда Швецияның, Англияның,Германияның,Оңтүстік Кореяның және басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған.Бұл шешімдердегі басты ой,жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпымемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.Көптеген елдердің тәжірибелерін қорытындылай келе Американдық маректинг бірнеше қолайлы жақтарын білген:

1)Басшылардың  үнемі  болашақты ойлауын ынталандыруға  мүмкіндік береді;

2)Мемлекет және шаруашылық  жүргізуші субьектілер қолданылатын  шараларды үйлестіреді;

3)Көрсеткіштерді анықтау  және олардың орындалуын қадағалауға  жол ашады;

4)Алдағы мәселелердің  және саяси ұйымдардың ұстанымдардың   нақты анықталуын талап етеді;

5) Шұғыл өзгерістерге  дайндықты күшейтеді,

6)Барлық қызметкерлерлдің  өзара байланыстылықта екенін  көрсетеді.

Бұлардың маңыздылары  ретінде бірінші,екінші,алтыншысын айтуға болады.Қарастырылап отырған  елдердің тәжірибесінде аймақтық бюджеттік  жоспарлауды реттеу  күшті тетіктердің  бірі,салық жинау механизмі болып  табылады.Бірінші бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,дотациялар,субвенциялар,бюджет шығындарын жоспарлау)халық шаруашылығының басымдықтарын және білімді көп  қажет ететін салаларды жылдам  дамыту мәселелері шешіледі.Италияда,Норвегияда,Данияда,Швецияда,Белгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекеттік  бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс  үлесі 50 пайыздан жоғары,Ал Францияда,Австрияда  және ФРГ-да 50 пайыз шамасында.Ақш  пен Жапонияда 30 пайыз ғана.Екіншіден  құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі  үлкен рөл атқарады.Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызығушылығын арттыруға болады.өйткені  олар өндіріс және өнеркәсіп және онеркісіп салаларының тез дамуына  әкеледі.Ол импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Дағдарысқа түскен мемлекеттер ұшін фискалды саясат арқылы ынталандыру Бұл сасатта,Мемлекттік шығындардың өсуі.Салыө ставкасының мөлшерінің азаюы.Мемлекттің шығындарының өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану.

Шет мемлекеттері үшін мемлекттік реттеуде ақша несие механизмі: толық  жұмысбастылыққа қол жеткізуге,инфляцияның  болмауына экономикада жалпы  өнеркәсіп  деңгейінің өсуіне көмектесу  болып табылады.Мемлекттік реттеудің  Аймақтық ақша механизмі  көмекші  ретінде дайын өнім айналысына емес(яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың  баюына емес) материалдық игіліктерді  өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.Бағаны мемлекеттік реттеудің басты обьектісі ауылшаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.Ғылыми талдау шаруашылық ондірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.Біріншіден,ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты.Бұл тәуелділік фермердің аграрлы сектор субьектісінің табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайда табыс пен пайда табуын обьектіивті және өзекті проблемаға айналдырылады.Оны шешуде басты рөл ауышаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттік реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегңн ынталандыру.яғни көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы баға деңгейін анықтау «шығын қосылған табыс»қағидасы қолданылады.Демек фермер әр-түрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа жетеді.Әлеуметтік бағыттағы баға құрудағы ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы,олардың шеберлігі өседі және ұйымдастыру мен өндірістік технологияның сабақтастығын қаматамасыз етеді.Екіншіден ,тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етілуіне(сондай-ақ,өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл бөлінеді.Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуде ауылшаруашылық өнімдеріне баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару органдары шеттеп тұра алмайды.Осындай обьективті араласу әр-түрлі басымды механизмдерде әкімшілік,экономикалық,тікелей,жанама,құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.Ол әр елдің әлеуметтәк-шаруашылық,құрылымдық,институционалдық ерекшеліктеріне байланысты.

Үшіншіден  аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің  қолдауына мұқтаж,әсіресе,ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты  инновациялық-инвестициялық шараларды  іске асыруда.Мысалы,АҚШ-та мемлекттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді.Ал еуропалық экономикалық одақта(ЕОЭ)жартысына жуық Жапонияда фермсерлердің барлық табыстарының төрттен үшін құрайды.Канадада бұл көрсеткіш деңгейінің 40 пайызын құрайды.Мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауда баға құру мезанизмін жеке,кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданады.ЕОЭ елдерінде Ауыл шаруашылық министрлігінің кеңесінің шешмімен сала өнімдерінің бағасы 95  пайызға дейін реттеледі,бұл жерде  сатып алу бағасының минималды деңгейі базар бағасының өзгеру деңгейіне байланысты негізделеді.Негізгі ауыл шаруашылық өнімдеріне  баға құру сасаты қолданылады.онымен арнайы органдар айналысады.Баға құру басымдылық болған жағдайда «сыйқырлы төртбұрышта»(тұрақты өсу қарқыны,жұмысбастылық,баға тұрақтылығы мен төлем балансы)олардың міндеті кеңейеді.Қытай компартиясы бесжылджық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып,шешім қабылдаған.шешімдердің нәтижелерін жүзеге асыруда екі жылдың ішінде бағаның төрт түрлі түрі құралды: «бірыңғай жоспарлы баға,шаттыр баға, еркін нарық бағасы,  «жүзетін»жоспарлы баға». «Жүзетін» және нарық бағасының жұмыс істеу аясының кеңейуі тауарлар номенклатурасының қысқаруымен,бірыңғай жоспарлы бағамен  «қызмет ету» бағытын алған.Бұл толығымен ауыл шаруашылық өнімдер бағасына қатысты,яғни,жоспарланған  түрде белгіленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты(жоспарлы мемлекеттік сатып алу үшін) және нарықты(сатып алу өзара шарттың үсінен) бағаны қабаттас енгізу.Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің өндіріс қызметтерін ынталандыруда еркін баға үлкен рөл атқарады.Дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей,ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің мүддесін қорғауда және сыртқы экономикалық қатынастардың тиімділігін арттыруда лицензиялық,кедендік,кірістер және тариятік реттеу механизмдерін қолдану ір-елдің геосаясатының,табиғи-тарихтық,табиғи-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.Сонымен қатар,әлемдік нарық пен әлемдік шаруашылық интеграциясына кіру ықыласы ескеріледі.[1]

II.Жапонияның аймақтық  реттеуі

Жапонияның аймақтық экономикалық саясаты территория мен табиғи ресурстардың шектеулі юолуынан, табиғат пен адам қызметтерінің үйлесімділігінің қажеттілігінен, елдің әр тұрлі бөлігіндегі адамдардың қалыпты өмір сүру шарттарын қалыптастырауда  және ұлттық территорияны кешенді пайдалану  қажеттілігінен туындады. Аймақтық экономикалық саясаттың негізгі бағыттары  – елдің аумағы бойынша өнеркәсіпті, халықты, барлық экономикалық ресурстарды  тиімді орналастыруды реттеу және оның барлық аймақтарының толық жіне теңгерімді даму шарттарын қалыптастыру. 50 жылдары  жапония қайта индустрияландыру кезеңіне аяқ басқанда мемлекет алдында  аймақтардың даму жолын таңдау перспективалары тұрды: өнеркәсіп аймақтарындағы өндіріс күштерін тиімді орналастыру саясатын ары қарай жалғастыру ма, әлде нашар дамыған аймақтарды игеру , мегаполистердегі негізгі магистралды кеңейту немесе әлсіз дамыған аймақтарда жолдар және басқа да коммуникацияларды салып, онда өнеркәсіптің жаңа салаларын тартумен айналысу керек па? Ол уақытта аймақтық экономикалық саясаттың 2 бағытының алғашқысы приоритетті болып табылды.Аймақтық экономикалық саясаттың жалпы мемлекеттік деңгейде қалыптасуында Ұлттық табыстың екі еселену жоспары маңызды роль атқарды . Онда ұлттық ресурстарды, еңбек күшін, капиталды, ғылыми – техникалық ресурстарды тиімді пайдалаеу жолымен ел аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлерінің жақындату мақсаты алғаш қалыптасты. Бұл мақсат қазіргі уақытқа дейін Аймақтық экономикалық саясаттың негізі болып табылады.60 жылдардың басында Жапонияның  Аймақтық экономикалық саясаты басқа елдердегі секілді аумақтық диспропорйия проблемаларына соғылды. Жаңа поляризацияланған даму тұжырымдамасы қабылданды. Ол нодальды жүйе тұжырымдамасына және аймақтардыға « даму ошақтарына» негізделді.  70 жылдары жапония экономикасының дағдарыстық күйзеліс алдындағы екі талай кезеңде экономика құрылымын бұлтартпас және шапшаң етті және осы уақытта өндіріс күштерін орналастырудың жаңа программасы дүниеге келді. Оны сол кедегі Жапонияның премьер-министрі К.Танакидің « Жапония архипелагын қайта ұйымдастыру» деп аталатын кітабында баяндалды. Осы саладығы К. Танаканың тқжырымдамалық жаңалығы болып экономикалық саясат пен Аймақтық экономикалық саясатты алғаш рет бір тұтас бүтін ретінде көрсетуі болды.Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі. 80 жылдары экономикалық өсі факторларының жедел даму дәуірінде аймақтық дамудың жоғары технологиялар кешенінде жаңа тұжырымдама жасалды. Ол екі негізгі теорияның бастамаларын – «поляртанған даму» және « жергілікті қауымдастықтарды» өзіне біріктірді. Олар технополистер еді. Технополистер жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарапынан жергілікті кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен әр аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсету арқылы дамыды.Жапониялық  технополистердің шетелдік баламаларына айырмашылығы болып тұжырымдаманың әлеуметтік бағытталуы болды және ол жергілікті тұрғындарыдң оған деген қызығушылығының артуына әкелді.[2]

1.1.Жапонияның аймақтық саясаты

Аймақтық саясатының механизмдердің ең тиімді жүйелерінің бірі – бұл жапондық болып табылады. Оның негізі – аймақтық дамудың мемлекеттік жоспарлары. (1960 жылдан бастап 10 жылға жасалып отырады). Олдардың негізгі міндеттері:

  • Өндіріс күштерін аймақтар бойынша орналастыру;
  • Әр түрлі экономикалық аймақтар бойынша шаруашылық дисппропорцияларды жұмсарту;
  • Экологиягы жақсарту және сақтау.

Жапония аумағы 10 экономикалық аймаққа бөлінген. Жапонияның экономикалық аймақтандырылуы тек қана экономикалық талдаудың, прфектураларды, қалаларды  дамытуды болжаудың негізі ғана болып  қоймай, сонымен қатар елдің жалпы  әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын тәжірибелік жүктелімі де бар.

Ол келесі ірі экономикалық бағыттарды көрінісін табады:

  • Экономикалық аймақтандыру ел территроясын кешенді дамуының мемлекетпен бекітілген ұзақ мерзімді жоспарының негізі, сондай-ақдамудың басқа да заң актілері бойынша;
  • Экономикалық аймақтардың кескіні негізінде қаржылық, салықтық жүйелері бар, олар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру шараларымен қамтамасыз етеді. Шығындық аймақтар, мысалы, Хоккайдо экономикалық аймағы басқа гүлденүші экономикалық аймақтар есебінен дотация алады.
  • Аймақтар бойынша жспардауда көңіл бөлінетін жай – халықтың ілеуметтік проблемалары. Олар орналастырауды экономикалық реттеу және несие, салық, басқа да экономикалық рычагтар арқылы халықтың қозғалысын реттейді.
  • Экономикалық аймақтандырудың өндіріс күштерінің дамуындағы және инфрақұрылымдағы мамандануындағы ролі айрықша .

Ел территориясының шағындығы  мен экономикалық аймақтар аудандарының  кіші болуы өнеркәсіп мамандануының  жүзеге асуы мен әрбір аймақтардың ішіндегі өнеркәсіп инфрақұрылымының дамуы жүреді. Мұны  әр түрлі өнеркәсіптік компаниялар жасайды және жалпы технокалық өндіріс үрдісінде ғана емес, сондай-ақ пресстеу, құрал-жабдықтар, ЭВМ дайындауда, электроника, транспорт, т.б. көрніс табады. Және әрбір аймақтардың қажеттілігіне қарай жоғарыда аталғандарды шығуды маманданған  компаниялар мен фирмалар қамтамасыз етеді. Осындай тенденциялар құрылыс, энергетика, материалдық-техникалық жабдықтауға, саудаға, өндірістік емес слаларға да тән. Дегенменде маманданудың шекарасы инфрақұрылымдардың дамуы шартты. Бәрақ үкімет осы бағытта күшті және мақсатталыған аймақ саясатын жүргізеді. Парламент аймақтармен байланысты проблемаларды жиі естиді.

Жапонияда аймақтар бойынша  программаларды жасаумен және олардың  орындалуын бақылайтын мемлекеттік  органдардың үйлесімді жүйесі қалыптасқан. Оның ең бастысы- экономикалық консультативтік  кеңес және жапония министрі жанындағы  аймақтардың кешенді дамуын жоспарлау  кеңесі болып табылады.

Біріншісі аймақтарды есептегендегі  ел экономикасын дамытудың негізгі  бағытын және белгілі бір деңгейдегі аймақтық саясатты қалыптастырады. Онымен Ішкі сауда және өнеркәсіп министрлігі, құрылыс министрлігі айналысады.

Басқарушы және жергілікті органдардың тапсырысы бойынша  прогаммалар мен жоспарлар көбінесе жеке ғылыми және басқа да ұйымдармен жасалады. Соңғы жалдары аймақтардың  дамуы бойынша сұрақтар шешімінде  жергілікті  басқару  органдарының – префектуралардың ролі арта түсуде. Оның осы мақсатта аймақтарды дамыту, жоспарлау, кәсіпорындарды жұмылдыру, т.б. бөлімдері , көбіне аймақтарды дамыту және жергілікті ресурстарды сақтау жөніндегі консультативті кеңестері  болады.[2]

III.Қытай Халық Республикасында экономиканы аймақтық,мемлекеттік реттеу.

Қытай Халық Республикасында  мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады.70нші-жылдардың соңында ҚХР-да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған,бұлар,социалистік тауарлы экономиканы,социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін экономикалықпайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды.Қытай Компартиясының шешіміне сәйкес жоспарлы-тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған  микродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі.Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанымен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделіп ерекшеленеді.Осы қағидалар бойынша реформаладың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элементтерінің  пайда болуы мен оларды мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етіледі.Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді.Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді:Жоғары деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді директивті(экономика құрылымы мен даму қарқыны,мемлекеттік резервтер,тұрақты тауар сұранымы,мемлекеттік бюджет)жоспарлау қолданылады,екінші деңгей шаруашылық деңгейімен,экономиканың алғашқы саласын қамтиды.Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-техникалық қамьтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындаолады.Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр-түрлі қызмет көрсетулермен және нарық механизмдерін қолданумен реттеледі.Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға-өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.Көптеген экономикалық реформалады бастан кешірген басқа елдерге қарағанда,қытайдың  реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын(директивті жоспарлау,салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау,несиелік салық және баға саясатын жүйелік жүргізу)қолданылады.Сол сияқты нәтижелер бірқатар Оңтүстік шығыс Азия елдерінде-Жапонияда,Оңтүстік Кореяда,Филиппинде,Сингапурда,Тайландта т.б. елдерде байқалады.Жапония мен Оңтүстік Кореяда Мемлекеттік реттеу ішкі,жалпы ұлттық өнім,жинақ көлемі және қор,еңбекақының өсуі,еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру стратегиясында қаржы-банк,салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

Информация о работе Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы аймақтық мемлекеттік реттеу