Шығындар есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есеб

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:32, реферат

Описание работы

Өнім өндіру мен калькуляциялау шығын есебінің басқа бір нұсқасы - өнімді өщіндік құнмен есептеу болып табылады.Нақты қандай шығындар өзіндік құнға кіретіні туралы бірыңғай тәсілдеме жоқ. Өзіндік құнға тікелей шығындар да, өзгермелі шығындар да кіруі мүмкін.Алайда, өзіндік құнға әр түрлі шығындар түрліше толық боп кіруіне қарамастан, жалпы алғанда, ағымдағы шығындардың бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, ол залалсыздық нүктесіне жеткенге шейін ұдайы шығынды білдіретін, ал жеткеннен кейін салық салынғанға дейінгі пайда (операциялық пайда) деп саналатын маржиналдық табыс есебінен орны толтырылады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Шығындар есебінің түсінігі, түрлері, калькуляциялық бірліктері.

2.Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.

3. Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есебі.

4.Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.

5. Шығындарды және калькуляциялаудың нақты және нормативті тәсілдері.

6.Шығындар және оларды жіктеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім


ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

реферат бух учет актоты.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік ақпаратты  жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы  ақпарат тағайындауына байланысты.

Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттерәне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу – келген және шыққан, өндірістіка және кезеңдік; бағалауда есепке  алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу – реттелетін және реттелмейтін.

Өндіріске шығынды есептеу  жүргізетін бағыт – өндіріске  арналған шығындар есебін мақсатты түрде  дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шыын мәнісінде қайсыбір қызмет адамның пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет  деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды; жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мфсалы, өзгермелік және тұақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыстың шығыннан айырмашылығы

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қзметінің  барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет

1887 ж ағылшын экономистері  шығын туралы хабардар болуды  арттыратын және оларды бақылауды  күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды.  Оның негізіне шығнды шаррты-тұрақты жіне шартты өзгермеі деп бөлу жапты. Ғалыдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шағын өндіретін көлемін пропоруионалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын «Директ-костинг» тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдырпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.

Шыққан шығындар есебі  әкімшілік шығыстарды ғана есептеп  қана қоймай, ақталмаған шығыстардың  пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырыл қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.

Басқару есебі жүйесін  толық түсіну үшін мынандай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болшақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін күн. Бұдан шығатыны, «Шығындар» ұғымы «Өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығыстар-өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді

  • Ағымдағы есепті кезең;
  • Кейінге қалдырылған;

Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша  олар мыналарға бөлінеді:

  • Ағымдағы есепті кезең;
  • Кейінге қалдырылған.

Есепті кезеңнің кірістері  мен өзара байланысының белгілері  бойынша олар мыналарға бөлінеді:

  • Осы есепті кезеңде алынған кірістер мен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстар);
  • Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы шығыстары.

Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есептер және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

Ұйымның болашақтағы  ресурстарына пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:

  • Инвестициялар (күрделі қаржы);
  • Болашақ кезең шығыстары.

 

 

 

 

 

 

 

Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.

Шығындар – басқару  есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан құрлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.

Өндіріс шығындарын жіктеу

Жіктелуші топ

Шығындар(шығыстар)

1

Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша

  • Негізгі
  • қосымшы

2

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша

  • тікелей
  • жанама

3

Құрамы (біртектілігі) бойынша

  • бірэлементтік
  • кешенді

4

Өндіріс көлеміне байланысты

  • өзгермелі
  • тұрақты

5

Пайда болу мерзімділігі бойынша

  • ағымдағы
  • біржолғы

6

Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша)

  • өндірістік
  • әкімшілік
  • коммерциялық

7

Тиімділігі бойынша

  • өндірісітік
  • өндірістік емес

8

Бақыланатын мүмкіндігі бойынша

  • реттелетін
  • реттелмейтін

9

Орташалау дәрежесі бойынша

  • жалпы
  • орта

10

Пайданы генирациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша

  • өнімге
  • кезеңге

 

Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.

Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар).

Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.

Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен  басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.)

Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар.

Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны) құрайтын барлық шығындар.

Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық – (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

Өнімді – (жоспарланатын) тиімді технология мен  өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш емес – (жоспарланбайтын) өндіріс технологиясымен ұйымдастырудағы белгіленген кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды-цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге – өнімнің өзіндік құнына кететін.

Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар.

 

 

 

 

  

 

 

                               

               

 

                                           Қорытынды

 

 

    Өндірістің шығын есебі мен калькуляциясы басқару есебі жүйесінің элементтерін жасаушылар болып таылады. Бұл арада өнімнің өзіндік құны ретінде, әдетте, ақшалай түрде көрінетін өндіру мен өткізу шығындары деп түсінеді.

   Өнімдің өзіндік  құнына қандай шығындар кіретініне байланысты Қазақстанда әдетте оның мына түрлерін атап көрмсетеді:

   * цехтың өнімді  дайындауға шығынын қамтитын  өндірістік;

   * цехтың өнімді  дайындаудағы шығынын сипаттайтын  цехтық;

   * толық, яғни  өнім өндірудің және өткізудің  барлық шығындарын қамтитын өзіндік құн.

  Өнім (жұмыс, қызмет) бірліктерінің өзіндік құнының есеп жүйесі калькуляциялау деп аталады.

  Нақты қол жеткен  нәтижені талдау нақты және  жоспарлы немесе нормативті деректерді  салыстыру арқылыболады. Ұйым қызметінің  тиімділігін бақылауға көмектесетін ауытқуды анықтаудан басталады.

  Ауытқу тікелей  еңбек шығыны бойынша жалпы  өндіріс шығыны деп айрықшаланады.Тікелей  материал шығыны бойынша жалпы  ауытқу нақты және нормативті  шығындар арасында айырмашылық  ретінде анықталады. Мұнда жалпы ауытқу баға бойынша ауытқуға және сан бойынша ауытқуға жіктелуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

            

   

    

 

 

  Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.   "Басқару  есебі" оқулық

        Назарова В.Л

        Жапбарханова М.С

        Фурсов Д.А

        Фурсова С.Д

 

2. "Бухгалтерлік  есеп" оқулық

       Назарова В.Л

 

3. "Бухгалтер  бюлеттені"

        Журнал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Шығындар есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есеб