Шығындар есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есеб

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:32, реферат

Описание работы

Өнім өндіру мен калькуляциялау шығын есебінің басқа бір нұсқасы - өнімді өщіндік құнмен есептеу болып табылады.Нақты қандай шығындар өзіндік құнға кіретіні туралы бірыңғай тәсілдеме жоқ. Өзіндік құнға тікелей шығындар да, өзгермелі шығындар да кіруі мүмкін.Алайда, өзіндік құнға әр түрлі шығындар түрліше толық боп кіруіне қарамастан, жалпы алғанда, ағымдағы шығындардың бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, ол залалсыздық нүктесіне жеткенге шейін ұдайы шығынды білдіретін, ал жеткеннен кейін салық салынғанға дейінгі пайда (операциялық пайда) деп саналатын маржиналдық табыс есебінен орны толтырылады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Шығындар есебінің түсінігі, түрлері, калькуляциялық бірліктері.

2.Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.

3. Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есебі.

4.Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.

5. Шығындарды және калькуляциялаудың нақты және нормативті тәсілдері.

6.Шығындар және оларды жіктеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім


ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

реферат бух учет актоты.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

                                   Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігі

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік министрлігі

                      Эканомика және құқық кафедрасы

 

 

 

 

 

   

       Реферат

     

 

                      Тақырыбы:Шығындар есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есебі.

 

                                                                                    

 

 

 

                                                                                            Орындаған:Сагенова.А

 

 

                                                                                            Тексерген:Хамидуллина.Ж

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

                                                       Атырау-2012 

                               Жоспар

 

                         

         

           І. Кіріспе

 

           ІІ. Негізгі бөлім 

 

  1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері, калькуляциялық бірліктері.

 

     2.Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.

 

    3. Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есебі.

 

    4.Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.

 

    5. Шығындарды және калькуляциялаудың нақты және нормативті тәсілдері.

 

  6.Шығындар және оларды жіктеу.

 

          ІІІ. Қорытынды бөлім

 

 

          ІV. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

                                             Кіріспе

 

  Өнім өндіру мен  калькуляциялау шығын есебінің  басқа бір нұсқасы - өнімді  өщіндік құнмен есептеу болып табылады.Нақты қандай шығындар өзіндік құнға кіретіні туралы бірыңғай тәсілдеме жоқ. Өзіндік құнға тікелей шығындар да, өзгермелі шығындар да кіруі мүмкін.Алайда, өзіндік құнға әр түрлі шығындар түрліше толық боп кіруіне қарамастан, жалпы алғанда, ағымдағы шығындардың бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, ол залалсыздық нүктесіне жеткенге шейін ұдайы шығынды білдіретін, ал жеткеннен кейін салық салынғанға дейінгі пайда (операциялық пайда) деп саналатын маржиналдық табыс есебінен орны толтырылады.

  Жалпы өндірістік  шығындардың ауытқуын талдау  күрделілік деңгейіне қарай ерекшеленеді. Алдымен өзгермелі және тұрақты  жалпы өндіріс шығындарының коэффициенттерін  пайдаланумен өндірілген өнімге  салынған нақты жалпы өндірістік  шығындар мен нормативтер арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын жалпы өндірістік шығындардың жалпы ауытқуы есептеледі. Содан соң жалпы ауытқу бақылауға алынуға және көлем бойынша ауытқуға бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері

 

    Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу.Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

  Калькуляциялауда өндірістегі өнімнің накқтылыай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

  Қазіргі заманға  экономикалық әдебиет калькуляциялауды  өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.

  Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің қанша болатынын есептеу.

  Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.

  Жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі - сметалық калькуляция, оны бір рет шығатын бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.

 Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.

 Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады.

 Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялағанда калькуляциялық  бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау  объектісінің өлшеуіші болып  саналады.

 Заттай (натуральды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынұшыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон, метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б) сәйкес келеді.

 Құндық бірліктер  - көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы  бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.

 Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты - өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісшілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді.

 калькуляцияның қазіргі  заманғы жүйелері өзара байланысты  көрсеткіштердің ара қатынасын  біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы  ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді  шешуге жол ашып қана қоймай, мынандай жағдайлардың экономикалық  салаларын болжауға мүмкіндік береді:

* өнімді ары қарай  шығарудың мақсатқа сәйкестігін;

* өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;

* шығарылатын өнімнің  ассортиментін оңтайландыру;

* жұмыс істеп тұрған  технология мен станок парқын  жаңартудың мақсатқа сәйкестігін;

* басқару жеке құрамының  жұмыс сапасын бағалау;

 

 

 

 

 

 

 

2. Калькуляциялау  принциптері, оның объектісі мен  тәсілдері  

   Калькуляция өнімнің  сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін  бақылауды жүзеге асыру үшін  маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы наменклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.

  Өнімнің өзіндік  құны - щның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.

  Өнімнің өзіндік  құнына мыналар кіреді:

- кәсіпорында өнім  өндіруге шығатын еңбек;

- өнімді өткізуге буып-түю,  орау, сақтау, тиеу, тасымалдау,делдалдық  қызметке төлеу, комиссиялық алымдар  мен сыйақылар, жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;

-өнімді осы кәсіпорында  өндіру мен өткізуге байланысты  емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік  құнына кіргізу жолымен орнын  толтыру, жай ұдайы өндірісті  қамтамассыз ету үшін қажетті.

 Өнімнің өзіндік  құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:

        * цехтық - тікелей шығындар мен  жалпы өндірістік шығыстарды  біріктіреді, өнімді дайындауға  шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;

       * өндірістік - цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;

       * толық  өзіндік құн - коммерциялық және  өткізу шығыстарына ұлғайған  өндірістік өзіндік құн. Өндіріс  пен де,өнім өткізумен де                                            байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.

  Сатуға өндірілген  және дайындалған өнімнің толық   өзіндік құнын мынандай формуланы  пайдаланып есептеуге болады:

           Жұмыс күшіне шығындар + материалдар  + қосымша шығыстар= Өндірістік өзіндік құн + өткізу шығындары + әкімшілік шығыстары= рентабельділік % толық өзіндік құны = Сатылым (келісімшарттық) құны.

  Калькуляциялау объектісі - белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілетін қызмет, өнім, жартыдлай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.

  Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерін таңдау - өндіріске шыққан шығындардың аналитикалық есебі әдістері калькуляциялық объектілері мен калькуляциялық бірліктерді есептеу амалдары бойынша жинақтау.

 

3. Шығын  есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің  түрлері

 Бұрын айтылғандай,  өндіріске шыққан шығындарды  есептеу мен өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау тәсілі - өнімнің  нвқты өзіндік құнын айқындайтын  өндірістік шығындарды құжаттау  менкөрсету әдістерінің жиынтығы.

  Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялауәр түрлі  тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция  тәсілі - калькуляциялық бірліктің  өзіндік құнын есептеп шығару  үшін қолданылатын технологияға, өнімнің номенклатурасына және  т.б байланысты.

  Шығынды есептеу  мен калькуляциялау тәсілдерін үш белгі бойынша топтастыруға болады

            *  шығын есебі объектілері  бойынша:

                - процестік;

                - бөлістік;

                - тапсырыстық;

            *  шығын есебінің толықтығына  қарай:

               - толық құнды калькуляциялау;

               - толық емес өзіндік құнды  калькуляциялау;

           *  шығындар есебі мен бақылаудың  оперативтілігі бойынша:

              - нақты өзіндік құн есебі;

              - нормаға сай шығындар есебі;

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Толық  және толық емес өзіндік құнды  калькуляциялау

   Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, тоық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.

  Біздің тәжібемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрлі жүргізіледі.

  Есепте шығындар  объектісіне бірден жатқызылуы  мүмкін тікелей шығындар:

  1) тікелей материалдық  шығындар;

  2) еңбекті өтеудің  тікелей шығындары;

  3) еңбекті өтеуден  аударымдар.

  Толық өзіндік  құн негізінде кәсіпорын басшысы  өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы,  болашақта оны өндірудің мақсатқа  сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар  жасайды.

  Толық өзіндік  құн бойынша есептеудің тиімді  жақтары:

- Қазақстан Республикасында  қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;

- аяқталмаған және  дайвн өнімніңқұнын байыпты бағалау.

 

5. Шығындарды және калькуляциялаудың нақты жеке нормативті тәсілдері

 Есеп обьектілерді  көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшалатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құнның нормативті өндіріс процесінде-ақ калькуляцияланады.

 Нақты шығындарды есептеу - қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көргетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.

 Нормативтік шығын есебінің  жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан  ол әр түрлі мақсаттардың өзіне  арналған шығындар туралы деректермен  қамтамассыз етеді.

 Норма - бұл нақты еңбек пәні шығынының және техонологиялық процестің әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

 Нормативтік шығын дегеніміз - әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала мұқият анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді.

 

 

 

 

Шығындар және оларды жіктеу

 

Басқару есебі ұйымның  менеджерлері мен басшыларына шешім  қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.

Өндірістік есеп міндетіне  қаржылық есептержасау үшін тікелей  өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік  құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.

Информация о работе Шығындар есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің есеб