Саяси жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:13, реферат

Описание работы

Қазіргі кезеңде қоғам дамуының әр түрлі салаларында күрделі өзгерістер жүруде. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, ол елдерде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген қатынастармен орталықтандырылған жоспарлы шаруашылықтың орнына меншіктің көптүрлілігіне, нарықтық қатынастарға негізделген қайта құрылыстар іске асырылуда.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Саяси жүйе ұғымының қалыптасу кезеңі
ә) Саяси жүйенің түрлері
б) Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі

III. Қорытынды

IV. Падаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

саяси жүйе.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

5)     Саяси  жүйенің    халықты  иландыру,  көзін  жеткізе  алу  механизмдерін,  көзқарастарды,  аңыздарды  мифтерді  дамыта  алу,  орнықтыра  алу  қабілетінде;

6)     Оның  қызметінің  демократиялық  және  құқықтық  негізінде  жүргізілуі.  Нағыз   демократиялық  мемлекет  өз  қызметін  адам  құқық  құрметтеуге,  сақтауға  негіздеуі  тиіс;

7)     Көп  партиялы   саяси  жүйенің   қалыптасуы.  Мұндай  жүйе  әлеуметтік  мүдденің  ауқымдылығын  және  саяси  құрылымының   кеңдігін  көрсетеді;

8)     Саяси  жүйеге  әр  түрлі   әлеуметтік – саяси,  экономикалық   рухани –  мәдени   және  технологиялық  күштердің  кері  ықпалдарының   алдын  алу  шараларын  жүргізе  алу  қабілетінің  болуы.  Бұл   оның  қоршаған  ортаға   дағдылану,  икемделу   қабілетін  де  оларды  өз   мүддесіне   бағындыра  білу  және  саяси  жүйенің   тиімді,  ұтымды   қызмет  ете  алу  қасиетін  көрсетед;

9)     Саяси  жүйе  қоғамның   тұрақтылық,  тепе-теңдік,  тыныштық   күйінің  әлсіз   буындары  мен  көріністерін  дер  кезінде  байқап,  анықтап,  оларды   қалпына  келтіруге  және  этникалық  топтар  жалпы  халық  арасында  өзіне  тірек  және  тұтқа  болатын  негіздерді  анықтап,   кеңейтіп,  нығайтып  отыруы  тиіс;

10) Сондай-ақ    саяси  жүйе  өзінің  құрамындағы   микроэлементтерді  (сот,  прокуратура,  әскер,  милиция,  партия,  сайлау,   мешіттер  және  шіркеулер  т.б.)  терең  зерттей  отырып,  оларды  жетілдіру  шараларын   жүргізуге   қабілетті  болуы  тиіс;

11) Саяси  жүйенің  басқа  мемлекеттердегі  саяси - әлеуметтік  жағдайларды  бақылап  отыруға,  керек  кезінде  ол  елдердегі  өз  мүддесін  қорғауға  бағытталған   шараларды  жүргізуге  қабілетті  болуы т.б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Қорытынды

 

Кез-келген  қоғамның  дамуы,  ондағы  қалыптасқан  саяси  жүйеге  байланысты.   Саяси  жүйенің  әр  элементтері  өз  функциясын  дұрыс  атқаратын,  жүйе  жетілген,  реттелген  елдерде  қоғам  прогресс  жолымен  тезірек   дамиды.  Олай  болмаған  жағдайда – қоғам   тоқырап,  дағдарысқа  ұшырап,  кей  жағдайда,  Кеңес  Одағындағы  сияқты   қоғамның  ыдырауына  алып  келеді.

Қазіргі  Қазақстанның    саяси  жүйесінің   дамуынан,  бүкіләлемдік  елдердің  өтпелі  кезеңдегі  даму  тәжірибесіне  тән  құбылыстарды  байқауға  болады.  Жалпы  философияның   заңдылығы  бойынша  ескі   жаңаға  өз  орнын  күрессіз  бере  қоймайды.  Сол  сияқты  қазіргі  Қазақстандағы  қоғамның  өтпелі  кезеңінде – ескі  әкімшілдік-әміршілдік  жүйе  мен  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  демократиялық  жүйенің  арасында  күрес  жоқ  деп  айтуға  болмайды.  Себебі  ескі   бірден  жойыла  қоймайды,  жаңа  аяқ  астынан  қалыптаспайды,  оған   белгілі  уақыт  беру  керек.  Сондықтан  Қазақстанның   қазіргі  саяси  жүйесіне,  басқа  елдердегі  сияқты,  өтпелі   қоғамда   болатын  аралас  жүйн  тән.  Басқарудың   әкімшілік-әміршілік   жүйесі  мен   демократиялық  жүйе  қатар  өмір  сүріп  отыр.  Біздің   еліміздің   даму  тәжірибесі  демократиялық  басқару   жүйесінің  бірте-бірте  орнығып  келе  жатқандығын   көрсетеді.

Оның  көрінісі:  нарықтық  экономикаға  сай   мемлекеттік  басқару   органдарының  қалыптасуы,  ондағы  реформа;  билік  салаларының  бөлінуі;  үнемі  жұмыс  жасайтын  қос  палаталы   парламенттің  қалыптасуы;  сот  органдарындағы  реформа;  тәуелсіз  ақпарат  құралдарының  жұмыс  жасауы;  цензураның  жойылуы;  оппозицияның  ашық  жұмыс  жасауы;  көппартиялық  пен  қоғамдық  қозғалыстар  мен   бірлестіктердің  жұмыстарына  жол  берілуі  т.б.

Бұл  шаралардан  Қазақстанның   саяси  жүйесінің   бірте-бірте  демократиялық  жүйеге  айналып  келе  жатқандығын  көреміз.

Шетелдік  зерттеушілер  өтпелі  кезеңде  автократия  мен  демократиялық  элементтері  араласқан  құрылымның  болатындығын  айтқан.  Оның  айтуынша,  егер  өтпелі  кезең  жоғарыдан  басқарылып  отырса,  онда  билік  басындағылар  жаңа  құрылымға  авторитарлық  тәсілдерді  егу  арқылы  мүдделерін  қорғауға  тырысады.  Шынында  да,  қазіргі  Қазақстанның  саяси  жүйесіне   әкімдерді  тағайындау,  депутаттыққа   тізім  арқылы  сайлау,  сенат  депутаттарын  халықтың  сайламауы,  кейбір  оппозиция  мен  оның  ақпарат  құралдарына  қосымшылық  сияқты  авторитарлық  тәсілдер  егілуде.  Алда  тұрған  негізгі  міндет:  әкімшілік  жүйеден   тезірек  арылу,  демократиялық  жүйені  жылдамырақ  қалыптастыру.  Себебі  әкімшілік  жүйе  орнығып  алса,  онан  арылу  қиын.

Саяси  жүйенің  дұрыс  жұмыс  жасауында  оидерлердің   атқаратын  рөлі  зор.  Қазақстанның   қазіргі  саяси  сахнасында,  Елбасынан  басқа,  танымалы  лидерлер  аз.  Сондықтан  елдің  болашағы  нарық  заңдылықтарын  игерген,  әкімшілдік  санадан  арылған,  демократиялық  көзқарастағы   білімді,  ел  қамын  ойлайтын  лидерлерге  байланысты.

Саяси  жүйедегі  әкімшілдік – бюрократиялық   әдістің  жойылмауы,  жүйе  шенеуніктерінің  арасында  орныққан  сыбайлас  жемқорлықтың  кең  тарауына  байланысты  болып  отыр.

Соңғы  кезеңде  Қазақстанда  көптеген  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар  пайда  болып,  олар  саяси  жүйенің  жұмысына  тікелей  араласуда.  Бірақ  бұл  партиялар  мен  қозғалыстар,  түрлі  себептерге  байланысты,  саяси  жүйеде   аз  функцияларын  толықтай  атқара  алмай  отыр.

Оның  негізгі  себептері:  партиялардың   бағдарламаларының  әлсіздігі;  халықтың  басым   көпшілігін  қамтыған   бұқаралық  партияларға  айнала  алмауы;  халық  арасындағы   беделінің  төмендігі,  тиімді  жұмыс  жасай  білмеуіә;  олардың   арасындағы  келіспеушілік,   бағдарламаларының   ұқсастығы;  танымал  партия   лидерлерінің  жоқтығы  тағы  басқа  жағдайлар.

Сондықтан  олар  өз   жұмыстарын  түбірінен  өзгертіп,  бағдарламаларын  қайта  қарап,  үкімет  бағдарламаларына   конкуренция  құра  алатындай,  елді  экономикалық  дағдарыстан  құтқару  жолдарын  көрсеткен  бағдарламалар  ұыснып,  халық  арасында  кең  беделге  ие  болған  саяси  күшке  айналуы  керек.

Сонда  ғана  қоғамның  саяси  жүйесі  тәуелсіз  Қазақстан  экономикасының   гүлденуіне,  халықтың  әлеуметтік,  мәдени  дамуына  қызмет  ететіндей,  елімізді  өркениетті  мемлекеттердің   қатарына  жеткізетіндей  жүйеге  айналады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

 

 

1. Құсниденов С. “Қоғамның  саяси  жүйесі”. Атырау, 2001

 

2. Кенжебаев  С. “Саясаттану  негіздері”. Алматы, 1999

 

3. Жамбылов “Саясаттану  негіздері ” Алматы, 1997

 

 



Информация о работе Саяси жүйе