Саяси жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:13, реферат

Описание работы

Қазіргі кезеңде қоғам дамуының әр түрлі салаларында күрделі өзгерістер жүруде. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, ол елдерде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген қатынастармен орталықтандырылған жоспарлы шаруашылықтың орнына меншіктің көптүрлілігіне, нарықтық қатынастарға негізделген қайта құрылыстар іске асырылуда.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Саяси жүйе ұғымының қалыптасу кезеңі
ә) Саяси жүйенің түрлері
б) Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі

III. Қорытынды

IV. Падаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

саяси жүйе.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

-         әдеттегі  саяси  жүйеден   модернизацияланған  жүйеге  өту  кезеңі   тұрғысынан;

-         саяси  мәдениеттер   айырмашылығы  тұрғысынан  (Г.Алмонд,  англо-американдық,  континентальды – европалық,   индустрияландырылмаған  және  жарым – жарты  индустрияландырылған);

-         Ж.Блонделдің   саяси  жүйені   жіктеу  түрлері  (бес  категориялы:  либеральды – демократиялық;  радикальды  немесе   коммунистік;  дәстүрлі,  популистік,  авторитарлы – консервативті   саяси  жүйелер).

Сонымен  қатар  әдебиеттерде  саяси  жүйені  жікке  бөлудің,  тарихи   процестерге  талдау   жасаудың  формациялық   және  өркениеттіктұрғысынан  бөлу  әдістері  де  белгілі.

Жоғарыда  айтылғандай   формациялық   жіктеу  марксизмге  тән.  Бұндай  бөлу  өндіріс  тәсіліне,  қоғамның   әлеуметтік – таптық  құрылымына,  тап  күштердің  аса  салмағына,  жалпы  экономикалық  дамуға  байланысты.  Құл  иеленушілік,   феодалдық,  капиталистік,  социалистік  саяси  жүйелерге   бөлінеді.  Жүйені  формациялық  бөлудің  жағымды  жақтарымен  қатар,  тар  өрістілігі  де  бар.  Ол  бүкіләлемдік  тарихи  процестерді,  әсіресе,  әр  формацияның   бірінен-біріне   мұра  болып  қалатын  материалдық,  әлеуметтік,  рухани  т.б.  мәселелерді   түгел  қамти  алмайды.

Саяси  жүйені   өркениеттік  тұрғыдан   қарауда,  жікке  бөлудің  негізгі  өлшемі  ретінде  саяси  мәдениеттің   жағдайы  алынады.

Осы  тұрғыдан  П.Шаран  саяси  жүйені  англо-американдық,  тоталитарлық,   континентальды – европалық  типтерге  бөледі.

Саяси  жүйенің  англо – американдық  типінде  анықтаушы  фактор  ретінде  қатаң  есепке,  келісімге,  негізделген  көпқұндылықты  саяси  мәдениет  жатады.  Бұл  жүйеде  жоғары  тұрақтылық  пен   биліктің,  саяси   жүйенің  институттарының,  олардың  атқаратын  қызметтерінің  жіктелуімен  анықталады.

Тоталитарлық  жүйеде  сырттай  қарағанда  саяси  мәдениет  жоғарғы  орынға  қойылады.  Оның  құндылықтары  қоғамның  барлық  мүшелерімен  құпталады,  бірақ  ол  ерікті  түрде  емес,  саяси  жүйенің  күштеу    аппараттары  арқылы,  әкімшілік - әміршілдік   әдістермен  күштеп  мойындаттырылады.

Саяси  жүйенің  континентальды – европалық  типі  мәдениетінің  англо-американдық  түрлерімен  ескі  мәдениеттердің  араласуымен,  саяси  мәдениеттің  эклектикалық  түрімен  анықталады.

Жоғарыда  айтылған  көзқарастардан  ұғатынымыз,  саяси  жүйені  өркениеттік  тұрғыдан  жікке  бөлу  мәселесінде  әртүрлі   көзқарастардың  бар  екендігі,  ал  ортақ  заңдылық – саяси  жүйені   тұтастық  тұрғыдан  қарастыруға  ұмтылушылығы.

Бұл  тұтастық  дегеніміз – билік  жүргізуші  таптар  мен  топтардың   мүдделерін   ескеріп,  байланыстырып,  өз  мүдделеріне  жалпыхалықтық,  жалпыға  бірдей  міндетті  мүдде  сипатын  беруге  тырысушылығы.

Бірақ  жүйенің  тұтастығы,  толықтығы  ұзақ  мерзімдерді  қамтиды.  Бүкіл  әлемнің  бірде – бір  елінде,  тіпті  әлемнің  ең  демократиящыл  елдерінде  де,  әлі  ондай  бүкіл  халықтың  мүддесін   көздейтіндей  тұтас  жүйе  орнаған  жоқ.  Ондай  жүйені  құру  қоғамның   өркениет  жолымен  дамуының  жаңа  белесінде  іске  асырылуға  тиісті.  Саяси  жүйе  кейде  ұстаған  бағытына,  тұрақтылығы  мен  өзгешеліктеріне  қарай:  консервативті  және  трансформацияланушы;  ашық   және  жабық;  аяқталған  және  аяқталмаған;  орталықтандырылған  және  орталықтандырылмаған   т.б.  болып  жіктеледі. 

б)Саяси  жүйеде  жоғарыда  берілген  сипаттамаларға  сүйенетін  болсақ,  оның  барынша  күрделі,  көп  қырлы  құрылым  екендігіне  көз  жеткізуге  болатындығын  байқауға   болады.  Саяси – теориялық  әдебиеттерде  Саяси  жүйенің   құрылымы  4  түрлі  элементтер  тобына  жіктелген:

1)Инстутиционалдық  элементтер,  оғпн  жататындар   саяси  институттар   мемлекет,  оның  органдары  (мемлекеттікт  билікті  құрайтын   орталық  және  региондық  билік  органдары  мен   басқармаларды,  күштеу   құрылымдары:  әскер,  полиция,  барлау  жүргізу  корпусы,   ұлттық  қауіпсіздікті   сақтау  т.б.  құқық  қорғау  органдары,  сот,  прокуратура  т.б.)  Саяси  ұйымдар,  партиялар,  оның   органдары:  қоғамдық   саяси   ұйымдар,   қозғалыстар,  бірлестіктер,  еңдек   ұжымдары,   кооперативтер,  творчествалық   одақтар,   ассосациялар,   концерндер,  акционерлік  қоғамдар,  ықпалды   топтар  (группы   давления),  мүдделер  тобы  (группы  интересов).

2) Ақпаратты – коммуникативтік   элементтер,  оған   жататындар:  өкіметке   ақпарат   беру   каналдары,  яғни   мәжілістерде  іс-әрекетті  ашық  баяндау  процесі,   істерді  тексеру   немесе  тергеу  комиссиясы,  қажетті  топтармен    жасырын  (конфиденциальный)   кеңестер,  сондай-ақ,  бұқаралық  ақпарат   құралдары  (теледидар,  радио,   газеттер  мен  журналдар,  кітаптар)  т.б.

3) Нормативтік – реттеуші   элементтерін  әр  түрлі  саяси   мөлшерлер  мен  принциптер  қорғайды.  Мысалы,   конституция,  басқа  да  құқықтық  мөлшерлер,  үкімдер  мен  шешімдер,  нұсқаулар,  бағдаламалық  құжаттар  т.б.

4) Саяси  сана мен  мәдениет,  оны   құрайтындар   идеолгия және  саяси  психология,  саяси  теориялар,  идеялар  т.б.

Осы  элементтердің  әрқайсысына  қысқаша  тоқталатын  болсақ;

Саяси   институттар  дегеніміз – қоғамның  саяси   өмірін   ұйымдастыру  әдісі.   Бұл  әр  түрлі   саяси  нормаларды  қамтиды.   Саяси  институттар    ерекше  өкілдік  құқық  берілген  және  арнайы  саяси  қызметі  белгілі  адамдардың   тобы.  Саяси  институттардың   ерекшелігі  олар   заңды  түрде  бекітілетін   және  олардың  қызметі  арнайы заңдарға,  шешімдерге   және  юстициялық   ақиқаттарға  фактілерге   бағытталған.  Саяси  институттарға,  сонымен  бірге,    партиялардың  нақтылы   ғылыми  және   оқу  мекемелері  жатады.   Саяси  ұйымдар  дегеніміз – адамдардың  алдына  қойған  мақсаттарына  байланысты  біріккен  тобы.   Саяси  ұйымдар   өзінің  құрылымына,  қызметіне  қарай  сипатталады  және  жіктеледі.  Осыған  байланысты   саяси  ұйымдар  қызметі  толық  саяси  сипат  алатын  ұйымдар,  жартылай  саяси  сипат   алатын  және  саяси  сипат  алмайтын   ұйымдарға  бөлінеді:

1) бірінші  түріне   мемлекет  және  саяси  партиялар  жатады.  Олардың   қызметінің  негізгі  түрі   билік  жүргізу  және  билік  үшін  күрес.

2) екінші  түріне – кәсіподақ  пен  жастар  ұйымы  жатады.

3) үшінші  түріне – творчествалық  одақтар.

Міне,  осы  саяси  ұйымдардың  ең    негізгісі – мемлекет.  Мемлекет  өз  қызметі  арқылы  қоғам  өмірін  толық  көрсете  алады   және  мемлекет  өзінің  егеменділігімен  ерекшеленеді.

Ал,  саяси  партиялар    саяси  жүйенің  қызметіндегі   негізгі  буындардың  бірі.  Саяси  партиялар  халықтың  саяси  санасы  мен  мәдениетін   қалыптастырады  және  идеологиялық  ықпал  жасап  отырады.  Егер  партия   қоғамда   жетекші  рөл  атқаратын  болса,  онда  ол  мемлекеттің   саяси  бағдарламаларын  жасауға  және  оны  іске  асыруға   қатысады.  Оған   басшылық  жасайды,  өкімет   басшыларын  қалыптастырады,  кадрларды  дайындауға  ықпал  етіп  отырады.  Бірақ  партиялардың  әлеуметтік   мәні,  қызметі,  мақсаттар  мен  міндеттері,  ішкі   құрылымы  және  саяси  жүйедегі   алатын  орны   әр  түрлі  болып  келеді.

Саяси  жүйенің  қызметіне   саяси  қозғалыстар  да   ықпал  етіп  отырады.  Саяси  қозғалыстар:

а)  таптық  негізінде  қалыптасқан  қозғалыстар;

б) әлеуметтік  топтар  негізінде  қалыптасқан;

в) ұлтаралық  қатынас  негізінде  қалыптасқан  қозғалыстар  ретінде  қарастырылады.

Саяси  қозғалыстар   өмір  сүріп  отырған  саяси  және  экономикалық  құрылысқа, көзқарастарына  қарай  бір-бірінен  ерекшеленіп  отырады.

Осы  тұрғыдан  алғанда   оларды  консервативтік,  реформистік,  революциялық  және  контрреволюциялық  деп  бөлуге  болады.  Қазір  Қазақстанда  20-дан  астам  саяси  қозғалыстар  әрекет  етуде.  Мәселен,  Қазақстандағы  “Азат”  азаматтық  қозғалысы,   “Казачество”  қозғалысы,  “Әділет”,   “Ақиқат”,   “мемориал”,  “Единство”,   “Бірлесу”,   “Семей - Невада”,   “Арал – Азия – Қазақстан ”,  “Елімай”,   “Акт”,   “Азан”,   “Аттан” т.б.

Қоғамның  саяси  жүйесі  шеңберінде,  сондай-ақ  ықпалды  топтар  да  жұмыс  істейді.  Олар  халықтық  істерді шешуде   араласа  отырып,  мемлекет  қызметіне   ықпалын  тигізеді.  Әсіресе,  олар  мемлекеттік   органдардың  шешім  қабылдау,  үкім  шығару   істеріне  ықпал  жасап  отырады.

Қоғамның   саяси  жүйесінде   әр  түрлі  бірлестіктер  мен еңбек  ұжымдарының  да  атқаратын  орны  ерекше  деп  айтуға  болады.  Олардың  өзіндік   ерекшеліктерін  айтатын  болсақ,  біріншіден,  олар  еңбекшілердің  белгілі – бір  шағын  бөлігін  ғана   қамтиды   немесе  белгілі – бір  шағын   тобының  ғана  мүддесін  қорғайды.  Екіншіден,  олардың   шешімдерін  өз  кәсіптеріне  ғана,  өз  мүшелеріне  ғана  міндетті,  өз  мүдделеріне  ғана  сәйкес  келіп,  жалпы   заңдық  сипат  алмауы  мүмкін.   Және  мемлекет  тарапынан  көндіру  шаралары   қолданылмайды.  Үшіншіден,  олар  саяси  жұмыстармен  тұрақты   айналыспайды  да,  олардың  саяси  реакциясы  өткінші,  мерзімдік   сипат  алуы   мүмкін,  ауқымы  шектелген  болып  келеді.

Мысалы;  Заң  жобаларын  басқа  да  қоғамдық,  саяси  мәні  бар   құжаттарды  талқылау т.б.

Қоғамның  саяси   жүйесінде    қоғамдық  ұйым  ретіндегі  Кәсіптік  одақтың  да  атқаратын   рөлі  зор.  Кәсіподақ  ұйымы  өз  мүшелерінің  еңбекпен  қамтамасыз  етілуі   үшін,  еңбек  жағдайларын   жақсарту,  денсаулығын   сақтауы,  демалуы,  сондай-ақ   басқа  да  әлеуметтік –экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін   білдіріп,  оны  қорғау  үшін  құрылып,  қызмет  етеді.   Кәсіподақ,  мемлекетпен    оның  органдарымен,  және   заң   шығарушы   ұйымдар  мен   қарым-қатынас   жасай  отырып,  өз         жұмыстарын  жүргізеді.   өз  мүшелерінің   мүдделері  мен   қажеттіліктеріне  сай   әлеуметтік – экономикалық  саясат  жүргізу  мақсатымен,  мәселен,   заңды  тәртіп  бойынша  еңбек   ұжымдарының    жиналыстарын  өткізу,  митингілер  мен  көшелер  шерулерін,  демонстрациялар,   ереуілдер  және  басқа  да   акциялар   ұйымдастыру  арқылы   өкімет   органдарына   ықпал  етіп  отырады.

Саяси  жүйенгің  ақпаратты – коммуникациялық   элементіне  келетін  болсақ,  ең  алдымен   олар  саяси   жүйенің  саяси  емес  әлеуметтік   институты  болып  табылады.   Бұның  маңызы  сонда,   өйткені  халық  өкімет   органдарының   ісіне      белгілі – бір  хабар – ошар,  информация  болғанда   ғана  саяси  тұрғыдан   баға  бере  алады.   Сондықтан  да   бұқаралық  ақпарат  құралдарын  “төртінші  өкімет”  немесе   биліктің             “төртінші   иегері”  деп  те  атайды.  Оның  себебі:

1) ол  саяси  ақпараттарды  өз  бетінше  дайындайтын  мекеме;

2) ол  халық  бұқарасына   басқаларға  қарағанда  жақын,  олармен  жиі   араласатын  мекеме  болып  есептеледі;

3) ақпараттың  халыққа  кеңінен  таралу   механизмдері   жетілген;

Сондықтан  ақпарат  құралдары   халықтың   саяси  жүйеге    деген       қатынасы   мен  көзқарасын  қалыптастырудың  дамыған  тұтқасы  болып  есептелінеді.

Қоғамның  саяси  жүйесінің   ережелік – реттеуші   элементтері  халықтың  саяси  өмірдегі  мінез – құлықтарын  анықтап  отырады.

Ережелер – ол  адамдардың  саяси  процестерге  қатысу   тәтібін  көрсететін  қағидалар  жиынтығы.

Ережелерді  екі  түрге  бөлуге  болады:  дәстүрлі  қалыптасқан  ережелер  және  заңды  ережелер.

Демократиялық   елдердегі   дәстүрлі  қалыптасқан  ережелерге,  мәселен,   азаматтардың   саясатқа  немесе  мүдделер  топтары  арқылы  қатысуын   жатқызуға  болады.

Ал,  заңды  ережелерді   заң  жүйесі  анықтап  отырады.  Мысалы,  заң  арқылы   анықталатын  бостандық,  еркіндік,  құқықтар  т.б.

Саяси  принциптер  мен  ережелер    саяси  жүйенің  нормативтік  негізін  құрайды.  Саяси  қағидалар  мен  принциптер  саяси   қатынастарды  реттеуші   қызметін  атқарады.  Бұлар  арқылы  әлеуметтік  мүдделер  саяси  пікірлер  ресми  түрде  қабылданады  және  бекітіледі.  Принциптер  мен  ережелер  арқылы  басқарушы  орган   өз   мақсат-міндеттерін  халыққа  жеткізіп  отырады  және   қабылданған  шешімдерді  дәлелдеп,  осыған   сәйкес  халықтық   немесе  адамдардың  мінез – құлық  үлгілерін  анықтайды.  Әдетте,   принциптер  мен  ережелерде  белгілі – бір  нәрсеге  тиым  салынып  немесе  шек  қойылып  отырады.  Сондай-ақ,  олар  адамдардың  саяси  санасы  мен  мәдениетін,  мінез – құлқын   қалыптастырады.    

Саяси  жүйенің  қызметіндегі  ең  басты  нәрсе – ол  мүдделердің  дұрыс  есепке  алынуы  және  оларды  үйлестіру  мен  реттеу.  Саяси  жүйе   қызметінің  негізгі  белгілері:

1)     Саяси  жүйенің  жасампаздық  (экстративтік)  мүмкіндігі.  Бұл  саяси  жүйенің  қоғамдағы  адам  және  материалдық  ресурстарды  жинақтау,  оны  барынша   мақсатты  қолдану  көрсетеді;

2)     Саяси  жүйенің  реттеу  мүмкіндігі.  Бұл   саяси  жүйенің   жеке  адамдардың  және  оның  топтарының  қоғамдағы  мінез – құлқын  қадағалау,  жалпы  қоғамның   қызметін  реттеп  отыру  қабілетін  білдіреді;

3)     Қоғамдағы  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  жасау,  орналастыру  және  бөлу  қабілетінде;

4)     Саяси  жүйе  қызметінің  маңызды   ерекшелігі  оның  икемділігінде;

Информация о работе Саяси жүйе