Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:33, реферат
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында. Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
КІРІСПЕ
1. Қазіргі уақыттағы биржа саудасы
2. Биржалық мәмілелер мен операциялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Казахский экономический университет им Т. Рыскулова |
«Қаржы» факультеті
СОӨЖ
Тақырыбы Сауда биржасы
Пәннің атауы: «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ»
Орындаған Сазанова Ж.Б
Алматы 2012 жыл
Жоспар:
КІРІСПЕ
1. Қазіргі уақыттағы биржа саудасы
2. Биржалық мәмілелер мен операциялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында. Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор нарығы нарықтық
экономикада ерекше бөлінеді, ал
қор нарығының ең маңызды
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның өзін өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі.
Қазақстанның қор нарығы өзін
инвестициялық механизм ретінде әлі де
көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы
Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы реформасын
аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға
шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің
үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі
түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын
қанағаттандыратын гарант рөлінде және
дербес қатысушы-комитет ретінде. Қазақстандық
қор нарығының аз мерзімдік болашағы бүгінгі
таңда жеткілікті түрде тұманды болып
көрінеді. Үлестік құралдармен бірге жоғары
емес айналымдар қазақстандық бағалы
қағаздарға деген сұраныстың жоқтығын
куәландырады, дегенмен нарық үшін оң
сәттер де бар.
1. Қазіргі уақыттағы биржа саудасы
Құнды қағаздар нарығындағы сауда ұйымдарының қызметі –құнды қағаз нарығына қатысушылар арасында құнды қағаздарды сату –сатып алу бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға ықпал ететін шаралармен айналысады.
Нарыққа қатысушылар жалпы алғанда - сауда ұйымдастырушылары деп аталады,ал құнды қағаздар нарығындағы негізгі міндетті қор биржасы атқарады.
Сауда ұйымдастырушысы 10 жылдық мерізімге лицензия алады. Лицензия биржалық емес сауда ұйымдарына бөлек, қор биржасы ретінде сауда ұйымдастырушыларына бөлек беріледі.
Мұндай лицензиялардың екі түрі бар:
Сауда ұйымдастырушыларына қойылатын талаптар – сауда ұйымдастырушыларының құнды қағаздар нарығын ұйымдастыруға қажеттіқұжаттар пакеті болуы керек
Ол пакеттерде:
• нарыққа қатысушылардың нарыққа (саудаға) қатысуға жіберу ережелері;
• құнды қағаздарды нарыққа жіберу ережелері;
• нарықта мәмілелер жасау және тексеру ережелері;
• мәмілені тіркеу ережесі;
• мәміленің орындалу тәртібі;
• нарықтағы бағаны өсірулі шектеуге ықпал ететін ережелер;
• сауда ұйымдарының
• нормативті құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу тәртібі;
• саудаға жіберілген құнды қағаздар тізімі болуы тиіс.
Сауда ұйымдастырушысы әрбір қызығушы
тұлғаға әрбір мәміленің
Онда төмендегідей мәліметтер қамтылады:
• мәміленің жасалу орны және уақыты;
• құнды қағаз атауы;
• оның мемлекеттік тіркеу нөмірі;
• нарықтық бағасы (бір бірлікке)
• мәмілелер бойынша сатылған (алынған)құнды қағздар саны.
Қор биржасы қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға өз қызметін нарықтағы келесі қызмет түрлерімен үйлестіре алады:
Аталған тізім бойынша қор биржасы статусы бар заңды тұлға өз қызметіндепозитарлық қызметпен үйлестіре алмайды.
Заңнама бойынша қор биржасы төмендегідей формада болады:
Қор биржасы коммерциялық емес серіктестік – оның мүшелері аталмыш ұйым қалыптастырған ережелер бойынша, құнды қағаздарды сату мақсатында ұйымдастырған коммерциялық емес ұйым. Оның ұйым ретіндегі мақсаты табыс табу емес, оның мүшелерінің құнды қағаздарды сатудан пайда табуына қолайлы жағдай жасау.
Қор биржасы акционерлік қоғам ретінде – бұл коммерциялық ұйым, олар табыс табуды және өз акцияларының курстық құнын өсіруді мақсат тұтады.
Коммерциялық биржалар құнды қағаздар нарығын компьютерлендіру үдерісіне байланысты пайда болды. Құнды қағаздар нарығында сауданың компьютерлік формасын ұйымдастыру
бүгінгі таңдағы коммерциялық қызметтің ерекше түрі болып табылады. Компьютер биржасының иесі өзінің компьютерлік нарығына кіргізуді ақылы негізде ұйымдастырады, ол оған үнемі табыс әкеліп отырады.
Биржалық сауда ұйымдары құнды қағаздар нарығының коммерциядан оқшауланып коммерциялық қызмет түріне айналады.
Дәстүрлі қор биржаларына коммерциялық емес ұйым ретінде өздерінің сауда жүйесін дамытуға қаржы ресурстары жетіспейді. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы – оларды акционерлік қоғамға айналдыру, әрі қарай дамытуға қажетті капитал жинау, бірақ сонымен қатар, акциялар бойынша пайда түсіру және дивидент төлеуді өз міндеттеріне алу. Заң бойынша бір акционер (мүшеге) биржада 20 пайыздан артық акцияны иелене алмайды (мүшелікке өтер болса дауыс жинауға). Биржа акционері басқа қор биржасынан болса бұл шектеулер күшін жояды. Коммерциялық емес серіктестік формасындағы қор биржасы оның мүелерінің шешімі бойынша акционерлік қоғам ретінде қайта құрыла алады.Қор биржасына қатысушылар. Қор биржасына қатысушылар ұйымдастыру формаларына қарай әр түрлі болады.
Егер биржа коммерциялық емес серіктестік болатын болса, тек оны құруға атсалысқан мүшелері ғана оған қатысушылар бола алады.
Егер биржа акционерлік қоғам болатын болса, оның мүшелерін акционерлер және қатысушылар бөлу үдерісі жүргізіледі, яғни аталмыш биржада саудамен айналысу құқына ие болатындар.
Құнды қағаздар нарығының кез-келген қатысушысы биржа акционері болаалады. Тек кәсіби саудагерлер ғана акционерлік биржа қатысушы бола алады: брокерлер, дилерлер және басқарушылар. Қатысушыларды биржа саудасына кіргізу тәртібін биржа бекітеді.Құнды қағаздар нарығының басқа қатысушылары қор биржасында өз операцияларын осы биржа қатысушылары арқылы жүзеге асырады. Бұл талаптардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Құнды қағаздарды саудаға салу ережелері екі түрлі болады: Құнды қағаздардың листинг/делистинг ережесі және құнды қағаздарды листинг процедурасынсыз саудаға жіберу;
Қор биржасы мәміле жасау ерекшеліктерін бекіте алады, ол бойынша міндеттерді атқару құнды қағаздар бағасының өзгеруі мен қор индексінің өзгерулеріне байланысты болады. Мұндай мәмілелер әлемдік тәжірибеде фьючерстік (сату-сатып алу) немесе опциондық (бірден пайда түсіретін) шарттар деп аталады.
Қор биржасы өз саудаларының жариялылығын және көпшілік алдында өтуін
қамтамасыз ету тиіс:
Бұл нормалардың негізгі мәні сонда, оны екі түрлі тұрғыдан түсіндіруге болады: биржаға не құнды қағаздарды жариялы түрде сату тапсырылады, немесе электронды түрде құнды қағаздармен мәміле жасау.
Қор биржасының табысы және шығыны.Биржа өзінің табысы мен пайыздық өсімдерінің көлемін және оларды пайдалану бағытын өз бетінше анықтайды.
Қор биржасының негізгі кіріс көзі төмендегідей:
Кез-келген нарықтық ұйымдар сияқты қор биржасының шығын түрлерітөмендегідей:
2. Биржалық мәмілелер мен операциялар
Биржалық мәмілелер деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржадан тіркеуден өткізіледі.
Мәміліге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:
Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт:
Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатып алынатын және сатылатын бағалы қағаздар;
Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған немесе сатып алуға қажетті бағалы қағаздардың саны;
Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек;
Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы әкелетін, ал сатып алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уақыты көрсетілуі керек;
Бесіншіден, мәміле бойынша есеп айырысу, яғни сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлем жүргізілуі керек.
Мәміле жасау тәсіліне қарай
бағалы қағаздармен мәміле бекі