Сақтандырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 23:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –Шет елдегі сақтандыру тұралы талдау жасау негізінде Қазақстандағы сақтандыру саласын арттыру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:
- сақтандыру және сақтандыру қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;
- сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысандары мен түрлерін қарастыру;
- Шет елдегі сақтандыру ерекшеліктерін талдап, олардың артыұшалыұтарын қорту;
-Қазақстандағы сақтандыру жағдайын талдау және шетел тәжірибесін қолдану жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1-Тарау. Сақтандырудың теориялық негіздері..............................................5
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні ...............................................................5
1.2 Сақтандырудың түрлері және сақтандыру тұралы ұғымдар..................8
2- Тарау. Шет елдердегі сақтандыру жағдайы.............................................15
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы........................ 15
2.2 АҚШ-тың сақтандыру жағдайы...............................................................17
3- Тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану
мүмкіндігі....................................................................................................22
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау..............22
3.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі......................26
ҚОРТЫНДЫ.....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ....................................................32

Работа содержит 1 файл

Сақтандырудың теориялық негіздері.doc

— 204.50 Кб (Скачать)
 

    Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 1997 жылдан 2004 жылға дейін 32 компанияға қысқарған. 2005 жылдың 1 қаңтарында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниялары тіркелген, оның ішінде 2-уі шетел сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдері: “Ингосстрах” және “Қазақстан-Росно” ААҚ “Росно ресейлік сақтандыру халық қоғамы”. Сонымен қатар резидент емес тұлғалардың қатысуымен құрылған сақтандыру компаниялары 1-уіне қысқарды, өмірді сақтандыру бойынша небәрі 2 компания бар.

    2004 жылы Қазақстан Республикасының  “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі” “жалпы сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру қызметін жүргізу үшін келесідей қайта құрылған сақтандыру ұйымдарына лицензия берді:

  • “Экспортық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” АҚ (жарғылық капитал 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған);
  • “Номад Иншуранс СК” АҚ;
  • “Астық сақтандыру компаниясы” АҚ.

    Соңғы 3 жылы сақтандыру брокерлерінің  саны 3 компанияға, актуарийлердің  саны 1 компанияға және аудит компанияларының  саны 6 компанияға көбейді (2-кесте).

2-кесте.  Сақтандыру секторының институционалдық  құрылымы. 7

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Сақтандыру  ұйымдарының жалпы саны (жыл аяғына), соның ішінде:  
42
 
38
 
34
 
32
 
36
резидент  емес тұлғалардың қатысуымен м/ж м/ж 3 6 2
өмірді  сақтандыру бойынша 1 1 1 1 2
Сақтандыру  брокерлерінің жалпы саны м/ж м/ж 5 6 8
Актуарийлер саны м/ж м/ж 26 28 27
Сақтандыру  ұйымына аудит өткізуге лицензиясы бар аудит ұйымдарының саны  
м/ж
 
м/ж
 
28
 
34
 
34
 

    Кейінгі 7 жылда сақтандыру ұйымдарының  меншік капиталдарының жиынтық  көлемі 2 169%-ға немесе 22,8 млрд теңгеге өсті. Сонымен бірге, 1997 жылдан 2004 жылға дейін сақтандыру компанияларының активтері 40,3 млрд теңгеге немесе 1152,7%-ға өскені байқалды (3-кесте). Берілген көрсеткіштердің осындай қарқынды түрде өсуі жаңа сақтандыру компанияларының пайда болуымен түсіндіріледі.

3-кесте.  Сақтандыру компанияларының қаржылық  көрсеткіштері, млн теңге.8

  2000 2001 2002 2003 2004
Меншік  капиталының жалпы көлемі 4 617,0 5 320,2 6 100,0 9 031,0 23 900
Өтелген жарғылық капитал көлемі 9 779,0 4 097,0 4 819,0 7 110,0 17 383,4
Сақтандыру резервтері 2 280,8 8 619,1 2 700,0 4500,0 14700
Активтер 8 347,2 15 768,3 12 500,0 20 716,0 44 100,0
 

    Соңғы сегіз жыл бойы елдің сақтандыру резервтерінің өсу тенденциясы байқалуда. Осылайша, егер 1997 жылдан 1999 жылға дейін сақтандыру реревтері 1,5 млн теңгеге өссе, 2000 жылдың қорытындысы бойынша олар 1,5 млн теңгеге (51,9%-ға) төмендеген, ал келесі жылы бұл көрсеткіштің 6,3 млрд теңгеге өсуі байқалған. Бірақ, 2003 жылға қатысты 2004 жылғы сақтандыру резервтерінің көрсеткіші айтарлықтай мөлшерге, яғни 10,2 млрд теңгеге (326,7%-ға) өскен. Сақтандыру резервтерінің ЖІӨге қатысты соңғы жылдардағы тенденциясын 1-суреттен көруге болады.

    1-суреттен 2001 жылы елдің ЖІӨдегі  сақтандыру резервтерінің үлесінің  күрт өскені көрініп тұр. Бірақ  келесі жылы-ақ бұл көрсеткіш 0,27%-дан 0,07%-ға төмендеген. 2002 жылдан жалпы ішкі өнімдегі сақтандыру резервтерінің үлесінің біртіндеп өсуі байқалған. Және тек 2004 жылы ғана берілген көрсеткіш 0,1%-дан 0,3%-ға дейін өсті.  
 
 

1-сурет.  Жылдар бойынша компаниялардың сақтандыру резервтерінің үлесі,%.

                        

    Сақтандыру компанияларының қызметінің тиімділігін бағалаудың маңызды көрсеткіші болып сақтндыру резервтернің сомасы табылады. 2-суретте 10 компания көрсетілген, дәл осы компаниялардың үлесіне 2004 жылғы сақтандыру резервтерінің 76,4% келеді.

2-сурет. 2004 жылғы сақтандыру резервтерінің сомасы құрылымындағы сақтандыру компанияларының үлесі, %.9

   

    2-суреттен көріп отырғанымыздай, сақтандыру резервтері бойынша ең жоғарғы үлес “Евразия СК” үлесіне келіп тұр (18,4%), одан кейін 15,6% үлесімен “Казкоммерц-Полис” СК тұр. “КИС Казахинстрах” АҚның үлесіне сақтандыру резервтерінің барлық сомасынан 10,2% үлес тиіп тұр.

     2.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі

    Бүгінгі таңда сақтандырудың даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.

    Сақтандыру секторының проблемаларының  ішінде келесілерді атап өткен  жөн:

  • ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;
  • сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;
  • нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
  • сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;
  • сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);
  • сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
  • халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
  • сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.

    Сақтандыру нарығының құқықтық  базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:

  • жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
  • өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
  • халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
  • сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
  • сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
  • сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
  • қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.

    Осы бағдарламадан күтілетін  нәтижелер:

  • ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;
  • жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
  • сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
  • сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;
  • жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
  • сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;
  • сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалау мен реттеудің тиімділігін жоғарылату.

    Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының  “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:

  • жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге бағытталған  табысқа салық салу сақтандыру төлемдерін алатын уақытқа ауыстырылады;
  • жұмыс берушінің өз жұмысшысының пайдасына жинақтаушы сақтандыру бойынша төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы жұмысшының табысы саналмайды;
  • жеке тұлғаның өз пайдасына жинақтаушы сақтандыру келісімдері бойынша енгізген сақтандыру сыйақыларының сомасы толық көлемінде алуға жіберіледі.

  

   Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.

   Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.

   Жалпы екі елдің сақтандыру саласын қарастыра келсек, елімізде төмендей тұрғыдан сақтандыру нарығын жетілдіруге болады:

   1,Сақтандыру саласын деген қадағалауды нарықтық, еркін бәсекелі экономикалық заңдалықтарына сәйкес атқару. Әділітті және жарияланды қадағалау жүйесін саңнамалық негізінде іске асыру.

  2,Еркінді сақтандырудың түрлерін көбейтіп, үкмет жағынан қолдау көрсету.

  3,Шет елдіқ қаржыларды тарту және сақтандыру компаниялардың сақтық қорын кепілдік етіге мемлекет жағынан көмек көсету.

  4, Сақтандыру саласындағы мамандардың сапасы және санының көбейу жағынан  мемлекет жағдай жасау. Жоғарғы оқу орнында Акиуарий  мамандығын ашуға мүмкіндік жасау. 
 
 
 

                                                                                                                                                                                  

                                               ҚОРТЫНДЫ

 

Информация о работе Сақтандырудың теориялық негіздері