Сақтандырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 23:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –Шет елдегі сақтандыру тұралы талдау жасау негізінде Қазақстандағы сақтандыру саласын арттыру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:
- сақтандыру және сақтандыру қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;
- сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысандары мен түрлерін қарастыру;
- Шет елдегі сақтандыру ерекшеліктерін талдап, олардың артыұшалыұтарын қорту;
-Қазақстандағы сақтандыру жағдайын талдау және шетел тәжірибесін қолдану жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1-Тарау. Сақтандырудың теориялық негіздері..............................................5
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні ...............................................................5
1.2 Сақтандырудың түрлері және сақтандыру тұралы ұғымдар..................8
2- Тарау. Шет елдердегі сақтандыру жағдайы.............................................15
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы........................ 15
2.2 АҚШ-тың сақтандыру жағдайы...............................................................17
3- Тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану
мүмкіндігі....................................................................................................22
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау..............22
3.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі......................26
ҚОРТЫНДЫ.....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ....................................................32

Работа содержит 1 файл

Сақтандырудың теориялық негіздері.doc

— 204.50 Кб (Скачать)
 

    2002 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2004 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.

    Елдің сақтандыру нарығында акционерлік  және шетел компанияларының болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің 52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы (24%) тұр. “Тайпинян” компаниясы 11%-ды, ал “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды. Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.

    2000 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары, 7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы мемлекеттік  сақтандыру компанияларына және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің саны - 150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің қызметін пайдаланады.

    Қытай басшылығының елді сыртық  экономикалық қатынастарға ашық  екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене бастады. Өкілетттіктердің ең көп санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің 113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2003 жылы ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.

    2004 жылдың басындағы жағдай бойынша,  Қытай Халық Республикасында  шет елдің қатысуымен 37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге жуық басқа шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және тағы басқалар) бар.

                          

                        2.2 АҚШ-тың сақтандыру жағдайы

     Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру әлемдегі ең дамыған сақтандыру саласы болып табылады.

    Америка Құрама Штаттарының монополиялары  дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру  нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық бақылау органы жоқ.

    Әрине, әр штат өзінің жарғылық  капиталын, көрсетілетін сақтандыру  түрлерін бекітеді, өзіне қарасты  сақтандыру ұйымдарына бақылау  жүргізеді, сақтандыру қызметін  қадағалап, реттейді, брокерлерге,  агенттерге және сақтандыру компанияларына  лицензиялар береді.

    Америка Құрама Штаттарында сақтандыру  ұйымдарының екі типі бар: акционерлік  қоғамдар және өзара сақтандыру  қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік  сақтандыру компаниялары жоқ.  Компания акцияларын жеке және  заңды тұлғалар иеленеді. Америка  Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.

    Ел ішінде сақтандырудың үш  типі қалыптасқан:

  1. бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);
  2. жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);
  3. коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).

    Қазіргі кезде АҚШтың барлық  сақтандыру компанияларының активтері  2 трлн доллардай соманы құрайды  немесе орта есеппен алғанда  әр компанияға 200 млн доллардан  келеді. Барлық сақтандырушылар  бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.

    Брокерлік компаниялардың өздерінің  айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың  қызметін талдайды, олардың қаржылық  жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет  көрсету деңгейін, қызметіндегі  икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.

    Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің  критериі болып жоғалтулар деңгейі,  табыстар және инвестициялар  бойынша пайда коэффициенті, дебиторлық  қарыз деңгейі саналады.

    Америка Құрама Штаттарында өмірді  сақтандыру бойынша ірі сақтандыру компаниялары жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады.

    Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары  өндірістік корпорациялармен тығыз  байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың  әрбір 100 директорлар кеңесінің  27-сінде сақтандырушылар отырады.

    Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық  негізін акционерлік қоғамдар  мен өзара сақтандыру қоғамдары  құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру  брокерлерінің – сақтандыру агенттерінің  немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың  институты бар. Осылайша, өмірді  сақтандыру бойынша “Пруденшл” ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, “Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”, “Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.

    Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға дейін төмендеді. Бұл көптеген ұсақ сақтандыру компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.

    Америка Құрама Штаттарының сақтандыру  компаниялары қаржылық конгломераттар  деп айтса да болады. Олар өздерінің  еншілес компаниялары арқылы  өздерінің негізгі қызметінен  басқа несиелер мен қарыздар  беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.

    Жетекші сақтандыру компанияларына  “Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.

    Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара келісім негізінде өмірді сақтандыратын  “Метрополитен Лайф иншуранс К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған компаниялардың бірі болып саналатын, “Коннектикут дженерэл корпорейшн” және “ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған “Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма” компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.

    “Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші халықаралық диверсификацияланған сақтандыру топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы саудалық және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр. Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.

    Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары  болып:

    1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы;

    1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф Америка” компаниясы;

    1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы саналады.

    Көріп отырғанымыздай, әрине бұл  елдердің сақтандыру нарығының  даму деңгейі, олардың сақтандыру  компанияларының қаржылық көрсеткіштері  біздің еліміздегі жағдайдан  артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген  еліміздің сақтандыру нарығының  мәліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3-тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені

                                        қолдану мүмкіндігі.

3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау

    Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды.

    Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Жекелеп айтсақ, сақтандыру сыйақыларының елдің ЖІӨ-не қатынасы 1997-2004 жылдар аралығында 0,19%-дан 0,8%-ға дейін өскен. 2004 жылы республикадағы сақтандыру сыйақыларының бір жанға шаққандағы көрсеткіші 2 629,6 теңгені құрады (1-кесте).

1-кесте.  Сақтандыру секторының негізгі  көрсеткіштерінің динамикасы6

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
ЖІӨ, млн  теңге 2599900,0 3250600,0 3 747200,0 4449800,0 4 863631,4
Халық саны, млн адам 14,8 14,4 14,8 14,9 15,2
Сақтандыру  сыйақыларының ЖІӨге қатынасы, %  
0,32
 
0,43
 
0,61
 
0,65
 
0,8
Жеке  капиталының ЖІӨге қатынасы, %  
0,18
 
0,16
 
0,16
 
0,20
 
0,5
Активтердің ЖІӨге қатынасы, %  
0,32
 
0,49
 
0,34
 
0,47
 
0,9
1 жанға  шаққан-

дағы  сақтандыру

сыйақыларының қатынасы, теңге

 
530,35
 
963,43
 
1535,09
 
1937,60
 
2629,6

Информация о работе Сақтандырудың теориялық негіздері