Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 07:13, реферат

Описание работы

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында басталған реформалардың жүзеге асырылуынан экономикалық өмірге мүлдем жаңа құралдар мен ұғымдар келді.Ипотека ұғымы да солардың қатарына енген болатын. Оның себебі бұрыңғы шаруашылық жүргізу жүйесінде оның дамуына алғышарттар болмағандығы.

Работа содержит 1 файл

Ипотекалы_ несие __ымы.DOC

— 188.00 Кб (Скачать)

КИК ЖАҚ келесі функцияларды орындайды:

-               Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын-үйге берілген ұзақ мерзімге ипотекалық тұрғын-үй несиелері бойынша құқықтарды иемдену ;

-               Қазақстан Республикасының коммерциялық немесе банктік құпияға байланысты заңнамасына сәйкес ақпаратты қоспағандағы  банк-серіктердің қаржылық жағдайы тұралы, ақпаратты беру тұралы Ұлттық Банкпен жасалған келісіммен бірге тағайындалған немесе өзгермелі сыйақы ставкалы ипотекалық бағалы қағаздарды шығару.

    КИК тікелей заемдар бермейді, ол өз қызметін коммерциялық банктердің ипотекалық портфельдерін осы несиелерге талап ету құқықтарын сатып алу жолымен, қайта қаржыландыру көмегімен жүзеге асырады. КИК онымен қайта қаржыландыру жарамды болу үшін ипотекалық несиеге сай болуы тиіс талаптар қатарын қояды.  Олардың кейбіріне мыналар жатады:

-КИК сыйақы ставкасы өзгермелі (қалқымалы ) теңгемен берілген ипотекалық  тұрғын-үй несиелерін сатып алады ;

- КИК сыйақы ставкаларының шегі белгіленген ипотекалық тұрғын-үй несиелерін сатып алуға құқылы

-ипотекалық тұрғын-үй несиелері ұзақ мерзімді болуы керек. Жекелеген жағдайларда компания 3-жылға дейінгі ипотекалық  тұрғын-үй несиелерін сатып ала алады ;

-ипотекалық тұрғын-үй несиесінің мөлшері берілген несие бойынша кепіл ретіндегі қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын-үйдің нарықтық құнының 70%-нан аспауы тиіс. Шарт бойынша немесе серіктес банк арқылы заем алушымен кепілдің 70%-нан артық несие сомасына келетін несиелік тәуекелге қатысты құқықтық жауапкершілік қосымша сақтандырылған жағдайда, компания кепіл құнының 70%-нан артық, бірақ 85%-нан аспайтын мөлшерде берілген ипотекалық тұрғын-үй несиелерін сатып алады;

-кепілге берілген мүлік (жоғалу, муліктің бүліну тәекелінен ) сақтандырылуы тиіс ;

-заем алушы өзінің өмірін және еңбекке қабілеттілігін сақтандыруы тиіс.

Бүгінгі таңда КИК еліміздің 11 ірі банктерімен бірлесіп ипотекалық несиелеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Олардың қатарына «Каспийский»банкі, «Астана -Финанс», «Центр Кредит»банкі, «АТФ»банкі ,»ТЕМІРБАНК»,Нурбанк, «Тексака»банкі, «Альянс»банкі, «Цесна»банкі және тағы басқалар.

Осы аталған банктер өз қызметтерін КИК ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша атқарады. Сонымен бірге бірқатар банктер өзіндік ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелеуді жүзеге асырып жатыр.

2004-жылдың  1-наурызындағы жағдайы бойынша КИК-мен  ипотекалық несиелер бойынша коммерциялық банктердің 10млрд. теңге талап ету құқықтары алынды.

2005-2007 жылдарға арналған тұрғын –үй  құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес КИК-сы қаржы институты ретінде үлкен рол атқарады.КИК-сы ипотекалық тұрғын-үй қарыздарына қойған негізгі талаптарына сәйкес және оның шарттары бойынша құны 1м 350$ тең болатын сомадан аспайтын қолайлы тұрғын-үйді алуға берілетін болады. Мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша несие беру еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде.

Ипотекалық несиелерді беру келесі талаптармен беріледі:

-сыйақы ставкасы -10%(несиенің бүкіл мерзіміне бекітілген);

-несиенің валютасы-теңге;

-алғашқы жарна тұрғын-үйдің құнының 10%-нан кем емес;

-несие беру мерзімі -20 жылға дейін.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолайлы тұрғын-үйді салуға Үкіметтің Қаулысымен (№ 923     01.09.2004 жыл )бекітілген атқарушы органдардың қолайлы тұрғын-үйді сату ережелерімен негізделген.

Ережелерге сәйкес мемлекеттік бағдарлама бойынша қол жетімді тұрғын-үйді сатып алуға ниет білдіргендер Қазақстан Республикасының азаматтарын, яғни үміткерлерді ресми тізімге қосу үшін Өкілетті органға өтініш беруі қажет. Құрастырылған тізімдер мен аталған азаматтар үміт білдірген тұрғын-үй туралы ақпарат үш жұмыс күні ішінде КИК серіктес банктеріне жіберіледі. Серіктес-банктер тізімдерді алғаннан кейін 12 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем  қабілеттілігін анықтайды және төлем қабілеттілігін анықтағаннан кейін  2 жұмыс күні ішінде Өкілетті органға серіктес-банктер қарыз беретін азаматтардың аты-жөндерін ұсынады. Өкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігі  қарыз берушімен расталған азаматтарға сату туралы шешім қабылдайды. Төмендегілердің тұрғын-үй сатып алуға артықшылық құқықтары бар:

-балалары бар жас отбасыларына ;

-мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдары мен мекемелердің жұмыскерлеріне;

-әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлеріне.

Алғашқы жылдарда ипотекалық несиелеу (КИК бағдарламасы бойынша) Республикалық маңызы бар қалалар Алматы,Астана қалаларын қамтыса, 2003 жылдан бастап республикамыздың өзге өңірлерін, Ақтау,Атырау,Қарағанды,Орал,Ақтөбе,Талдықорған қалаларын қамти бастаған. Компанияның несие қаржысының соңғы 3 жылдағы көлемі 8 млрд. теңгені құрады.

Өркениетті елдердегі тәжірибесі бойынша ипотекалық несиелеу  үш үлгі мен біріншіден, зейнетақы және сақтандыру компанияларының қаржыларын пайдалану арқылы, екіншіден банктік ипотеканы қолдану арқылы жүзеге асырады, ал үшіншіден салушылардың жинақ ақшаларының тұрғын-үй құрылысына қолдану арқылы жүзеге асады. Аталған жүйе бойынша ипотекалық несиелеу АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония елдерінде жақсы жолға қойылған.

Қазіргі уақытта ипотекалық несиелеу бойынша өз бағдарламаларымен несиелендіріп жүрген « Казкоммерцбанк» және «БТА –ипотека» АҚ-ры ипотекалық нарықтың едәуір бөлігін алып жатқан жайы бар. Олардың жеке өзідік бағдарламаларымен, берілу шарттарына кеңірек тоқталып өтсек.

«ТЕМІРБАНК» АҚ ипотекалық несиелеу бағдарлаиасы келесі бағыттарды қарастырады:

-тұрғын-үйді бірінші және екінші нарықтан сатып алу үшін ;

-тұрғын-үйге күрделі жөндеу өткізуге;

-жеке коттедж құрылысына ;

-коммерциялық жылжымайтын мүлікке жөндеу өткізуге және қайта өңдеу жұмыстарына;

-жеке меншік құрылыс салуға ,жер учаскелерін алуға беріледі.

«ТЕМІРБАНК» несиелері көптеген түрлермен беріледі.Яғни ипотекалық несиені алушы өзіне тиімді деген несиенің түрін ала алады. Оларға жататындар:

-«Бюджеттік» ипотекалық несиелеу түрі бюджеттік сферада қызмет ететін азаматтарға арналып жасалған. Несиелеудің бұл түрінің шарттары өте тиімді;

-Егер отбасы мүшелері орта айлық табыс табатын болса, онда несиелеудің «халықтық» түрін қолдануыңызға болады.Несиелеу мерзімі  20-жыл, ал алғашқы жарна тұрғын-үй құнының 10% шегінде;

-«Свободный »  несие түрі сіз аз құжат дайындап (табыс туралы мәлімет) алғашқы жарна 30% шегінде және 1-20жыл мерзіміне дейін алуыңызға болады;

-Егер ірі компанияның қызметкері болсаңыз, онда «Профессионал» несиелер түрін 20-жылға несиелеу мерзімімен және алғашқы жарна тұрғын-үйдің құнының 10%-ын құрайды;

-Ал элиталық, қымбат бағамен тұрғын-үй алғысы келетіндер үшін –«Элитный» атты несиелеу түрін қолдануыңызға болады.Несиелеу мерзімі 20-жыл ,пайыздық сыйақы мөлшерлемесі төмен және негізгі қарыздың соммасын мерзімінен бұрын төлеуге және де ешқандай санкциясыз болады;

-Тұрғын-үй салуға жер алғыңыз келсе «Земля» атты ипотекалық несие түрі арқылы жер участкесін сатып алуыңызға болады;

-Ал «Ремонтный» атты несиелеу түрі сіздің тұрғын-үйіңіздің күрделі жөндеу үшін құжатты және құжатсыз негізде 20-жылға беріледі.

Ипотекалық несиені тіркелген пайыздық мөлшерлеме негізінде төлеу графигі

Негізгі мәліметтер: несие сомасы 3 000000 теңге, ал мерзімі 20-жыл, ал %-дық мөлшерлемесі-12,8 жылдық (тіркелген)

Жылдар

Негізгі қарыздың қалған бөлігі

Негізгі қарыз

Ақща есептеу  мүддесі

Ай сайынғы  төлем

0

3000000

2720,71

32000,00

34720,71

1

2965366,32

3090,14

31630,57

34720,71

2

2926029,97

3509,72

31210,99

34720,71

3

2881352,43

3986,28

30734,43

34720,71

4

283608,44

4527,55

30193,16

34720,71

5

2772974,29

5142,32

29578,39

34720,71

6

2707514,41

5840,56

28880,15

34720,71

7

2633166,20

6633,60

28087,11

34720,71

8

2584722,78

7534,33

27186,38

34720,71

9

2452813,39

8557,28

26163,43

34720,71

10

2343881,15

9719,31

25001,40

34720,71

11

2220157,78

11039,03

23681,68

34720,71

12

2079634,89

12537,94

22182,77

34720,71

13

1920031,41

14240,37

20480,34

34720,71

14

1738756,52

16173,97

18546,74

34720,71

15

1532867,60

18370,12

16350,59

34720,71

16

1299022,50

20864,47

13856,24

34720,71

17

1033425,24

23697,51

11023,20

34720,71

18

731764,43

26915,22

7805,49

34720,71

19

389143,25

30569,85

4150,86

34720,71

239-ай

34354,27

34354,26

366,45

34720,71

20

0,00

0,00

0,00

0,00

1-кесте

 

   Жоғарыда аталған түрлерімен қатар «ТЕМІРБАНК» АҚ жаңа ипотекалық несиелеу түрін ойлап тапты.Ол жалақылық карточка арқылы берілетін “Optimum”-атты несиелеу түрі. Optimum-ның негізгі шарттары мынадай:

-несие тұрғын-үйді екінші нарықта алуға беріледі;

-төменгі пайыздық мөлшерлемесі –Libor+7%;

-минималды соммасы 10000$;

-несиелеу мерзімі 3-25 жылға дейін ;

-табысты растау –қарыз алушының карточкалық шотынан анықтама алу керек;

-несиені өтеу –қарыз алушының карточкалық шотынан акцептсіз шегеріліп отырылады.

     Бұл несиелеу түрлерінің басты ерекшелігі :

 

-пайыздық мөлшерлеменің төмендігі;

-алғашқы жарнаның төмен деңгейі (депозит қажет етілмейді);

-ұзақ мерзімді несиелеу ;

-тұрғын-үй жағдайын жақсартудың ең маңызды несие саналады.

      «Казкоммерцбанк» АҚ  еліміздегі ең ірі банктерінің бірі саналады. Ол банк көптеген салаларды қаржыландырып отырған бірден-бір банк саналады. Бұл банкте өз бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беріп отырған жайы бар. Енді осы банктің ипотекалық несиелеу талаптары мен шартарына тоқталып өтетін болсақ.

      Бұл банк алғашқылардың бірі болып бастапқы жарнаны қажет етпейтін ипотекалық несиелеуді енгізген болатын.

                 

           Бастапқы жарнасыз ипотекалық несие

 

        2-кесте

 

 

37 айға дейін

37 айдан 7 жылға дейін

7-15 жылға дейін

15-20 жылға дейін

Бастапқы жарнаның мөлшері

      

       10%

 

       10%

 

       15%

 

      15%

 

 

KZT

  

    $

       

          $

  

           $

 

            $

Жылдық пайыздық мөлшерлеме (% бойынша) бастапқы жарнаны қоса алғанда

 

 

 

   15

 

 

 

   15

 

 

 

 

       14,5

 

 

 

          14

 

 

 

      13,5

 

Сыйақы мөлшерлемесі несиелеу мерзімімен бастапқы жарна көлеміне байланысты. Несие бойынша негізгі қарызбен пайыздар ай сайын төленіп отырады. Несиені қымбаттауға мүмкін болатын жағдайда жылына 8,5 % АҚШ $, 8,2 % теңгеде жоғарлайды. Пайыздың базалық ставкасына егер бастапқы жарнасыз несие берілсе жоғарылаған коэффицент мына мөлшерде қосылады:

-егер несиелеу мерзімі 37 айдан 7 жылға дейін болса -0,75%;

-егер несиелеу мерзімі 7-20 жылға дейін болса -0,95%;

-несиені ұйымдастырғаны үшін : несиенің сомасынан 0,5% (минимум 250$) ұсталынады

 

Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу көлемі, млрд. теңгемен      

3-кесте

 

Көрсеткіштер

 

  01.01.04                                

  жылға  

 

  01.01.05

  жылға 

 

Өсім, %-бойынша

 

01.04.05   жылға

 

Өсім, %-бойынша

Жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып берілетін ипотекалық несиелер

 

 

229,0

 

 

  441,4

 

 

92,8

 

 

  510,9

 

 

   15,7

Тұрғын-үй алуға жеке тұлғаларға берілген қарыздар

 

 

  37,7

 

 

   136,5

 

 

  262,2

 

 

  155,9

 

 

   14,2

Жалпы қарыздар көлеміндегі ипотекалық несиелер үлесі,%-бойынша

 

 

 

  21,4

 

 

 

  24,4

 

 

3(%-ық  пункт бойынша)

 

 

 

  26,6

 

 

2,2(%-ық боынша) 

Информация о работе Салық жүйесі