Салық тексерістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 15:48, реферат

Описание работы

Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.

Содержание

І КІРІСПЕ.....................................................................................................3
IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі......................4
1.1. Салықтық тексеруінің түрлері....................................................4
1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі...........................................6
1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы.......................................7
1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім.....................8
2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ..............................11
2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері............11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.....11
2.3 Хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері........13
2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15
3. «Қазақстан тЕмір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы.....................................................................................................20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23
ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................25

Работа содержит 1 файл

Салық тексерістері.doc

— 205.50 Кб (Скачать)

Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік құжаттарды талап етеді:

  • бас кітап немесе айналым баллансы;
  • банкілік және кассалық құжаттар;
  • жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;
  • еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості
  • жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;
  • кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі мәліметтерден тұрады:

  1. салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;
  2. зерттеу жүргізілген күні;
  3. салық салу объектінің орналасқан жері;
  4. хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;
  5. салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;
  6. зерттелген салықсалу мәліметтері;
  7. зерттеудің қорытындысы;
  8. күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;
  9. басқа да мәліметтер.

Күн сайын тексеру  аяқталған күн бойынша  салық  салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілер, сонымен қатар  табыс алу көздері бойынша  еркін кесте құралтырылады.

Хронометжардық –  бақылау картасы мен еркін  кестеге салық қызметі органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.

Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде  әр салық салу объектісі тексерілген  кезең бойынша алынған табыстар мен нақты кеткен шығыстардың  нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың толықтылығы анықталады.

Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.

Онда мыналар көрсетіледі:

  1. нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген орны, акт жасалған күні;
  2. хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;
  3. салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;
  4. салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;
  5. салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты, әкесінің аты;
  6. алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
  7. тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
  8. хронометраждық зерттеудің нәтижесі.

Хронометраждық зерттеу  бойынша акт негізінде салық  қызметі органдары артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.

Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің  нәтижесінде салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің есептелген сомалары тіркелген кезде саналады.

Хронометраждық зерттеу  актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық  қызметі органдарының лаузымды тұлғалары  қол қояды. Сонымен қатар ол салық  тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады.

 

2.4 Құжаттық  тексерісті жүргізу нәтижелерін  рәсімдеу әдістері 

Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

         Салық тексеруін жүргізу негіздемесі

         1.Салық тексеруін жүргізу үшін  мынадай деректемелерді:

        1) нұсқаманың салық органында  тіркелген күні мен нөмірін;

         2) нұсқама шығарған салық органының  атауын;

         3) салық төлеушінің толық атауын;

4) салық төлеушінің  тіркеу нөмірін;

5) тексеру  түрін;

6) тексеретін  адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске  сәйкес тексеру жүргізуге тартылған  өзге де адамдардың лауазымын,  тегін, атын, әкесінің атын;

7) тексеру  жүргізілетін мерзімін;

8) құжаттық  тексерулер кезіндегі тексерілетін  салық кезеңін қамтитын нұсқама  негіздеме болып табылады.

2. Рейдтік  тексеру тағайындалған кездегі  нұсқамада аумақтың тексерілетін  учаскесі, тексеру барысында анықталуға  жататын мәселелер көрсетіледі.

3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған  кезде нұсқамада салықтың және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің тексерілетін  түрі, сондай- ақ банктер мен банк  операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдардың осы  Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері көсетіледі.

4. Нұсқамаға  салық органының бірінші басшысы  немесе оны ауыстыратын адам  қол қоюға, ол салық органының  елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

5. Тексеру  мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың  саны өзгерген жағдайда қосымша  нұсқама рәсімделіп, онда бұдан  бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

6. Бір ұйғарым  негізінде бір ғана салық тексеруі  жүргізілуі мүмкін.

Салық тексеруін  жүргізудің басталуы

Салық төлеушіге нұсқама  берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып табылады.

2. Салық органының  салық тексеруін жүргізуші лауазымды  адамдары салық төлеушіге (салық  агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге  міндетті.

3. Салық органының  салық тексеруін жүргізуші лауазымды  адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

4. Рейдтік  тексер жүргізілген кезде салық  төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қойылады.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан  бас тартуы салық тексеруін  жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

6. Салық тексерулерін  жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін  салық кезеңіндегі салық есептілігіне  салық төлеушінің өзгерістер  мен толықтырулар енгізуіне жол  берілмейді.

Кешенді тексерістерге  шыққан кездерде салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіден сұралатын құжат атаулары:

  • бас кітап
  • бухгалтерлік балланс
  • отчет о результатах финансово-хоз. деятельности
  • кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлер, чектер,
  • жұмыс жоспар шоты
  • салық төлеушінің есеп саясаты
  • кезеңдер бойынша оборотно-сальдовые ведомости
  • журнал-ордерлар
  • шоттардың аналитикалық басылымдары
  • ведомость және аналитикалық кестелер
  • шаруашылық келісім-шарттар
  • банкілік құжаттар; платежное поручения, требования, выписки банка
  • кедендік декларациялар
  • бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, накладные, акты выподненных работ, транспортные накладные және т.б.)
  • және тағы да басқа құжаттар тексеріске қатынасы бар.

Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген  жағдайлар олар, салық салу объектілері  мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

Салық қызметі  органы лауазымды адамдарының тексеруді  жүргізу үшін аумаққа немесе үй- жайға жіберілуі

1. Салық төлеуші  салық қызметі органының салық  тексеруін жүргізетін лауазымды  адамдарын табыстарды алу үшін  пайдаланылатын аумаққа немесе  үй-жайға, не салық салу объектілері  мен салық салуға байланысты  объектілерге жіберуге міндетті.

2. Салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізуші  лауазымды адамдарының көрсетілген  аумақтарға немечсе үй-жайларға  кіруіне бөгет жасалған жағдайда  хаттама жасалады.

3. Хаттамаға  салық органының тексеруді жүргізуші  лауазымды адамдары және салық төлеуші қол қояды.. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

4. Егер Қазақстан  Республикасының заң актілеріне  сәйкес салық төлеушінің аумағына  немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметі органы лауазымды адамдарында ол болуға тиіс.

5. Салық төлеушінің  мынадай жағдайларда, егер:

нұсқама белгіленген  тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген  болса;

нұсқамада көрсетілген  тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

бұл адамдар  нұсқамада көрсетілмеген болса; тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық  органының лауазымды адамдарын  салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар. Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізіледі. Салық тексеруін аяқтау

1. Салық тексеруі  аяқталған соң салық қызметі  органының лауазымды адамы мыналарды:

1) салық тексеруінің  жүргізілген орнын, акті жасалған  күнін;

2) тексерудің түрін;

3) салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізген  лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

4) салық төлеушінің  тегін, атын, әкесінің атын не  толық атауын;

5) салық төлеушінің  орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

6) салық төлеушінің  салық есептілігі мен бухгалтерлік  есептілікті, салықты және бюджетке  төленетін басқада міндетті төлемдерді  төлеуге тексеру жүргізуге жауапты  басшысы мен лауазымды адамдарының   тегін, атын, әкесінің атын;

7) алдыңғы  жүргізілген тексеру мен бұрын  анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар  туралы мәліметтерді;

8) тексерілетін  салық кезеңін және тексеру  жүргізу үшін салық төлеуші  табыс еткен құжаттар туралы  жалпы мәліметтерді;

9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

10) салық тексеруінің  нәтижелерін көрсете отырып, салық  тексеруінің актісін жасайды. 

2. Салық тексеруінің  актісі салық төлеушіге тасырылған күн  салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Информация о работе Салық тексерістері