Салық тексерістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 15:48, реферат

Описание работы

Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.

Содержание

І КІРІСПЕ.....................................................................................................3
IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі......................4
1.1. Салықтық тексеруінің түрлері....................................................4
1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі...........................................6
1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы.......................................7
1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім.....................8
2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ..............................11
2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері............11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.....11
2.3 Хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері........13
2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15
3. «Қазақстан тЕмір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы.....................................................................................................20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23
ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................25

Работа содержит 1 файл

Салық тексерістері.doc

— 205.50 Кб (Скачать)

Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген жағдайлар олар, салық салу объектілері мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

Салық қызметі органы лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу үшін аумаққа немесе үй- жайға жіберілуі

1. Салық төлеуші  салық қызметі органының салық  тексеруін жүргізетін лауазымды  адамдарын табыстарды алу үшін  пайдаланылатын аумаққа немесе  үй-жайға, не салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерге жіберуге міндетті.

2. Салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізуші  лауазымды адамдарының көрсетілген  аумақтарға немечсе үй-жайларға  кіруіне бөгет жасалған жағдайда  хаттама жасалады.

3. Хаттамаға  салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші қол қояды.. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

4. Егер Қазақстан  Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметі органы лауазымды адамдарында ол болуға тиіс.

5. Салық төлеушінің  мынадай жағдайларда, егер:

нұсқама белгіленген  тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;

нұсқамада көрсетілген  тексеру мерзімдері әлі басталмаған  немесе өтіп кеткен болса;

бұл адамдар  нұсқамада көрсетілмеген болса;

тексерілетін  салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды  адамдарын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.

1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері  бойынша шешім 

Құжаттарды  алып қою Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес жүргізіледі.

 Салық  тексеруін аяқтау

1. Салық тексеруі  аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:

1) салық тексеруінің  жүргізілген орнын, акті жасалған  күнін;

2) тексерудің  түрін;

3) салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізген  лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

4) салық төлеушінің  тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

5) салық төлеушінің  орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

6) салық төлеушінің  салық есептілігі мен бухгалтерлік  есептілікті, салықты және бюджетке  төленетін басқада міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының  тегін, атын, әкесінің атын;

7) алдыңғы  жүргізілген тексеру мен бұрын  анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар  туралы мәліметтерді;

8) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

9) Қазақстан  Республикасының салық заңдарының  тиісті нормасына сілтеме жасай  отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі  жазылған сипаттамасын;

10) салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды.

2. Салық тексеруінің  актісі салық төлеушіге тасырылған  күн  салық тексеруі мерзімінің  аяқталуы болып есептеледі.

3. Саылқ тексеруінің  аяқталуы бойынша салық заңдарының  бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.

4. Саылқ тексеруі  актісіне қажетті құжаттардың  көшірмелері, салық ызметі органының  лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар  және салық тексеруі барысында  алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

5. Салық тексеруі  актісі кем дегенде екі дана  етіп жасалады және оған салық  тексеруін жүргізген салық қызметі  органының лауазымды адамдары  қол қояды.

6. Салық тексеруі  актісі салық тексеруі актілері  мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы жрналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салы ызметі органының миөрімен куәландырылуға тиіс.

7. Салық тексеруі  актісінің бір данасы салық  төлеушіге тапсырылады. Салы төлеуші  салық тексеруі актісін алған  кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.

Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім

1. Салық тексеруі  актісінде көрсетілген нәтижелер  негізінде салық тексеруін аяқтау  бойынша  салық қызметі органы  осы Кодекстің 31-бабына сәйкес  белгіленген мерзімде салық төлеушіге  жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, өсімпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.

2. Салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар  мен айыппұлдардың есептелген  сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.

3. Салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар  мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:

1) хабарламаны  және салық тексеруі актісін  тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің  тегі, аты, әкесінің аты не толық  атауы;

3) салық төлеушінің  тіркеу нөмірі;

4) салықтың  және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;

5) төлеу туралы  талап және төлеу мерзімі; 

6) тиісті салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да мідетті төлемдердің , өсімпұлдар  мен айыппұлдардың деректемелері;

7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

5. Егер салық тексеруінің  аяқталуы бойынша салық заңдарын  бұзу анықталмаған болса, салық  тексеруі нәтижелері бойынша  хабарлама шығарылмайды.

 

2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері

 

2.1  Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері  

 

Камералдық  бақылаудың нәтижесі болып акт немесе анықтама  табылады.

Егер де салық  есептілігін толтырған жағдайда қателіктер табылған болса, мәліметтер арасында қайшылықтар, сондай-ақ шағын  бизнес субьектілері үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшуі үшін хабарлама жібереді. 

Осындай жағдайда салық бұзушылықтары анықталған күннен 2 жұмыс күннің ішінде салық қызметі органдары салық төлеушіге бұзушылықты жою туралы хабарламаны жіберу керек.

Камералдық  бақылау нәтижесі бойынша хабарламаны  салық төлеуші берілген күннен 10 жұмыс күн ішінде орындауы тиіс.

Бұндай камералдық бақылау әдісімен салық төлеушілер көп ұшырасады, соның нәтижесінде қателіктерден сақтануға,  сондай-ақ құжаттық тексерістен өтетін салық төлеушіні анықтауға мүмкіндік береді.

 

2.2 Рейдтік тексерісті  жүргізу нәтижелерін рәсімдеу  әдістері

 

Салық органдарына  маңызды мәселесі болып табылатын  ол – рейдтік тексерістің нәтижесі. Рейдтік тексерісінің нәтижесінде салық тексерісінің актісі толтырылады. Егер салық тексерісінде нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталса, онда салық қызметі органдары салық төлеушіге хабарлама жібереді, сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданады.

Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын  қолдану сұрақтары бойынша рейдтік  тексерісті қолдану тәртібі.

Фискалық  жады бар бақылау-касса машиналарын  тексеріске кіріспес бұрын БКМ-ң  түсінігіне тоқталайық.

ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегін беру арқылы жүргізілінеді. 

Бірақ:

  • жеке кәсіпкер біржолғы талон негізінде немесе патент негізінде жүзеге асырылатын;
  • егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері 6 ай өтпеген болса;
  • егер салық төлеуші квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта төлемі берілген немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік оргн бекіткен нысандар бойынша чектерге теңестірілген басқа да қатаң  есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
  • Адвокаттардың ақшалай есеп айырсуларына қолданылмайды.

Фискалдық жады бар БКМ  қолану кезінде талаптар:

  • Фискалдық жады бар БКМ тіреу карточкасын беру;
  • Техникалық қызмет көрсетуге ФЖ бар БКМ қою жүзеге асырылады;
  • ФЖ бар БКМ – ң чегін беруге жүзеге асырылады;
  • ФЖ бар БКМ-на салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.

Алғашқы кезеңде  мобильдік топ қызметкерлер сыртынан бақылайды. Мұнда салық төлеушінің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары жоқ не қолданбайтын субъектілерді анықтайды. Осы этапа бақылау-касса машиналарын тексермейді, ал тек қана визуалды бақылауда бұзушылықтардың мінездемелерін және сол бойынша ақпарат жиналады.

Жиналған  ақпаратты талдау мақсатында белгіленген  салық төлеушілердің тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын  дұрыс қодану сұрағы бойынша рейдтік  тексеріс өтеді.

Қазіргі уақытта  салық қызметкерлері (контрольных  закупов) сатып алу бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет куәлігін көрсетеді.

Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:

  • Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;
  • Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қолдануға есептік карточкасын;
  • Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;
  • Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.

Осыдан кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында  түскен ақша жазылынып алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық төлеуші  өзі санап, ал салық комитетінің  қызметкерлері дұрыс саналуын қарап  отырады.

Келесі жол  болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.

Келесі этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең болу керек.

Барлық анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс актісінде көрсетілу керек. БКМ қолданған жауапты тұлғада салық тексерісі кезінде заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде түсініктеме алынады.

Егер бұзушылықтар анықталатын  болса, онда салық төлеушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы хабарлану керек.

 

2.3 Хрономераждық зерттеу  нәтижелерін рәсімдеу әдістері 

 

Хронометраждық зерттеуді  жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535 бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток). Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі тиіс:

  1. салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер;
  2. салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета, бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;
  3. табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге құқығы бар;
  4. фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі (отчет).

Информация о работе Салық тексерістері