ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 11:42, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды.

Содержание

Кіріспе
1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы .........................................................5
1.1 Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері ........................... 5
1.2 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері ..................14
1.3 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі .......17
2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау...19
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы......................................................................................................................19
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері................................................................................................................. 21
2.3 Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері................................. 26
3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..31
3.1 Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары................................. 31
3.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі......................................................................................................................34
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы КУРСОВАЯ.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

     Өзін - өзі реттейтін ұйымның қызметтері

  • уәкілетті органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар беру;
  • бағалы қағаздар нарығындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасында туындайтын дауларды және мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарау;
  • уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген адамдарға оқу бағдарламаларын әзірлеу және оларды оқытуды жүргізу;
  • бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген немесе өзінің кәсіби деңгейін растайтын адамдарды тестілеу процесіне қатысу;
  • өзін -өзі реттейтің ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасау және жариялау;
  • уәкілетті органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін тексеруге қатысу.
  • бағалы қағаздар нарығында өз мүшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру және  Қазақстан Республикасының заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген өзін - өзі реттейтін ұйым мүшелеріне өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары

     3.1 Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарғының жетілдіру  жолдары

       Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның дамуы жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатындамемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік – психологиялық мәселелер көп.

      Экономикалық мәселелерге:

  • нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
  • бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
  • заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
  • салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
  • бағалы қағаздар нарығының материялдық-техникалық негізінің аздығы;
  • нарық инфрақұрылымының өсу деңгейінің төмендігі жатады;

     Ал, әлеуметтік – психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

     Бағалы қағаздар нарығына мамандарды  Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық  комиссияның осы іспен шұғылдануға  рұқсат берген Оқу орталықтары  дайындайды. Оқу орталықтарының  жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады. Аттестациялық комиссияның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі оның басқармасы болып, ал мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтің Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

      Дүние жүзілік нарық тарихында  бағалы қағаздар нарығының негізгі  үш үлгісі бар. Олар:

  1. Банктік үлгі – онда бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Бельгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
  2. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктік емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Пәкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарғы демократиялық жолмен өркендейді
  3. Аралас үлгі - бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де банктік емес мекемелер шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

      Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарғының ерекшелігі – кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгеруге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарғында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісіне бас тартуына әкеп соқтырады. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс.

      Бағалы қағаздар нарығының нарықтық  үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мынада:

    1. Нарықта акционер үлесінің көптігі;
    2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық қағаздардан көптігі;
    3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
    4. Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі;

         Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

  1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша – ол «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.
  2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
  3. Саясат факторы – дүниежүзіндегі сияқты, Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі – халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру – бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

      Қорта айтқанда, Қазақстан Республикасында  қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарғына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

    

    3.2 Қазақстандағы бағалы  қағаздар нарығының  кәсіби мамандарын даярлау жүйесі

    Бағдарламаның аталған бағаытын іске асырудын негізгі  мақсаты бағалы қағаздар нарығында  жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының желісі мен жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультеттерінде бағалы қағаздар нарығы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі мамандандырылған бөлімднр ашуды қамтитын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды даярлаудын жүйесін құру болды. 1999 жылдың басында Ұлттық комиссия мынадай аспектілерде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды даярлау жүйесін реттейтін нормативтік – құқықтық база: 

    - оқу орындарына үш санат:

  1. брокерлік, дилерлік қызмет;
  2. бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеуге байланысты қызмет;
  3. бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі қызмет бойынша бағалы қағаздар нарығына мамандарды оқытуға рұқсаттар берудің тәртібін;

      - бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлаудың тәртібін;

       - бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау жөніндегі курстардың тыңдаушылар аттестациялаудың және біліктілік куәліктерін берудің, аталған куәліктің пайдалануын бақылаудың, олардын қолданудың тоқтата тұрудың және кері қайтарып алудың тәртібін қалыптастырады.

       1999 жылдын басындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлттық комиссияның 6 – бірінші санат бойынша, 6 – екінші санат бойынша, 3 – үшінші санат бойынша мамандарды даярлауға арналған рұқсатына ие 7 оқу орталығы жұмыс істейді. Көрсетілген күнге аттестацияланған мамандардын жалпы саны 3681-ді, оның ішінде бірінші санат бойынша – 2200 маманды, екінші санат бойынша – 1329 маманды, үшінші санат бойынша – 152 маманды құрады. Бағдарламаны іске асыру барысында даярланған мамандардың жалпы саны бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етеді.

        1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап  Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы  « Банк ісін ұйымдастыру» кафедрасының  жанында «Қор ісі мен биржалық рынок» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп келеді.

 

        Қортынды

 

    Қорта айтқанда, Қазақстан Республикасының 1991 жылдан қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты  біріңғай көзқарас жоқ . Сонымен қатар, Бағалы қағаздар нарғына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер еңгізілуі мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы қазіргі кезде экономиканың қарқынды өсуінің бір саласы. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дау деңгейі қуантарлықтай емес. Бағалы қағаздар нарығының проблемаларының бірі – акциялардың айналымдағы жетіспеушілігі, яғни акционерлік қоғамдардың көптігіне қарамастан. Қазақстанда эмитенттердің қызметін олардың бағалы қағаздарды шығаруды және оларды ұстаушылардың құқықтарын сақтлуын реттейтін заңдардың нормаларын орындауы бөлігінде бақылаудың жеткілікті тиімді жүйесі құрылмады. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері шығарған бағалы қағаздармен қор нарығына шығуын ынталандыратын тетіктердің жоқтығы

    Айтылған проблемалардың барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті ерекше бағыт , яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық жәнебағдарламалық жағанан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделе де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздар мен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Әрине бұндай ісе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектеріненоқып үйреніп алуға болады.  
 

 

         Пайдаланған әдебиеттер  

  1. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Рынок ценных бумаг Казахстана, N 1, 2000. С. 19 - 28.
  2. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Рынок ценных бумаг Казахстана, N 1, 2000. С. 19 - 28.
  3. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Рынок ценных бумаг Казахстана, N 1, 2000. С. 19 - 28.
  4. Бағалы қағаздар нарығы туралы // Егемен Қазақстан 2003. 3-6 б.
  5. Бексултанова А.Ж. Рынок ценных бумаг Казахстана, Алматы: Атамура, 2000, с.41-53.
  6. Берзон Н.И., Булкова Е.А., Кожевников Н.А., Чаленко А.В. Фондовый рынок. М., Вита-пресс. 1998.
  7. Галанов В. А., Басова А. И. Рынок ценных бумаг, Алматы, Данкер, 1996.
  8. Государственные ценные бумаги. Итоги 2000 года. «Рынок ценных бумаг Казахстана». 2001. № 2. С. 22-27.
  9. Джолдасбеков А., Аягузов К. Краткий обзор развития фондового рынка Республики Казахстан в 1991 - 1994 гг. // Рынок ценных бумаг Казахстана. №12, 1999, с. 19-23
  10. Джолдасбеков А., Иванова A. Историческая справка о системе государственного регулирования рынка ценных бумаг Peспyблики Казахстан // Рынок ценных бумаг Казахстана. N 6, 1999. С. 30.
  11. Есенов Б. Проблемы и перспективы развития фондового рынка в Казахстане//Саясат. N 6, 1999. С. 72.
  12. Ильясов К.К. . Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана /Под ред.– Алматы: Бiлiм, с. 11-112.
  13. Инвестиционные возможности Казахстана. А., 1997. С. 112.
  14. Информационное сообщение Национальной комиссии // Рынок и право: приложение к журналу "Рынок ценных бумаг Казахстана". N5(6), 1999. С.З.
  15. Каленова С.О. О развитии рынка ценных бумаг в Казахстане. // Рынок ценных бумаг Казахстана. №6, 1999. с. 4-5
  16. Карагузов Ф. Ценные бумаги и регулирование их обращения в Республике Казахстан. А.: Каржы-Каражат, 1995. С.50-53.
  17. Омаров Ж.Ж. Регулирование рынка ценных бумаг // Саясат. №1, 2000. с. 4-8.
  18. Основы формирования рынка государственных ценных бумаг // Рынок ценных бумаг Казахстана. N9, 1999.С. 3.
  19. Привлекательны ли  акции ?// Каржы-Каражат. N 5, 1999. С. 68.
  20. Рынок ценных бумаг / Под ред. В Л. Галанова, А.И. Басова. М.: Финансы и статистика, 1998. С. 160.
  21. Рынок ценных бумаг / Под ред. В Л. Галанова, А.И. Басова. М.: Финансы и статистика, 1998. С. 160.
  22. Рынок ценных бумаг Казахстана: проблемы формирования и развития / Под ред. М.Б. Кенжегузина. А., 1998. С. 5.
  23. Сейткасимов Ғ.С., Ақша, несие, банктер – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары