Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 11:42, курсовая работа
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды.
Кіріспе
1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы .........................................................5
1.1 Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері ........................... 5
1.2 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері ..................14
1.3 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі .......17
2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау...19
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы......................................................................................................................19
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері................................................................................................................. 21
2.3 Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері................................. 26
3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..31
3.1 Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары................................. 31
3.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі......................................................................................................................34
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Кесте 1- Бағалы қағаздардың жіктелуі.
Эмитентінің сипатына қарай |
Жергілікті әкімшілік |
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
Шығаруы жөнінен бағалы
Кесте
2 - Бағалы қағаздарды шығарушылар
Эмитент |
Мемлекет қолданудағы мекемелер, ұйымдар | Жеке кәсіпорындары | Мемлекеттік Резиденттері Еместер |
Өндіріс секторының | |
Жекеменшіктенген кәсіпорындар | Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар |
Несие саясатындағы қоғамдар | |
Биржалар | |
Қаржы құрылымдары | |
Инвестициялық компаниялар | Инвестициялық қорлар |
Республикалық Басқару органдары |
Желгілікті басқару органдары |
1.3. Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасынын
Соның
үшіншісі, бағалы қағаздар
нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері
КСРО-дан қазан революциясына дейін болғанымен,
соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі
болған жоқ. Ал 90-шы жылдардын басында
ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда
басталған нарық қатынастары даму және
одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт
қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын
және мемлекет пен жергілікті басқару
органдарының қаржы саясатын өзгертуден
басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші
меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік
кәсіпорындарды акцияландырудан басталады.
Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер
бюджет тапшылығын толтыру мақсатындабұрынғы
үйренген әдіс – ақша белгілерін шығыарумен
шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік
бағалы қағаздардын бірі - қысқа мерзімді
мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен
айналысуда. Жергілікті басқару органдары
да дәл осы жолды пайдалануда. Бағалы қағаздар
нарығы экономиканын кез-келген саласының
өз қажетіне ақша қорын алуын жолашуда.
Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі,
яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға
болады, ал облигацияны шығару несиені
банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды.
Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын
өрістеуге мүмкіндік береді. Қаржы нарығында
мемлекеттік үстемдікті жойған кезде,
ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардын
әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы
жеке меншікке негізделсе, әрине оның
әкімшілік тәсілімен қызмет етуі мүмкін
емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен
акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың
салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде
болады. Кәсіпорындар осы уақытша бос
қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін
проценттік мөлшері нарық деңгейіне сай
келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен,
шаруашылықты экономикалық әдістермен
жіргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз
етіп, қаржы қорларын көбейтіп, қоғамда
әлеуметтік оң өзгерістердің болуының
кепілі.
2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау
2.1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының пайда болуы
Бағалы қағаздар нарығының
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
сұраныс пен ұсыныс;
Нарықтың осы құрамдас
Дегенмен, Қазақстан экономикасының
дағдарысы жағдайында
Қазақстандағы бағалы
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті – Қаржы Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк – оның (Қаржы министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонмен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар:
Мемлекеттік қазыналық
2.2. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны реттетейтін жүйелері
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенің көрсетеді. Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі(сауда, несие капиталдары).Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылқтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструментінемесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек ол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.Бағалы қағаздар нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететің құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу – сатуға және есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары