ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:03, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР сауда экономикасы дамуы.DOC

— 846.00 Кб (Скачать)

 

2005 жылы 1995 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне экспорт 41%-ға көтерілді, 2004 жылы ТМД елдеріне экспорт 1%-ғa төмендеді және 4066,8 млн. АҚШ долларын құрады. Төмендеу, осы кезеңде Украинаға, Әзірбайжанға және Түркменияға қазақстандық өнімнің жеткізілуінің азаюымен болды. ТМД елдеріне қазақстандык экспорт көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бұрынғыдай, жоғары болып қалуда, осылай 1995 жылы оның үлес салмағы - 82%, 2000 жылы - 75%, 2005 жылы - 72%-ды құрады.

Ресейге жіберілетін экспорттың тауарлық құрылымында, жалпы экспорттың құрылымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым. 2005 жылдың қорытындылары бойынша, 2004 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі (3%-ға) байқалды.

Экспорттың жалпы көлеміндегі басқа елдердің үлесі 1995 жылы 45% құраса, 2005 жылы 85% жетті (2004 жылы - 80%). Қазақстандық экспорттың көлеміндегі айтарлықтай үлес Еурола елдеріне тиісті, 2005 жылы олардың үлес салмағы 61% құрады (2004 жылы - 55%), соның ішінде Еуроодақ елдерінің үлесі 40% (35%) құрады. Еуропа елдері арасында қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары қатарында Швейцария (2005ж. деректер бойынша, Қазақстанның жалпы экспортындағы оның үлесі 19,8% құрады), Италия (15%), Франция (9,6%), Нидерланды (3,2%) бар.

2004 жылмен салыстырғанда, Еуропа елдеріне экспорт жалпы алғанда 1,5 есеге өсті.

Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының өсу қарқыны

Елдің аттары

1995

2000

2005

Барлығы

2366,7

6475,5

23782,3

Еуропа

1597,6

2744,3

17100,8

ЕО елдері

1116,2

2063,0

10999,4

ЕО – дан тыс елдер

481,4

681,3

6101,4

Азия

647,6

1210,6

4887,8

Америка

108,6

1499,0

1767,9

Африка

12,5

19,4

16,5

Австралия және Океания

0,4

2,2

9,3

 

2005 жылы 1995 жылмен салыстырғанда қазақстандық өнімді Азия өңірінің елдеріне жеткізу көлемі 7.5 есеге көтерілді (2004 жылдан бастап - 33%-ға). Қытай Республикасының үлес салмағы (экспорттың жалпы көлемінде 9,8%) бұрынғыдай, өңірдегі ең жоғары болып табылады. Осы өнірдегі негізгі сауда әріптестерімен экспорт көлемінің көтерілуі байқалды: Жапонияға - 4,6 есе, Израильге - 2 есе, Ауғанстанға - 90%-ға, Иранға - 24%-ға, Корей Республикасына - 15%-ға, Туркияға - 7%-ға.

Америка елдеріне қазақстандық өнім экспорты 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті.

Қазақстан Республикасы экспортының географиялық құрылымы

                      1995                                             2005

Импорт. Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (импорттың жалпы көлемінен 44%), химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі, металлургия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны өндіру үшін шикізат басым.

Соңғы жылдары импортталатын- минералды өнімдерінің үлесінің (1995 жылғы 30%-дан 2005 жылы 13%-ға дейін), азық-түлік өнімдері мен оны өндіру шикізаты үлесінің (1995 жылғы 11%-дан 2005 жылы 7%-ға дейін) төмендегені байқалады. Металлургия өнеркәсібі өнімінің үлес салмағының өсімі (1995 жылмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа) белгіленді.

 

Қазақстан Республикасы импортының тауарлық құрылымы

1995

 

2005

2005 жылы импорттың өнімнің негізгі жеткізушілері қатарында Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен 38%), Германия (7,5%), Қытай (7,2%), АҚШ (6,9%), Украина (4,9%), Италия (3,9%), Жапония (3,5%), Ұлыбритания (2,4%), Түркия (2,3%), Франция (1,7%) Швеция (1,5%), Корей Республикасы (1,5%), Өзбекстан (1,5%) Беларус (1,2%) Швейцария(1,2%) болды.

2005 жылы ТМД елдеріне барлық импорттық жеткізілімдердің 47%-ы келді (2004 жылы - 48%). Достастық мемлекеттері Қазақстан рыногына импорт өнімінің негізгі жеткізушілері болып табылады. 2005 жылы ТМД елдерінен жеткізілетін импорт 8133,9 млн. долларды құрады (2004 жылдың деңгейіне 133%).

 

ТМД елдерінен Қазақстан Республикасы импортының серпіні

млн. АҚШ доллары

 

Елдің аттары

1995

2000

2005

Барлығы

3806,7

5040,0

17352,5

Оның ішінде:

 

 

 

ТМД елдері:

2652,7

2731,7

8133,9

Еуразиялық экономикалық қауымдастығы

2020,6

2513,5

6934,8

Беларус

77,8

39,5

208,0

Қырғызстан

31,0

30,1

148,6

Ресей Федерациясы

1899,7

2439,2

6591,3

Тәжікстан

12,1

4,7

17,0

Еуразиялық экономикалық қауымдастығынан тыс елдер

332,1

218,2

1199,1

Әзірбайжан

25,2

9,9

21,3

Армения

2,6

1,2

2,1

Грузия

2,2

4,8

7,2

Молдава

5,6

7,1

18,6

Түркіменстан

241,3

43,4

50,7

Өзбекстан

269,5

70,5

254,5

Украина

85,7

81,2

844,7

 

Ресейден сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 2005 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі баптары: минералды өнімдерді, мұнай және мұнай өнімдерін (Қазақстанмен енгізілген барлық көлемнің 78%). соның ішінде ресей коксының 70%, мүнай өнімдерінің 88%, электр қуатының 66%. табиғи газдың 52%, жағар майлардың 49% болды.

Қазақстанға енгізілген жеңіл автомобильдердің 14%-ы, жүк көліктерінің 42%-ы және арнайы автомобильдердің 52%-ы Ресейден сатып алынды. 2005 жылы республикаға енгізілген сүт өнімдерінің жалпы көлемінен 55%-ы. шоколад лен құрамында кокао бар басқа да тағам өнімдерінің 59%-ы, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдардың 32%-ы, өсімдік майының 23%-ы Ресейден импортталды.

Әлемнің басқа елдерінен енгізілген имлорт үлесі 53,1 пайызды құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 38%-ға көтерілді және 9218,6 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Әлемнің басқа елдерінен Қазақстан Республикасына өнгізілген импорттың серпіні

Елдің аттары

1995

2000

2005

Барлығы

1154,0

2308,3

9218,6

Еуропа

690,0

1258,5

4622,9

ЕО елдері

491,9

1025,2

4287,8

ЕО – дан тыс елдер

198,1

233,3

335,1

Азия

348,5

612,8

2883,8

Америка

110,8

403,5

1621,1

Африка

1,8

26,1

55,0

Австралия және Океания

3,1

7,4

35,9

2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы Еуропа елдерінен енгізілген импорт үлесіне, импорттық түсімдердің жалпы көлемінен 27 пайызы келеді және ол Германия мен Италиядаи әртүрлі машиналарды, жабдықтарды және оларға қосалқы бөлшектерді әкелу және Германия мен Ұлыбританиядан жеңіл және жүк автомобильдерін, құбырлар мен сорғыларды жеткізу арқасында 25%-ға өсті.

Азия елдерінен импорт көлемінің өсіміне (2004ж. деңгейіне 43%-ға) Жапониядан автомобильдерді, Қытай мен Жапониядан құбырларды, қытай жиһазын, киімі мен аяқ киімін жеткізудің көтерілуі ықпал етті.

Америка континенті елдерінен импорт көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Тауарлардың негізгі бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі.


Қазақстан Республикасы импортының географиялық құрылымы

                   1995                                                       2005

 

              2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары

 

Халықаралық тәжірибеде сатып алу-сату келісімшарты бойынша жүзеге асырылатын сатудың екі негізгі әдісі - тікелей (divect Selling) және жанама (indivekt Selling) әдістері қолданылады.

Тікелей (тура) әдіс - тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуды ұйғарады. Аталған жағдайда экспорттаушы өзінің тауарына нарықты өзі тауып, осы нарыққа делдалдың қатысуынсыз-ақ шығады. Ережеге сәйкес, бұл тұтынушылар мен жабдықтаушылардың саны шектеулі, ал тауарға деген сұраныс бұқаралық сипатқа ие болмаған жағдайда жүреді. Жанама сату әдісі -коммерциялық (сауда-саттық) қызметі делдал арқылы жүзеге асыруды ұйғарады.

Халықаралық тәжірибеде тікелей сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:

- ірі өнеркәсіптік объектінің құрылысы барысында, яғни делдал-фирмалар белгілі және тапсырыс беруші осы делдал-фирмалардың бірімен келісімшарт жасауға қабілетті болса;

- дайын өнімді бірлесіп шығару үшін екі немесе бірнеше кәсіпорындармен өндірістік кооперацияны жүзеге асыру барысында;

- ұзақ мерзімді келісімшарттардың негізінде өнеркәсіптік шикізаттарды ірі партиялармен сату барысында;

- ауылшаруашылық шикізаттарының ірі партиясын өндіруші фирмалардың тікелей сатып алуы кезінде;

- меншікті өткізу тораптары арқылы стандартты ірі сериялы жабдықтарды сату кезінде (кәсіпорындардағы экспорттық өткізу қызметтері, сондай-ақ тауарды сатып алушы елдегі филиалдар, еншілес компаниялар).

Жанама сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады, егерде:

- тауар жаппай сұранысқа ие болса, яғни тұтынушылар көп болып, тауар өндіруші өз бетінше оңтайлы сатып алушыны анықтай алмаса;

- тауар өзінің өмірлік циклының соңғы кезеңінде тұрса, әрі оны өткізу (сату) үшін делдалға көмек қажет болса;

- аталған тауар нарығы сыртқы сауда шектеулерінің болуымен немесе ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады және бұл тауар нарығына ұлттық делдалдық фирмалардың көмегінсіз шығуы мүмкін емес болып табылады.Осы екі сауда тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан да осы екі тәсілдің қандай да біреуін таңдау жеке сипатқа ие болады және көбінесе тауардың қасиетіне, өткізу нарығына, тұтыну сұранысына, тауарды өткізу арналарына, саудадан кейінгі техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктеріне және т.б. байланысты болып келеді.

Жанама тәсілдің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

- тауарды барынша қысқа мерзімде әрі неғұрлым пайдалы жағдайларда өткізу (сату) мүмкіндігі;

- жергілікті делдал арқылы нарықтың хал-ахуалы мен болашағы туралы қажетті ақпараттарды алу;

- делдалдардың білімін пайдаланып, тұтынушылардың ұлттық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, жарнама шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру;

- тауарларды сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өте жоғары, сапалы әрі жедел ұйымдастыру;

- қосымша пайда алу және делдалдардың білімі мен қаржы қаражаттарды тарту есебінен сататын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Жанама әдістің кемшілігі мыналар:

- екі ортада делдал жүретіндіктен, өндіруші мен тұтынушы арасында кері байланыстың үзілуі;

- өткізу нарығындағы сатушы имиджінің делдалдық мінез құлқына тәуелді болуы.

Өндірістік бірлестіктер өнімдерінің бөлшектерін жалпы нарық үшін емес, нақты бір тапсырыс берушінің тапсырмасы мен техникалық талаптары бойынша жасап шығаратын бірлестік түрін білдіреді. Осындай өнімдерді жеткізу үшін жасалатын сыртқы сауда келісімшарттары мердігерлік сипатта болады. Мердігерлік келісімшарттың мәні мынада: бір тарап басқа бір тараптың тапсырмасы бойынша өзіндегі материалдармен (немесе тапсырыс берушінің материалдарымен) белгілі бір жұмыстарды өзінің тәуекеліне ала отырып атқаруға міндет алса, басқа тарап атқарылған істі қабылдауға және төлеуге міндет жүктейді. Мысалы, бір тарап екіншісіне кәдімгі сериялық электрқозғаушыларды сататын болса, онда олардың осы қатынастары сатып алу-сату келісімімен құжатталады, ал тараптардың біреуі арнайы электрқозғаушыларды жеке талаптар бойынша жасауға тапсырма берсе, бұл жағдайда мердігерлік келісім жасалады. Мердігерлік келісім-шарттар мердігер міндеттемелерінің кең өрісін қамтиды, бұған ізденіс және жобалық-конструкторлық жұмыстар, жеке тапсырмалар бойынша машиналар мен құрал-жабдықтарды жасап шығару, өнеркәсіптік және басқа да объектілердің ғимараттары, кеңес беру және басқа да жеке қызметтер көрсету кіруі мүмкін. Мердігерлік келісімшарттарда мердігер орындайтын жұмыс көрсетіледі және мұндай келісімшарттарда бұл жұмыстың қандай нысанда атқарылатыны бекітіледі.

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері