Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:03, курсовая работа
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».
Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................7-11
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................11-16
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................16-21
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................22- 31
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 31-36
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...37-41
3.2. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 41-43
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
- техникалық кедергілер, яғни импортталатын тауарлардың ұлттық стандартқа сәйкестігін бақылау.
Kвота. Импорт квотасы немесе контингент халықаралық сауданы шектеудің тарифтік емес кедергісінің ең көп тараған түрі. Ол елге импотталатын тауардың белгілі уақыт аралығындағы максималды сомасын немесе санын белгілейді.
Квоталауды үкімет органдары лицензияларды беру негізінде жүзеге асырады. Лицензия елге берілген квота шеңберінде енгізуге болатын тауардың белгілі санына рұқсат беретін құжат.
Лицензияны бөлудің ең тиімді тәсілі-ашық аукцион. Импорт квотасын конкурсты негізде сату мемлекетке кіріс әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар парақорлық пен коррупцияға жол бермейді.
Лицензняның келесі негізгі түрлері бар:
а) белгілі уақыт аралығына сәйкес тізімге ілінген тауарларды енгізу мен шығаруға рұқсат беретін автоматты немесе бас лицензия;
б) белгілі тауарды импорттау немесе экспорттау, оның санын, құнын, шығарылған елі немесе бағыты қайсыбір кездерде экспорт немесе импорт жүзеге асатын кеден бекеті көрсетілген автоматты емес немесе бір жолғы лицензия.
Халықаралық саудада денсаулықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғау кедергі болып есептелмейді, бірақ жанама түрде осы мақсаттарға пайдалануы мүмкін. Ол кезде импортталатын тауарларға ерекше техникалық талаптар қойылады, ол технологияның өзгерісі мен санның сәйкес сертификатық алумен байланысты қосымша шығындарға әкеледі. Қосымша төлемдерге әртурлі әкімшілік, кедендік, гербтік, статистикалық алымдар жатады. Олар импортпен шектеуге ықпал етеді. Олар баж салықтарын пайдалану саяси тұрғыдан тиімді болмаған жағдайда пайдаланылады және негізінен келісімді түрде болады.
Халықаралық сауда ұйымы. 1994 жылы Халықаралық сауда ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды, ол өз қызметін 1995 жылы бастады және алдыңғы шешімдерді Уругвайлық раунд шешімдерімен біріктіретін және ГАТТ-тың бақылауымен қабылданған барлық келісімдерді біріктіретін жалпы институционалды шеңберді құруды қарастырады. Өз қызметі барысында жаңа ұйым таластарды реттеу тәртібі туралы Меморандум мен сауда саясатын қайта қарау механизмін басшылыкқа алуы тиіс.
Бұл жерде ГАТТ туралы ең алдымен айта кеткен дұрыс. Тариф пен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) халықаралық сауданы реттеуде маңызды орынды алды. Ол қатысушы-мемлекеттер арасындағы сауда қатынастары негізделетін құқықтық нормалар жиынтығын қамтитын көп қырлы халықаралық келісімді көрсетеді. Келісімге Женева қаласында 1947 ж. 30 қарашасында қол қойылып, 1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
ГАТТ үш қызметті атқарды:
1. Мемлекеттің сауда саясатына әлемдік сауда тәртіптерін жасау жолымен әсер ету;
2. Сауданы либерализациялау жөніндегі келісімдер жасау форумы;
3. Таластарды реттеу.
ГАТТ-ң негізгі мақсаты халықаралық сауда қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1994 жылға дейін әлемдік сауданы одан әрі либерализациялауды және сауда кедергілерін жоюды мақсат етіп қойған сауда раундтарының 8-і өтті. Осылардың соңғысы 1986-1993 ж. өткен Уругвай раунды. Оның барысында ұйымдастыру құрылымы келісілді, келісім топтары жұмысының жоспары мен тәртібі болжанды, қатысушы-мемлекеттердің тауар шектеулерін енгізбеу туралы міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасайтын арнайы орган құрылды және қазіргі бар шектеулерді бірте-бірте алып тастау қарастырылды. Кедендік тариф, тарифтік емес кедергі, табиғи тауарлар, текстиль мен киім, ауыл шаруашылығы өнімдері, тропикалық тауарлар, субсидиялар мен компенсациялық баж салықтары, интеллектуалды меншік құқы саудасы, саудадағы қорғаныс шаралары, ГАТТ жүйесінің қызметі, ГАТТ шеңберіндегі келісімдер, таластарды шешу шаралары, қызметтер саудасы жөніндегі 15 келісім тобы құрылды.
Уругвайлық раундтың нәтижесі халықаралық көп жақты жүйесін құру және ГАТТ-ы Халықаралық сауда ұйымымен алмастыру болды.
Халықаралық сауда ұйымының басты мақсаты мемлекет мүшелердің өмір сүру деңгейін көтерудің коммерциялық және экономикалық бағыты, ол төмендегі жолмен жүзеге асырылады:
- толық жұмыспен қамту;
- тауар мен қызмет өндірісі және тауар айырбасының өсуі;
- шикізат қайнар көздерін ұзақ мерзімді даму, қоршаған ортаны қорғау мен сақтау мақсатында тиімді пайдалану;
Халықаралық сауда ұйымы келесі құрылымға ие:
1. Министр конференциясы (екі жылда бір рет)
2. Жалпы кеңес:
- келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі комитет;
- сауда саясатын қайта қарау Комитеті;
3. Көмекші органдар:
- қызмет бойынша кеңесі;
- тауар бойынша кеңес;
- интеллектуалды меншік құқығын қорғаудың сауда аспектілері бойынша кеңесі;
- сауда мен даму бойынша Комитет;
- бюджет сұрақтары бойынша Комитет.
Қазақстан Халықаралық сауда ұйымының мүшесі емес, сондықтан да басқа елдермен сауда қатынасы Халықаралық сауда ұйымының сәйкес құжаттарына негізделмеген, ол екі жақты сауда келісімдеріне негізделген.
1.3. Халықаралық сауда теориялары
Абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезендерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі - ағылшын саяси экономиясының классигі А.Смит "Табиғатгы зерттеу және халықтың баю себептері" деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді", - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде.
А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.
Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.
Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.
А. Смит Франция, Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.
А.Смиттің теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:
• біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;
• екіншден, егер табиағи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.
• Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:
• біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес
• екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады;
• үшіншіден, абсалюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінін алтернатавтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.
А. Смиттің "Абсатюттік артықшылық" теориясыңдағы аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономиясының тағы бір классигі Д. Рикардо "Компаративтік (салыстырмалы) артықшылық" теориясында жоюға тырысты.
Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи - климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.
Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.
Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ. Рикардоның халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.
Мысалы, екі елден (Англия мен Португалия) тұратын қарапайым экономиканы қарастырайық. Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.
Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қалданады.
Матаны өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әріпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілейік.
Егер де әрбір елдің ресурстары шектеулі болса, сонымен бірге ол шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса, онда ол екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады. Оны төмендегі мына теңсіздікпен көрсетсек:
Англия үшін
Португалия үшін
Осы келтірілгек тенсіздіктер негізінде, өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге болады, яғни көлбеу сызық матанын құнына тең, ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.
Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет. Әрбір сектор өндірістік фактордың біреуін ғана пайдаланғандықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.
Автаркия (елдік басқа елдермен байланысының болмауы) кезінде ел екі иглікті де шығаруға мәжбүр болады.
Шараппен салыстырғанда матаның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.
Басқаша айтқанда, екі игліктің салыстырмалы бағалары оларды өндірісте қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.
Мата мен шарап өндірісінде қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары ер елде әр түрлі болып келеді. Автаркияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.
Ал мата құнын шарап құнымен салыстырғанда, Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.
| Англия | Португалия |
Мата Шарап |
Жоғарыда көрсетілген кестеден Англияның абсолюттік артықшылығы айқын көрінеді.
Енді екі игліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.
Ол үшін төмендегі кестені қарастыру керек.
| Англия | Португалия |
Матаның бір данасының шараппен өрнектелген құны |
Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.
А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана еңбек факторымен қарастырды.
Бірақ іс жүзінде кез келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.
Өндірістік факторлар жөніндегі ілімдерін зерттеп, 1930 жылы швед ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын ері қарай толықтырды. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен өрнекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жана үлгісін қарастырады. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі:
Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері