Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 18:05, курсовая работа
Олигополия в экономике
1. Олигополия нарығының ерекшеліктері
2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы.
3. Курно дуаполиясының үлгісі
4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»
5. Олигополия нарығындағы «баға қақтығысы»
6. Баға белгілеудегі жетекшілік.
10.5.
Олигополиялық бәсеке
және «баға қақтығысы».
Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбір фирманың нарықтағы үлесін өсіру үшін жүргізіледі. Осы мақсатпен олигополист фирмалар «баға қақтығысына» әкелетін саналы түрдегі бәсекеге түседі. «Баға қақтығысы» дегеніміз –олигополист фирмалардың бірінен кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 90- суреттен көруге болады.
Р*
D
Р1
Р2
Р3
Q* Q1
Q2 Q3
Q
90-сурет.
«Баға қақтығысының» салдары.
Салада екі фирма жұмыс істейді. Олардың орташа шығындары тең. Фирмалар Р* бағасымен Q* өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсіерсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылы пайдасын көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықта Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады.
Пайдасынан
айрылған бірінші фирма бағаны орташа
шығынға тең Р3 баға деңгейіне
дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға
орташа шығынға теңескенде екі фирманың
біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.
Баға қақтығысының нәтижесінде жетілген бәәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды; Р3= АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға қақтығысын» баға орташа шығынға теңескенге дейін жүргізеді.
«Баға қақтығысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ «баға қақтығысы» ұзаққа созылмайды. Олигополист фирмалар «баға қақтығысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан бұл үлгіні «жасырын келісімге келу» үлгісі деп атайды
Егер
фирмалар бір-бірімен жоғары баға белгілеу
арқылы пайданы көтеру туралы келісімге
келсе, нарықта картель пайда
болады. Картель
– баға мен өнім көлемін бірге анықтай
отырып, пайданы көтеру туралы келісімге
келетін өндірушілер тобы. Картель пайда
ең жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін
өзінің мүшелерінің арасында бөліп, әрқайсысының
үлесін анықтайды. Оны квота
деп атайды. Картельдің негізгі проблемасы
- әрбір фирманың үлесін (квотасын) анықтау
және оның орындалуына бақылау қою. Себебі
картельдің бағасымен пайданы көтеру
үшін жеке фирмалар өздерінің үлестерін
көбейтіп жіберсе, ол картель бағасының
төмендеуіне және пайданың жойылуына
әкеледі.
10.6.
Баға белгілеудегі жетекшілік
Олигополия нарығындағы өзара келісе отырып, баға белгілеу немесе нарықты бөлісу онай жұмыс емес және оған заң жұзінде тыйым салынған. Сондықтан олигополист фирмалар өзара келісімнің жасырын түрлерін кең қолданады. Соның бірі – баға белгілеудегі «жетекшілік».
Салада нарықтағы үлесі жоғары, техникалық және технологиялық жағынан қарастырсақ, басымды орын алатын фирмалар болуы мүмкін. Оларды «жетекшілер» десек, саладағы басқа фирмалар оның «жетегінде» жүреді. Фирмалардың осындай жағдайларын олардың баға ьелгілеу саясатынан көреміз. Баға белгілеудегі жетекшілікті жартылай монолия дейді. Жетекші фирма монополиялық баға белгілейді. Баға белгілеудегі жетекшілік моделі 91- суретте көрсетілген.
Жетекші
фирма-олигополист нарықтағы
Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qf өнім көлемін өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс qD= qж+ qF болады.
Неге
жетектегі фирмалар жетекшінің бағасын
қабылдайды? Оның екі себебін атауға болады.
Біріншіден, жетектегі фирмаларға салада
жетектейтін фирманың болғаны пайдалы.
Нарықта басымды орын алатын ірі фирмалар
ғана нарықты жан-жақты зерттей отырып,
нарықтық сұраныс туралы нақты ақпарат
жинайды. Сондықтан жетектейтін фирманыңбелгілеген
бағасын жетектеғілер оптимальды баға
ретінде қабылдайды. Егер жетекші фирма
бағасын өзгертсе, оны жетектегілер болашақтағы
сұраныс өзгерісінің белгісі деп түсінеді.
Екіншіден, жетектегі фирмалар уақытша
пайдаларын көтеру үшін өздерінің бағаларын
төмендете алады. Бірақ жетекші
фирма тарапынан «баға қақтығысының»
ашылуынан қорқады. Егер жетекші фирма
«баға қақтығысын» бастаса, жетектегі
фирмалар одан жеңіліп қалады. Себебі,
жетекші фирманың шығыны жетектегілердің
шығындарына қарағанда төмен.
Р,
С
Pж
MRж
Dж
91-сурет. Баға белгілеудегі жетекшілік.
Баға белгілеудегі жетекшілік саясатын жүргізу және экономикалық пайда алу нарыққа кіруге қойылған кедергілерге байланысты. Ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмалар кіруі мүмкін. Сондықтан олигополистер өздерінің экономикалық жағдайларын сақтап қалу үшін нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне баға тарапынан кедергі қояды. Ол үшін олигополистер салаға кіруге ынталы фирмалардың орташа шығындарын бағалай отырып, ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде баға белгілейді. Егер жаңа фирмалардың орташа шығындары салалық орташа шығыннан жоғары болса, салаға кіруге мүмкіндік болмайды. Себебі олигополист фирмалар белгілеген бағамен өнімдерді сату оларды банкроттыққа әкеледі.
Жетекші фирмалар нарықтан өзінің бәсекелестерін ығыстырып шығару үшін бағаны қысқа мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде белгілеулері де мүмкін. Бағаны түсіруден шеккен зиянды жетекші фирмалар ұзақ мерзімде қайратып алуға үміттенеді.
Баға
арқылы жаңа фирмалардың нарыққа
кіруіне кедергі қою немесе
бәсекелестерді нарықтан шығару мақсатымен,
олигополистер уақытша монополиялық биліктен
бас тартады.