Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 07:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Пайда экономикалық катеория ретінде. Пайда нысандары». Курстық жұмысты таңдау себебім нарықтық экономикада экономикалық категория ең маңызды мәселе болып табылады.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5
1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7
2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12
2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
Осы кестені қарағаннан қандай қорытынды шығаруға болады. Жетілмеген бәсеке негізінде фирма тепе-теңдігі, яғни шекті шығындар мен шекті табыстың теңдігі немесе (MC = MR) орта шығындар өзінің ең төмен деңгейіне жетпейтін өндірістің көлемі кезінде болады. Баға бұл кезде жеке өнімнің орта шығындарынан жоғары болады. Жетілмеген бәсеке кезінде MC = MR = P = AC теңдігі сақталады. Жетілмеген бәсеке кезінде (MC = MR) < AC < P график арқылы түсіндірейін. 2-суретте көрініп тұрғандай, фирма тепе-теңдік жағдайы E нүктесімен (MC және MR) қиылысу нүктесінде анықталады, одан ДД сұраныс қисық сызығына дейін тік сызық жүргіземіз. Осылайша барынша көп таза пайда қамтамасыз ететін бағаны білеміз. Бұл баға E1 деңгейінде орнығады. Торланған тік бұрыш монопольді пайданы көрсетеді.
Жетілген бәсеке жағдайында фирма сату бағасын төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. Өндіріс MC мен MR теңдігіне жеткен сәтке дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес те сол ережені басшылыққа алады. Өндірісті ұлғайту, тоқтату және қысқарту туралы шешім қабылдай отырып, ол қосымша табысты салыстырады, яғни өзінің MC және MR салыстырады. Ол өндіріс көлемі MC және MR теңдігіне дейін ұлғайтады. Бірақ өндіріс көлемі бұл кезде, жетілген бәсекеге қарағанда аз болады, яғни Q1 < Q2. Жетілген бәсекеге кезінде нақ E2 нүктесінде шекті шығындар (MC), орта шығындардың ең төменгі мәні (AC) және сату бағасының деңгейі (P) сәйкес келіп қалады. Егер (P2) бағасы E2 нүктесі деңгейінде орнықса, онда монопольді баға болмаған болар еді. Басқаша айтқанда жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда “қарапайым” пайданың деңгейінен асып түседі. Фирманың бағаны E2 нүктесі деңгейінде белгілеуі альтруизм деп қарауға болады. Бұл нүктеде MC = AC = P. Бірақ MC = MR. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер үшін өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.
Қоғам өндірістің үлкен көлемі мен жеке өнімге аз шығындарға ынталы. Q1 -ден Q2 -ге дейін шығарудың өсуі кезінде орта шығындар азаяр еді, бірақ онда қосымша өнімді өткізу үшін не бағаны төмендету, не сатуды ынталандыратын шығындарды көбейту керек. Бұл жол жетілмеген бәсекелес үшін жарамайды. Ол өз рыногын бағаны төмендету арқылы бұзғысы келмейді. Фирма бағаны барынша көбейту үшін шекті шығындардан асатын бағаға себепші болатын белгілі бір тапшылық жасайды. Жетілмеген бәсеке рыногы үлесінде монопольді пайда жетілмеген бәсеке белгіленген әдеттегі пайдадан артық пайда ретінде түсініледі. Монопольді пайда жетілген бәсекені бұзу ретінде, рыноктағы монопольді фактордың көрінісі ретінде көрінеді.
Маңызды
сұрақ: бұл артық пайда қарапайым
пайдадан көп қаншалықты тұрақты сақталады?
Ол осы салаға жаңа фирмалардың ену мүмкіндіктеріне
байланысты. Жетілген бәсеке кезінде қосымша
пайда салаға (әдеттегіден жоғары) жаңа
фирмалардың көптеп енуіне байланысты
тез жоқ болып кетуі мүмкін. Егер салаға
ену тосқауылдары жеткілікті жоғары болса,
онда монопольді пайда тұрақты сипат алады.
Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларының
бір саладан екінші салаға еркін сақталуына
жол ашады. Сондықтан жетілген бәсеке
жағдайында, неоклассикалық мектеп атап
көрсеткендей, нөлдік пайдаға деген тенденция
анық көрінеді. Нөлдік, пайданың жоқ болуы
емес, тек пайданың әдеттегі деңгейінде
болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Айналыс шығындары өнеркәсіп капиталына өнім бермейтін шығындар болып көрінеді және шыныда да солай. Көпеске бұл шығындар пайданың көзі болып көрінеді, ал пайда, - егер жалпы пайда нормасын жорамалдайтын болсақ, - сол шығындар көлеміне сәйкес болады. Сондықтан, осы айналыс шығындарына жұмсалатын қаражат сауда капиталына өнім беретін шығын болып көрінеді. Демек, ол сатып алатын сауда еңбегі де ол үшін - тікелей өнім беретін еңбек.
Айткан сөзді қорытындылай келетін болсақ, кәсіпкер үшін пайда ролін жэне қызметін білген өте қажет. Себебі Қазақстанның қазіргі экономикалық өтпелі кезеңінде капиталмен айналысу үшін экономикалық теорияның негізін, пайда табудың мәнін білу ең керек білімдердің бірі болып табылады. Егер капитал жүрмесе, кәсіпкер банкротқа ұшырайды, бірақ бұл қауіпке қарамастан бизнеспен айналысады, демек, ол рискке барады. Пайда таппаса, дами алмайды, демек, нарықтық экономикаға бейімделе алмайды. Неге? Өйткені кәсіпкер пайда табудың мәнін білмейді. Экономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныс қана қарастырылмайды, экономикалық теорияда жалпы экономиканың заңдылықтары зерттеледі.
Демек, пайда - нарықтық экономиканың негізі болып табылады.
Пайданың
нарықтық экономиканың негізі ретінде
қарастыра отырып, оның теориялары
мен мәнін, қызметін және экономикадағы
ролін қысқаша айту мүмкін емес, оған себеп
– жоғарыда айтылып кеткендей, пайда –
нарықтық экономиканың негізі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ